Шымкентте тәуелсіздіктің төл құрдастары марапатталды

Үшінші мегаполисте қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастырумен жастар ресурстық орталығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына, жастар саясаты мен қайырымдылыққа қосқан үлестері үшін бірқатар жастар марапат төрінен көрінді.

Сонымен қатар, белсенді қоғамдық қызметі үшін 30 жылдықтың озаттары, қаладағы тәуелсіздік құрдастары басқарма басшысының алғыс хатымен марапатталды.

Жиында сөз алған қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Ерлан Айтбаев азаттықтың ақ таңында дүниеге келген тәуелсіздік құрдастары мен түрлі салада жетістікке жеткен жастарға, еріктілер ұйымдарына алғыс хат табыстады. Ал, «Тәуелсіздік ұрпағы» мен «Жас волонтер» жобаларының арасында үздік шыққандарға құрмет көрсетілді. Олардың қатарында «ASAA» жастар ұйымы мен «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоры бар. Екі ұйымға да 1 млн теңгенің сертификаты тапсырылды.

– Тәуелсіздіктің 30 жылында еліміз сан түрлі қиындықтан өтіп, талай белесті бағындырды. Бүгінгі шараға шаһарымыздың әр ауданынан тәуелсіздік құрдастары, әртүрлі санаттағы жастардың белсенді өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, қала жастары қатысып жатыр. Еңселі елімізбен бірге өсіп, өркендеп келе жатқан жастардың бүгінгі қарқыны, білімге деген құлшынысы, қоғамдық қызметі көңіл қуантады, – деді Е.Садырбайұлы.

Орталық басшысының айтуынша, тәуелсіздік құрдастары жыл бойы ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға тәлімгерлік жасаумен, мүмкіндігі шектеулі балаларға тренингтер мен танымдық экскурсия ұйымдастыру сияқты қайырымдылық істермен айналысты. Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету және азық-түлік себеттерін тарату шараларын жүргізді.

x

Check Also

В Шымкентском городском перинатальном центре проводятся высокоточные бактериологические исследования

В бактериологической лаборатории Шымкентского городского перинатального центра проводится 35 видов бактериологических исследований, и более 400 типов микроорганизмов выявляются в течение ...

Шымкент қалалық перинаталдық орталығында жоғары дәлдіктегі бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі

Шымкент қалалық перинаталдық орталығының бактериологиялық зертханасында бактериологиялық зерттеудің 35 түрі жүргізіледі және 400-ден астам микроорганизм түрі 24-48 сағат аралығында анықталып, ...