Шымкенттің бас дәрігері ревакцинация жасады

Шымкентте коронавирусқа қарсы ревакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. 9 ай бұрын инфекцияға қарсы вакцина алған азаматтар қазір медициналық ұйымдарда қайта екпе салдыруда. Бүгін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов коронавирус инфекциясына қарсы екпенің үшінші құрамдас бөлігін салдырды.

Басқарма басшысы тіркелген емханасына барып, отандық QazVac екпесін алды. Б.Позилов ревакциналау сәтін «Instagram» желісіндегі парақшасында тікелей эфирде көрсетіп, тұрғындар сауалына жауап берді.

Медицина мамандарының айтуынша, бұған дейін екі компонентті салдырған адамның ағзасында ковидке қарсы антиденелер қалыптасады. Екпеден кейін қалыптасқан иммунитет арада бірнеше уақыттардан кейін төмендей бастайды. Ал ревакцинация ағзада қалыптасқан иммунитетті қайта қалпына келтіріп, инфекциядан қорғану жүйесін арттырады. Сол себепті үшінші кезең бойынша екпе алатындарға бір ғана дозадан вакцина салынады.

Бүгінге дейін Шымкент қаласында ковидке қарсы екпенің үшінші құрамдас бөлігі 415 адамға салынды.

x

Check Also

Шымкент: Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасы аясында алты отбасына жаңа пәтерлер берілді

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру қолға алынған болатын. Бірінші кезеңде Реновация ...

Мақсат — татулықты тұғырынан түсiрмеу

Бүгін «Достық үйінде» Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Сәрсен Құранбектің төрағалығымен Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің ...