Шымкентте «Анаға хат» шығармашылық байқауы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте «Анаға хат» шығармашылық байқауы өтті

Шымкентте бірінші рет пилоттық жоба ретінде «Анаға хат» шығармашылық байқауы онлайн түрінде ұйымдастырылды. Байқауға Абай ауданы аумағындағы бес мектептің оқушылары қатысты. Байқау екі кезең бойынша өткізілді. Қазылар алқасы байқауға түскен 49 оқушының шығармаларымен танысып, жүлдеге сай жұмыстарды марапаттауға ұсынды. Байқаудың екінші кезеңі «Саз» колледжінде жалғасты.

Жоба авторы, айтыскер-ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Ақмарал Леубаева қатысып, жастарға жүрекжарды лебізін білдіріп, арнауын жеткізді. Байқау қорытындысы бойынша, көпшілік алдында шығармаларын оқыған оқушылар жеңімпаз деп танылып, түрлі номинацияға ие болды. Ал, ең ұшқыр ойлы, әсерлі, мағыналы жазылған 4 шығарма иелері Абай ауданы әкімінің арнайы жүлдесімен марапатталды.

Сонымен бірге, демеушілер дайындаған смартфон мен планшеттер табысталды. Шығармаға белсендік танытқан мектеп ұстаздарына да аудан әкімінің алғыс хаты берілді. Аталған жоба алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...