Шымкентте өнеркәсіп өнімінің көлемі 632,5 млрд теңгеге жетті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте өнеркәсіп өнімінің көлемі 632,5 млрд теңгеге жетті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралды. Селекторлық жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты.

Шымкентте өнеркәсіп саласында 718 кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда, оның ішінде 605 өңдеу өнеркәсібінің үлесінде. Өнеркәсіп өнімінің көлемі биыл 10 айда 632,5 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,7 пайызға артты. Бұл көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы республикада 6 орында.

Жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімінің көлемі 750 млрд. теңгені құрайды деп күтілуде. Өңдеу өнеркәсібінде 551,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 5,3 пайызға өскен. Бұл көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы 9 орында. Өңдеу өнеркәсібі саласында 22 мыңнан астам адам жұмыс жасауда. 10 айда қалыптасқан жағдай және өңдеу өнеркәсібінің салаларына жасалынған талдау нәтижесі негізгі салаларда тұрақты өсу динамикасы қалыптасқанын көрсетті.

Атап айтқанда, мұнай өңдеу өнімдерін өндіруде 7%, машина жасауда 60%, фармацевтика өнеркәсібінде 3%, жеңіл өнеркәсібінде 2%, сусындар өндіруде 11%, дайын металл бұйымдарын өндіруде 27%, химия өнеркәсібінде 32%, жиһаз өндіруде 25 пайызға өнім көлемі артқан.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...