Түркістанда «Бәрімізге ортақ әлем» атты іс-шара өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда «Бәрімізге ортақ әлем» атты іс-шара өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық» үйінде «Бәрімізге ортақ әлем» атты іс-шара өтті. Басқосудың басты мақсаты – қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту, мәдени әралуандықты дәріптеу, ортақ құндылықтар төңірегінде азаматтық бірлікті қалыптастыру және қоғамдағы ізгі бастамаларды қолдау.

Жиынға Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанар Бектаева қатысып, өз сөзінде ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, өңірдегі этносаралық татулықты нығайтуға үлес қосқан азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттап, «Бірлікке үн қосқан» республикалық этномәдени бірлестіктер фестивалінің жеңімпаздарына арнайы дипломдар табыстады.

Жиын барысында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң вице-ректоры Еділ Төлегенов пен Сайрам аудандық неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Александра Утвенко құттықтау сөз сөйлеп, ынтымақ пен өзара құрметтің қоғам дамуындағы рөліне тоқталды. Сондай-ақ, «Қоғамға қосқан үлесім» тақырыбында өткен тәжірибе алаңында Райымжан Қошқаров, Әсел Бимырзаева және Шарафжон Файзиев қайырымдылық, еріктілік, әлеуметтік жобалар мен қоғамдық бастамаларға қатысу тәжірибелерімен бөлісті. Басқосу барысында «Бірлікке үн қосқан» республикалық фестивалінің жеңімпаздары өнер көрсетіп, ән мен би арқылы достықты, мәдени үндестік пен Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысында жылу беру кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі жүйесі кеңейтілуде

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылу беру маусымының өту барысы, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары талқыланды. Жиынға Түркістан ...

Н.Көшеров: «Кітап оқитын ұлт» жобасы тұтас өңірді қамтып, сапалы жүзеге асуы тиіс

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында «Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын өңірде сапалы әрі ...