Түркістанда «Бәрімізге ортақ әлем» атты іс-шара өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда «Бәрімізге ортақ әлем» атты іс-шара өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық» үйінде «Бәрімізге ортақ әлем» атты іс-шара өтті. Басқосудың басты мақсаты – қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту, мәдени әралуандықты дәріптеу, ортақ құндылықтар төңірегінде азаматтық бірлікті қалыптастыру және қоғамдағы ізгі бастамаларды қолдау.

Жиынға Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанар Бектаева қатысып, өз сөзінде ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, өңірдегі этносаралық татулықты нығайтуға үлес қосқан азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттап, «Бірлікке үн қосқан» республикалық этномәдени бірлестіктер фестивалінің жеңімпаздарына арнайы дипломдар табыстады.

Жиын барысында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң вице-ректоры Еділ Төлегенов пен Сайрам аудандық неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Александра Утвенко құттықтау сөз сөйлеп, ынтымақ пен өзара құрметтің қоғам дамуындағы рөліне тоқталды. Сондай-ақ, «Қоғамға қосқан үлесім» тақырыбында өткен тәжірибе алаңында Райымжан Қошқаров, Әсел Бимырзаева және Шарафжон Файзиев қайырымдылық, еріктілік, әлеуметтік жобалар мен қоғамдық бастамаларға қатысу тәжірибелерімен бөлісті. Басқосу барысында «Бірлікке үн қосқан» республикалық фестивалінің жеңімпаздары өнер көрсетіп, ән мен би арқылы достықты, мәдени үндестік пен Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Барлық сөздікті, соның ішінде орфографиялық сөздікті жаңартатын уақыт келді

Осы жерде тағы бір өзекті мәселеге тоқталып өткен жөн деп санаймын. Бұл – тілдегі бірізділік мәселесі. Өкінішке қарай, қазір қазақ ...

«Бірлік бар жерде тірлік бар», бұл – өмірдің талай сынағынан өткен ақиқат

Біз бір-бірімізге құрмет көрсетіп, өзара сыйластықпен қарап, ынтымағымызды нығайта беруіміз қажет. Тіл – баршамызға ортақ құндылық. Тіл – Алланың құдіретінің ...