Шымкентте 56 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте 56 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды

Тұрғын үй қорын дамыту және халықтың түрлі санатын баспанамен қамту жұмысы жалғасуда. Осы бастама⠀аясында «Отбасы банк» АҚ арқылы «Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру» бағыты бойынша тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған пәтерлер бөлініп отыр.

Бүгін қаламызда 56 отбасыға «Асар-2», «Бозарық» және «Тұран» шағынаудандарында орналасқан жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Осы ретте тұрғындарға кейіннен сатып алу құқығымен несиелік және жалға берілетін баспана берілді.

Пәтер алғандардың қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы және толық емес отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер бар.

Айта кетейік, 56 отбасы үшін баспаналы болу⠀көптен күткен сәт әрі өміріндегі маңызды кезең болды. Тұрғындар көрсетілген қолдауға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға жасалған мүмкіндікке алғысын білдірді.

➖

В Шымкенте 56 семьям вручили ключи от новых квартир

В Шымкенте продолжается работа по развитию жилищного фонда и расширению возможностей для получения жилья различными категориями населения.

Сегодня еще 56 семьям вручили ключи от новых квартир, расположенных в микрорайонах «Асар-2», «Бозарык» и «Туран». В церемонии принял участие аким города Габит Сыздыкбеков.

Квартиры предоставлены АО «Отбасы банк» в рамках направления «Реализация мер государственной поддержки» по развитию жилищно-коммунальной инфраструктуры. Горожанам передано как кредитное, так и арендное жильё с правом последующего выкупа.

Среди получателей лица с инвалидностью, семьи, воспитывающие детей с особыми потребностями, многодетные и неполные семьи, вдовы, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, а также государственные служащие.

Стоит отметить, для 56 семей получение ключей стало долгожданным событием и важным этапом в жизни. Жители выразили благодарность за оказанную поддержку и возможность улучшить свои жилищные условия.

x

Check Also

Шымкентте Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында «Ордабасы» командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

Шымкентте футболдан Қазақстан чемпионы атанған «Ордабасы» клубының жеңісіне арналған мерекелік шара өтті. «Астана» алаңында ұйымдастырылған салтанатты кешке қала тұрғындары мен ...

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...