Түркістан: Индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы талқыланды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы талқыланды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында III тоқсан қорытындысы бойынша рейтингтік индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы, жыл соңына дейінгі болжамды нәтижелер мен қала аумағында анықталған кемшіліктер қаралды.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Олжас Бөлегенов негізгі көрсеткіштердің орындалу барысы туралы баяндады.

Қала әкімі жыл соңына дейін жоспарлы межеге қол жеткізу үшін жауапты бөлімдерге салықтық түсімдер мен бюджет кірістерін арттыру, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу, тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамту және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ, Ұлттық сапа орталығының зертханалық тексеруі нәтижесінде жол сапасына қатысты анықталған кемшіліктерді екі апта ішінде жою міндеттелді. Инвестиция тарту, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту бағытында да нақты жобалар әзірлеу тапсырылды.

Мәжілісте сондай-ақ, қала аумағында анықталған кемшіліктер бойынша жауапты бөлімнің есебі тыңдалды.

Жиын қорытындысында қала әкімі барлық тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын, ал индикаторлық көрсеткіштердің жыл соңына дейін толық қамтамасыз етілуін қатаң бақылауға алуды тапсырды.

x

Check Also

Н.Көшеров: «Кітап оқитын ұлт» жобасы тұтас өңірді қамтып, сапалы жүзеге асуы тиіс

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында «Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын өңірде сапалы әрі ...

Дуальды оқыту жүйесі бойынша тәлімгерлердің біліктілігін арттыру курсы өтті

Түркістан облысында дуальды оқыту жүйесін дамыту және кәсіпорындардағы тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бүгін осы мақсатта кәсіпорындар мен ...