Түркістанда көкпардан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының жалауы көтерілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда көкпардан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының жалауы көтерілді

Түркістан қаласындағы атшабарда көкпардан жасөспірімдер арасындағы XIV Қазақстан Республикасының чемпионаты салтанатты түрде ашылды.

Ұлттық спорттың мәртебесін көтеріп, жас шабандоздардың шеберлігін шыңдауды мақсат еткен дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен 12 команда сапында 143 спортшы қатысуда.

Жарыстың ашылу салтанатында Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, ҚР Ұлттық және ат спорты орталығының басшысы Қайрат Пазылбеков және ҚР көкпар федерациясының вице-президенті Қуанышбек Құрамаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ ұлттық мұраны дәріптеп, көкпар спортының дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғыстарын білдірді.

Көкпар бәсекесінде жас шабандоздар күш-қайратын, ептілігі мен ат үстіндегі шеберлігін көрсетіп, ел чемпионатының үздіктерін анықтайды.

8-15 қараша аралығында өтетін чемпионат – ұлттық спорттың өрісін кеңейтіп, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты, батылдық пен намысты қалыптастыруға бағытталған маңызды дода.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Дуальды оқыту жүйесі бойынша тәлімгерлердің біліктілігін арттыру курсы өтті

Түркістан облысында дуальды оқыту жүйесін дамыту және кәсіпорындардағы тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бүгін осы мақсатта кәсіпорындар мен ...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде Қазақстан спортшылары Жапонияда өткен ХХ Жазғы Азия ойындары мен V Азия параойындарында тамаша нәтиже көрсетіп, ...