Түркістанда аялдамаларға тазалық жұмыстары жүргізілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда аялдамаларға тазалық жұмыстары жүргізілді

Түркістан қаласында қоғамдық көлік аялдамалары мен олардың айналасындағы аумақтарға тұрақты түрде тазалық жұмыстары жүргізілуде. Бүгін қала аумағындағы барлық аялдамалардың павильондары мен орындықтарын жуу, айналар мен басқа да элементтерді тазалау, сондай-ақ бұзылған немесе тозған жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылды.

Қазіргі таңда қала бойынша жалпы 683 аялдама нысаны қызмет көрсетуде. Қосымша 100 аялдама орнату жоспарланған, қазіргі таңда 78 аялдама пайдалануға берілді.

Қоғамдық көлік аялдамаларының тазалығын қамтамасыз ету, қала инфрақұрылымын жақсарту, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау күнделікті әкімдік тарапынан қатаң бақылауда.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...