«Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды

Рухани мекен Түркістанда неке қию рәсімін ұтып алыңыз.
Халқымызда неке – қасиетті ұғым, беріктік шарты, отбасы құрудың негізі. Біз ғашықтарға рухани астана – Түркістанда неке қиюдың барлық жөн-жоралғысын өткізу мүмкіндігін сыйлаймыз!
 
20 сыйлықтың бірін ұтып алыңыз
«Шаңырақ» номинациясының жеңімпазына:
• Бару-қайту билеттері (ұшақ немесе көлік)
• 2 күн қонақ үйде тұру
• ⁠фотосет
• ⁠ неке қию рәсімі
• ⁠кешкі асқа жолдама
 
«Махаббат» номинациясының 4 жеңімпазына:
• 2 күн қонақ үйде тұру
• ⁠фотосет
• ⁠неке қию рәсімі
 
«Ару» номинациясының 4 жеңімпазына:
• фотосет
• ⁠неке қию рәсімі
• ⁠кешкі асқа жолдама
 
«Жанұя» номинациясының 11 жеңімпазына:
• неке қию рәсімі
• ⁠фотосет
• ⁠сыйлық беріледі.
 
Байқау шарттары:
Байқауға ресми некедегі және өтінім берерде неке қию туралы куәлігі бар 18 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Үміткерлер neketour-turkistan.com сайтындағы өтінішті толтырып, жолдаулары қажет.
Өтініштерді қабылдау 3-9 сәуір аралығында жүргізіледі.
 
Жеңімпаздарды байқау комиссиясы анықтайды. Нәтижесі 2024 жылдың 10 сәуірінде жарияланады.
Сыйлықтарды табыстау және жеңімпаздарға арналған арнайы бағдарлама 15-16 сәуір аралығында Түркістан қаласында өтеді.
 
Толық ақпаратты парақшаның басты бетіндегі сілтемеге өтіп біле аласыздар.
Репост жасап, өз сторисіңізде бөлісіңіз
 
Іс-шараның ұйымдастырушысы: Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы жанындағы «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы