Шымкент

Туристік қызмет көрсететін кәсіпкерлерге ұсынылатын мемлекеттік қолдаулар

2019 жылдың басында елімізде күнделікті қолданатын тауарлар мен қызметтерге арналған «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы бастау алды. Үш жыл ішінде өзінің тиімділігін көрсеткен бағдарламаны Мемлекет басшысы 2022 жылға ұластыру туралы шешім қабылдады. Бағдарламаны дамыту — халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыру үшін бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру, күрделі технологияларды қолдануды талап етпейтін өнімдерді кең ...

Читать далее »

Индустрияландыру картасына 17 жоба енгізген Шымкентте оң серпін байқалады

Қазақстан Республикасының Премъер-министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің бүгінгі отырысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Эпидемиологиялық ахуал жөнінде хабарлаған еліміздің Денсаулық сақтау министрі А.Цой, Қазақстанда вакцинаның 1-компонентін 7,5 млн-нан астам адам алып, вакцинациялануы тиіс халық санының 75,8 пайызына жеткендігін айтты. 2-компонентпен 6,4 млн-нан астам адам қамтылып, екпе алуы қажет халықтың 64,7 пайызына жеткен. Шымкент қаласында вакцинаның бірінші компонентін 516 625 адам алып, ...

Читать далее »

«Ордабасы» — «Каспий» 1:1

Футболдан премьерлига командалары арасында ел чемпионатының 22 тур ойындары өтті. Шымкентте Ақтаудың «Каспий» командасын қабылдаған «Ордабасы» 1-1 есебімен тең тарқасты. Алаң иелері сапынан украиналық легионер Дмитрий Хлебас өзінің алғашқы голын салды. Қонақтар құрамында Аслан Дарабаев есепті теңестірді. Чемпионаттың басында алтын медаль аламыз деп,жанк.йерлерін желпінтіп қойған «Ордабасы» маусымның ортасында тығырыққа тірелді. Қыруар қаржы алсада жергілікті футболшылардан артық емес легионерлердің біразы командадан кетіп қалды. Онымен ...

Читать далее »

Шымкентте ішкі істер органдары реформалануда

Шымкентте тәртіп сақшыларының қызметі сервистік модельге көшуде. Бұл жүйе полиция мен қоғамға қауіпсіздікке қатысты мәселелерді бірігіп шешуге мүмкіндік береді. Қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Алмас Әмзеев жаңа модельдің артықшылықтарына тоқталып, саладағы кадрлық саясатты баяндап берді. Полиция – елішілік тұрақтылық пен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей жауапта орган. Ендеше, оның жұмысын жетілдіріп, заман талабына сай реформалап отыру – уакыт талабы. Жасыратыны ...

Читать далее »

Полиция департаменті бастығының орынбасары қайта құрылым бойынша брифинг берді

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының орынбасары, полковник Алмас Әмзеевтің қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Алмас Балтабайұлы қайта құрылым туралы айтты.   – ҚР ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі «2019–2021 жылдарға арналған Жол картасы» бойынша жол-патрульдік полиция «патрульдік полиция» болып қайта құрылды. Қазіргі уақытта саптық бөліністердің сержанттар құрамының лауазымдарын офицерлік лауазымдарға кезең-кезеңімен ауыстыру жүргізілуде. Бұл ретте кадрларды іріктеу ...

Читать далее »

Шымкент: алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының орынбасары, полковник Серік Ергешовтің қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Серік Жүрсінбайұлы қаржы пирамидасы мен алаяқтық туралы баяндады. – Бүгінде өзекті мәселенің бірі – қаржылық пирамидалар. Қазіргі таңда Департаменттің өндірісінде ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабына сәйкес қаржылық пирамидаларды құру бойынша 8 іс жан-жақты тергеліп, сотқа жолдануда. Осыған байланысты 3 393 жәбірленуші зардап шегіп отыр, ...

Читать далее »

Шымкентте туризм саласының әлеуеті жоғары

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «SHYMKENT 2200: туристік креативті қала бейнесі» атты іс-шара аясында «Көрме» орталығында ұйымдастырылған көрмеге қатысып, қонақтармен бірге шаһардың туристік әлеуетін танытатын экспозицияны тамашалады. —Шымкент қаласы өзінің бәсекелестік ортадағы артықшылықтарын ұтымды пайдалана білсе, отандық туризімнің тірек-орталығына айнала алады. Мәселен, қаладағы Сайрам тұрғын алабында сопылық ілімнің негізін қалаушы Қожа Ахмет Яссауидің ата-анасының кесенелері бар. Яғни, оңтүстік өңірдегі сакралды ...

Читать далее »

«ҰЛАҒАТ» аналар мектебі

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназиясында Тәрбие саласының ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ бағытындағы іс-жоспарына сәйкес «Ұлағат» аналар мектебі өз жұмысын бастады. 24.09.2021 ж. күні Аналар мектебі «Қызың болсын моншақты» тақырыбымен кездесу ұйымдастырып, оған Облыстық «Әжелер алқасының» мүшелері, қазақ ұрпағына өмірлік ұстаным, көрегенділік тәлім-тәрбие беруде белсенділік танытып жүрген әжелеріміз шақыртылды. Кездесуді Мектеп директоры Кайкенова Гулсара Жумаділлақызы ашып беріп шақыртылған қонақтарға ...

Читать далее »

“65 ТАLKS” зияткерлік жобасының тұсауы кесілді.

Ы.Алтынсарин атындағы #65 мектеп-гимназияның мәжіліс залында алғаш рет “65 ТАLKS” зияткерлік жобасының тұсауы кесілді. TEDx форматында өткізілетін аталмыш жоба мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Утебаева Динара Калмуратовнаның жетекшілігімен ұйымдастырылған болатын. Жобаның координаторлары — өте білімді де білікті ұстаздар, өз ісінің нағыз майталмандары, жаңашыл да креативті мектебіміздің ұстаздары жобаның тізгінін ұстады: — қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Абильдаева Ақбөпе ...

Читать далее »

Шымкентте «Жомарт жүрек» лауреаттары марапатталды

Шымшаһарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлері анықталды. Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан туған жерін түлетуге ат салысып, мұқтаж жандарға көмек қолын созып жүрген бір топ азаматқа алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарды табыстады.   – Бүгінгі басқосу Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, шымкенттіктер мақтан ететін жомарт жүректі азаматтарға арналады. Қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі ...

Читать далее »

Биыл ашылған мектептер циклі «Ali-T» ағылшын бастауыш мектебі

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында 2025 жылға дейін салынатын мектеп санын мыңға жеткізуді міндеттеп, мектептерді салуға мемлекеттік бюджеттермен қатар жеке секторды да тартуды тапсырған болатын. Шымкент қаласында бұл бағыттағы жұмыс қарқын алып, үшауысымды мектеп мәселесін шешуде жекеменшік мектептердің де әсері бар. Жан басына қаржыландыру арқылы ҚР білім беру стандартына сәйкес жұмыс жүргізуді бастаған білім мекемесінің бірі – «Ali-T» ағылшын бастауыш ...

Читать далее »

«Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» конкурсына 70-тен аса өтінім түсті

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынған «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» конкурсына өтінім беру кезеңі аяқталды. Жалпы, конкурсқа алты сала бойынша 70-тен аса өтінім түскен. Олар – медиа, IT-жоба, креативті архитектура, туризм саласындағы креативті қызметтер, қаланың қолөнер бренді және гастрономия (Шымкент дәмі).   Өтінімдердің басым бөлігі IT-жоба мен креативті сәулет салаларының үлесінде. Әр жобада Шымкент ...

Читать далее »

Шымкент: құқық қорғау қызметкерлері халықпен тікелей байланыста

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полковник Мұрат Алтаевтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз жиынында Мұрат Ерназарұлы полиция қызметкерлерінің негізгі атқаратын жұмыстарын айтты.   – Учаскелік полиция инспекторлары – тікелей халықпен қызмет атқаратын полиция өкілі. Олар бұрын сотты болғандарды, мас халде және отбасылық тұрмыста жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында әкімшілік аумағын аралайды. Бұл ретте әкімшілік паспортын жүргізеді. ...

Читать далее »

Шымкентте Дүниежүзілік туризм күні аталып өтілуде

Шымшаһардағы ескі қалашық тарихи кешенінде «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» форум-көрмесі бастау алды. 27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күніне орай қалалық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен және Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен ауқымды іс-шара өтті. Екі күнге созылатын форумның бірінші бөлімі «Қазақ ауылынан» басталды. Жиында сөз алған қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мегаполистің туристік әлеуеті мен ...

Читать далее »

Шымкентте креативті жобалар бойынша форум-көрме басталды

Шымкент қаласында Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен және Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» форум-көрмесі бастау алды. 27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күніне орай екі күнге созылатын форумның алғашқысы «Қазақ ауылынан» басталды.   Шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов: Шымкент – туристік әлеуеті жоғары, 2200 жылдық тарихы бар, еліміздегі өзінің тарихи ...

Читать далее »

Қала жастарының қатысуымен сенбілік өтті

Бүгін Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің ұйымдастыруымен «Birgemiz: TazaAlem» жалпыұлттық жобасы аясында кезекті «Eco Sana» сенбілігі өткізілді. Жобаның мақсаты – жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған. Ең бастысы қоқыс тазалау емес, қоқыс тастамау болып табылады. Сенбілік Шымкент қаласы Сәуле мөлтек ауданында өтті. Қозғалыс барысында көшпелі түрде күл-қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан ...

Читать далее »

Шымкент сахнасында «Гамлет» трагедиясы қойылды

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында ағылшын классигі У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы қойылымы өтті. Театр әртістері өз рөлдерін жоғары деңгейде сомдап шықты. Әлемдік драматургияның ұшар шыңы болып саналатын Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы сан ғасырлар бойы әлем театр репертуарларынан түспей келе жатқан жауһар дүние. Адамзат бойындағы пендешілік болмысынан шошынған Гамлет — адалдық пен әділдіктің жолында күрескен, пәлсапалық тұрғыдан шешімін тапқан биік ...

Читать далее »

Аудан әкімі жастармен кездесті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Б.Пармановтың қатысуымен аудан әкімі жанындағы жастар кеңесі өтті. Аудан әкімі Абай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» бөлімшесінің жұмыс барысымен танысып, жастармен тілдесті. Аталмыш шарада Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысының орынбасары Ерлан Альжанов презентациялық баяндама жасады. Онда орталықтың бірінші қабаты жастарға қызмет көрсету, екінші қабаты релакс зона және коворкинг, үшінші ...

Читать далее »

Шымкентте карантин режимі ұзартылды

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев қала аумағында карантин режимін ұзарту туралы жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24». Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 қыркүйектегі №31 «Шымкент қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын және карантин режимін ұзарту туралы» қаулысы шықты. «Шымкент қаласында карантин режимі және коронавирус инфекциясының таралууының алдын алу ...

Читать далее »

Шымкентте 411 мыңға жуық адам вакцинаның екі компонентін салдырды

Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус анықталған жүз жиырма екі жағдай тіркелді. Белгілері бар –106, белгілері жоқ –16. Індет жұқтырған елу төрт адам инфекциялық стационарға жатқызылып, алпыс сегіз адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы мың төрт жүз он үш орын бар, төсек орын толымдығы 44%-ды құрайды, жеті жүз тоқсан төрт төсек орын бос. Инфекциялық стационарда алты жүз ...

Читать далее »