Шымкент сахнасында «Гамлет» трагедиясы қойылды

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында ағылшын классигі У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы қойылымы өтті. Театр әртістері өз рөлдерін жоғары деңгейде сомдап шықты.

Әлемдік драматургияның ұшар шыңы болып саналатын Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы сан ғасырлар бойы әлем театр репертуарларынан түспей келе жатқан жауһар дүние. Адамзат бойындағы пендешілік болмысынан шошынған Гамлет — адалдық пен әділдіктің жолында күрескен, пәлсапалық тұрғыдан шешімін тапқан биік тұлға.

Трагедияның қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Құрманғожаев
Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов

Қойылым бүгін — 25 қыркүйек сағат 19.00-де көрермен назарына ұсынылатын болады.
Баршаңызды театрға шақырамыз.

Мекен жайы: Нұрсәт ш/а. Н.Назарбаев даңғылы 6.
Анықтама тел: 77-10-43, 8 778 249 59 20