Шымкент

ШЫМКЕНТТЕ САПАЛЫ ЖОЛДАР ҮЛЕСІ 80 ПАЙЫЗҒА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Шымкент қаласы бойынша Нұр Отан партиялық сайлауалды бағдарламасы негізінде жасалған Жол картасында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 2025 жылға дейін 80 пайызға жеткізу жоспары қойылған. Биыл жол-құрылыс жұмыстарымен 311 шақырымнан астам жол қамтылды. Жыл соңына дейін аталған жолдардың 270.3 шақырымы пайдалануға беріліп, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 63,6 пайызға жеткізіледі. Жалпы қалада жол және көлік инфрақұрылымы бойынша жұмыстар қарқынды түрде ...

Читать далее »

Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот

Халық тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесін қолдауда Абай ауданы аумағында Мүлік иелерінің бірлестігі (МБ) және Жай серіктестік (ЖС) бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, Абай ауданы аумағында 453 көпқабатты тұрғын үйлер бар. Оның 374-і кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасынан тіркелген. Бүгінгі таңда аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде мүлік иелерінің бірлестігі мен жай серіктестік құрудың тиімділігін түсіндіру бойынша тұрғындармен 372 жиналыс ұйымдастырылған. Нәтижесінде, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ РАДИО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып бекітілді. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында елімізде алғаш рет тойланып отырған жаңа мереке Шымкент қаласында аталып өтілді. Мерекелік жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, «Шалқар» радиосының бұрынғы бас-редакторы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбек, «Қазақ радиосының» бұрынғы Бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Махат Кәбірұлы, «Шалқар» ...

Читать далее »

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚАРТТАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін 1 қазан — Халықаралық қарттар күні. Осыған орай Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаевпен бірге ардагерлердің шаңырақтарына арнайы барып, оларды мерекемен құттықтады. Бар ғұмырын қажырлы еңбек пен елінің өсіп-өркендеуіне арнаған қарттарға құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар тарту етті. Қала басшысы құттықтауын тыл ардагері Болысбек Әлімбекұлының шаңырағынан бастады. Қариямен әңгімелескен Мұрат Әйтенов ақсақалға ұзақ ғұмыр, мықты ...

Читать далее »

Шымкентте еліміздегі бірегей кәсіпорын аллюминий банкалар өндірісі іске қосылады

Шымкент қаласында жыл соңына дейін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен қаржыландырылған Қазақстандағы бірегей кәсіпорын – «KazAlPack» аллюминий банкалар өндірісі іске қосылады. Индустрияландыру картасына енген бұл жоба «Оңтүстік» индустриалды аймағында жүзеге асырылуда. Бүгінде құрылысы қарқынды жүргізілуде.   Жыл соңына дейін жүз қырық бес жұмыс орнымен ашылатын бұл жобаны іске асыруға 23,4 млрд теңге инвестиция тартылса, он тоғыз млрд теңге көлеміндегі соманы «Қарапайым ...

Читать далее »

COVID-19: Шымкенттегі эпид-ахуал

Шымкент қаласында өткен тәулікте 126 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ он бес тасымалдаушы тіркелді. Індет жұқтырған елу екі адам инфекциялық стационарға жатқызылып, жетпіс төрт адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 413 орын бар, төсек орын толымдығы 36%-ды құрайды, 901 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 512 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде ...

Читать далее »

Мүлік иелері бірлестігін (МИБ) институтын енгізу мәселелері талқыға түсті

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының ұйымдастыруымен мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ) институтын енгізу жөніндегі реформаны іске асыру және 2021-2022 жылғы қысқы жылыту маусымына дайындық бойынша жиын өтті. Аталған іс-шараға аудандық әкімдіктердің және басқа да тиісті мекемелердің қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда, ҚР Кооперативтер Ұлттық қауымдастығының президенті Қ.Шайх мүлік иелерінің бірлестігі институтын енгізу бойынша өз пікірін ортаға салды. Жиында Нұр-Сұлтан ...

Читать далее »

Шәкірттерін ғарышқа баулыған

Шынайы тәрбие белгілі бір ережелерден емес, жаттығулардан құралады. Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған мектеп-интернатының физика және астрономия пәнінің мұғалімі Қалида Қаймакбаева 15 жылдан бері осы ұстаныммен шәкірттерін тәрбиелеп келеді. Қазіргі жаңартылған білім мазмұнында да оқушыға білім беруде стандарттан тыс, логикалық жаттығулар көп кездеседі. Демек ұстаздар үйрету барысында ерекше тәсілдермен баланы білімге баулыса – заман көшімен қатар жүргені. Қаладағы №2 мамандандырылған мектеп-интернатының ...

Читать далее »

Туристік қызмет көрсетуші кәсіпкерлерге ұсынылатын мемлекеттік қолдаулар

Ел экономикасына әсер ететін фактордың бірі – туризм. Туризмнің дамуында туристік қызмет көрсетуші компаниялардың үлесі зор. Сондықтан мұндай компаниялардың туристерге қолайлы бағдарлама ұсынып, жоғары сапалы қызмет көрсетуі үшін оларға деген мемлекеттік қолдау да артып келеді. Туристік қызмет көрсетуші кәсіпкерлерге ұсынылатын келесі мемлекеттік қолдаудың түрі – нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы. ШАҒЫН НЕСИЕЛЕНДІРУ ...

Читать далее »

Шымкентте “SHYMKENT MARATHON 2021” марафоны өтеді

Шымкентте «Shymkent Marathon 2021» атты жылдың ең ірі спорттық іс-шарасы өтеді. Биылғы жарыс ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып отыр. Дәстүрлі марафон Шымкентте осымен бесінші жыл ұйымдастырылып отыр. ⁣⁣⠀ Үшінші мегаполисте өтетін марафонға қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен әуесқойлар мен спорт сүйер қауым келеді. 10 қазанда өтетін марафонның жүлде қоры 7 млн теңгені құрайды. ⁣⁣⠀ ⁣⁣⠀ Қатысушылар қатарына қосылу үшін shymkent-marathon.kz, royalfitness.kz ...

Читать далее »

Қаратау ауданы аумағы абаттандырылуда

Шымкент қаласы Қаратау ауданында көркейту, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы мақсатта аудан аумағындағы «Ақжайық» шағынауданының №63/27, 69/36, 69/37, 69/38, 69/40, 69/43,69/ 44 тұрғын үй аулаларында іске асып жатқан балалар ойын алаңшасының абаттандару жұмыстарымен Қаратау әкімінің орынбасары Қ.Қалдықараев аралап көрді. Тұрғындармен кездесіп, үйлердің ауласында атқарылатын абаттандыру жұмыстарымен таныстырды. Аталған алаңшаның құрылыс жұмыстары «Нуреке Азия Бизнес» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. ...

Читать далее »

Шалғайдағы шағынаудандарды сапалы электр қуатымен қамту үшін 8 станция іске қосылады

Сайлауалды бағдарламасы аясында әзірленген «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Жол картасының бесінші бағыты Шымкент қаласындағы шалғай елді мекендерді көркейту. Мәселен, шалғай орналасқан шағынаудандарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға дейін сегіз қосалқы электр станция іске қосылады. Биылғы жылы оның үшеуі іске қосылса, оның біреуі тамыз айында шаһардың солтүстік бөлігін сапалы электр қуатымен қамтитын «Бозарық» қосалқы станциясы ...

Читать далее »

Шымкентте бейнебақылау камераларының саны артуда

Биыл Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес қаламыздағы жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында ұлттық бейнемониторинг жүйесін құра отырып бейнебақылау камераларын орнату тапсырылған болатын. Осыған сәйкес, бейнебақылау камераларын орнату үшін полиция департаментімен мекенжай бағдарламасы әзірленіп бекітілді.   Мекенжай бағдарламасында мың бес жүз жалпы бақылау, екі жүз желілік учаскеге және жол қиылысына жүз камераны орнату жоспарланған болатын. Бүгінде бағдарламаға ...

Читать далее »

Шымкентте әйелдер істері жөніндегі комиссия отырысы өтті

Шымкент қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы, әкімнің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның басшылығымен құзырлы мемлекеттік органдар басшылары және жергілікті үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерінің қатысуымен комиссия отырысы өткізілді. Өңірлік комиссия мүшелері ұлттық комиссияның отырысына бейне-конференц байланысы арқылы қатысты. Күн тәртібіне сәйкес «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының іске асырылуы туралы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, комиссия отырысында «Қазақстан Республикасындағы 2030 ...

Читать далее »

«Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы аясында 100 жобаға несие беру жоспарлануда

Шымкент қаласында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Жол картасы бойынша шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасалуда. 2021-2025 жылдары кәсіпкерлерді жүйелі қолдау шаралары жүзеге аспақ. Шымкентте 2025 жылға дейін «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы аясында 100 жобаға несие беру жоспарлануда. 2021 жылы жиырма бір жобаға несие берілді. «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы аясында бес жүз кәсіпкерге қолдау ...

Читать далее »

Әкім орынбасары тікелей эфирде тұрғындардың сұрағына жауап берді

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков «Отырар» телеарнасының «Халық пен билік» бағдарламасына қатысып, тікелей эфир арқылы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар сұрақтарды телеарнаның байланыс нөмірі мен «Whats Aap» және «Instagram» желілері арқылы жолдады. Эфир барысында тұрғындардан түскен өзекті мәселелердің дені әлеуметтік сала мен қаладағы тозығы жеткен үйлерге қатысты болды. Тұрғындар тозығы жеткен үйлердің алдағы күйіне алаңдаулы.   –Тозығы жеткен үйлер ...

Читать далее »

Онлайн санақтан өткендердің үлесі 21,4 пайызды құрады

Шымкент қаласы бойынша Ұлттық халық санағына бүгінгі таңда 235475 адам онлайн жүйеде қатысты. Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, осылайша үшінші мегаполисте онлайн санақтан өткендердің үлесі 21,4 %-ды құрап отыр. Оның ішінде sanaq.gov.kz сайты арқылы 197273 адам, e-gov порталы арқылы 26725 адам жəне Aitu мобильді қосымшасы арқылы 11477 адам тіркелген. Отырар телеарнасының бағдарламасында тікелей эфир арқылы тұрғындардың сұрақтарына ...

Читать далее »

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі арқылы 500-ге жуық адам тұрақты жұмысқа жолдама алды

29-30 қыркүйек күндері қалалық халықты жұмыспен қамту орталы,жастар ресурстық орталығымен бірлесе ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарындағы шалғай елді мекендерінде өтті. 2000-нан астам бос жұмыс орындарын ұсынған жәрмеңкеде 478 адам тұрақты жұмысқа жолдама алды.   — Қаламыздың алыс елдімекендерінде тұратын тұрғындарға екі күн бойы мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мен жұмыспен қамту шараларына тарту жөнінде ...

Читать далее »

Ассамблея ынтымақ пен бірлік бастауы

Қазығұрт ауданында Ассамблея құрлымдарының жетекшілері мен этномәдени бірлестіктер төрағалары бас қосты. Жиынға ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалымжан Шойкин қатысты. Бас қосуда бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы айтылып, қатысушылар пікір алмасты. «Аудандардағы ұлтаралық келісім құндылықтарын насихаттауға көңіл бөлінуде. Этносаралық қақтығыстардың алдын алуға, реттеуге бағытталған және мемлекеттік-әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде ұсынылған мүмкіндіктер туралы ҚХА Төрағасының ...

Читать далее »

Сайрамда жеке инвестордың қаржыландырумен жаңа аурухана салынды

Түркістан облысы, Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округінде «Әл Каусар» медицина-сауықтыру орталығы ашылды. Жеке кәсіпкер Шерзад Нишановтың демеушілігімен бой көтерген жаңа медициналық орталық 70 төсек — орынға лайықталған. Инвестиция көлемі 120 млн. теңге. Емдеу мекемесі физиотерапия, ішек жолдарын тазарту, неврологиялық және жүрек емдеуге қажетті замануи үлгідегі медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. «Әл Каусар» медицина-сауықтыру  орталығының ашылуына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Түркістан ...

Читать далее »