«ҰЛАҒАТ» аналар мектебі

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназиясында Тәрбие саласының ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ бағытындағы іс-жоспарына сәйкес «Ұлағат» аналар мектебі өз жұмысын бастады. 24.09.2021 ж. күні Аналар мектебі «Қызың болсын моншақты» тақырыбымен кездесу ұйымдастырып, оған Облыстық «Әжелер алқасының» мүшелері, қазақ ұрпағына өмірлік ұстаным, көрегенділік тәлім-тәрбие беруде белсенділік танытып жүрген әжелеріміз шақыртылды.

Кездесуді Мектеп директоры Кайкенова Гулсара Жумаділлақызы ашып беріп шақыртылған қонақтарға өз жылы лебізін білдірді. Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Бейсенова Гүлмира Зұлпыкарқызы «Ұлағат» аналар мектебінің алға қойған мақсаты мен міндеттерін қонақтарға таныстырып өтті. Әжелеріміз қыздарға тәлім тәрбие беретін салт дәстүріміз бен өнегелерін айтып ақыл кеңестерін берді. Кездесуде ұлттық билер биленіп, қазақтың халық әндері шырқалды.

x

Check Also

«Базарда сауда жасап жүрмін» — Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі уақытта саудамен айналысып бастаған. Ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент ...

Шымкентте 134 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы ...