Түркістанда театр фестивалі өз мәресіне жетті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға қатысқан 15 ұжымның қойылымын қазылар алқасы жіті бақылап, содан соң режиссерлер мен актерларға арнап шеберлік сабағын өтті. Шара соңы марапаттау рәсіміне ұласып, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев жеңімпаз ұжымды арнайы құттықтап, сый-сияпат табыс етті. Қазылар алқасының шешімімен келесі халық театрларына жүлделер табысталды.
Бас жүлде – Бәйдібек ауданынан «Шаян» халық театры – «Домалақ Ана» қойылымы үшін,
І орын – Сарыағаш ауданынан «Сарыағаш» халықтық драма ұжымы, «Ақ тулы Жабай батыр» тарихи драмасы үшін,
ІІ орын – Төлеби ауданынан «Жебе» халықтық драма ұжымы, «Төле бидің төрелігі» қойылымы үшін,
ІІ орын – Отырар ауданынан «Отырар» халық театры, «АНТ» қойылымына,
ІІІ орын – Жетісай ауданынан «Асықата» халық театры, «Дара жол» тарихи қойылымына,
ІІІ орын – Шардара ауданынан «Шардара» халық театры, «Сынық айна» қойылымы үшін,
Үздік режиссерлік шешім – Сайрам аудандық қазақ халық театры, «Дала көкжалы» қойылымы, режиссері – Әскер Құлдановқа,
Үздік ер адам рөлі – Сауран ауданынан «Қарашық» өзбек халық театры, «Абақты ғұмыр» поэтикалық драмасындағы «Абыздың» рөлі – Шерхан Әлібековке,
Үздік әйел адам рөлі – Бәйдібек ауданынан «Шаян» халық театры, «Домалақ Ана» қойылымындағы «Бәйбіше» рөлі – Бақыт Оспановаға,
Үздік режиссерлік ізденіс – Қазығұрт ауданынан «Қазығұрт» халық театры, «Қалай болар екен…?» драма, режиссері – Қанат Асановға бұйырды.