Авторские архивы: editor

Шымкентте эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Шымкент қаласында жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 36 303 науқас анықталған болатын. Емделіп шыққан науқастардың саны – 34 955. Қазіргі таңда 309 науқас емделуде. Стационарда 181 науқас жатыр, 128 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдауда. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 20 жағдайы тіркелген. Бүгінде қалада 733 төсек-орын жасақталып тұр. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты 25 тамыздан ...

Читать далее »

Тұрғын үй мәселесіне қатысты жауап берді

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов тұрғындарды баспана мәселесіне қатысты қабылдау өткізді. Жиырмаға жуық азаматтың мәселесі мұқият тыңдалып, заң аясында тиісті жауаптар берілді. Басқарма басшысының жеке қабылдауында болған Айдана Тұрымбетова тұрғын үй кезегіне тіркелмеген. Алайда ол тұрғын үй кезегі арқылы жеңілдетілген несиелік бағдарламаға қатыссам дейді. Оған баспаналы болудың несиелік бағыттары түсіндірілді. Тұрғын үй кезегі санаттарының біріне сәйкес келмеген, ...

Читать далее »

Мақсатты пайдаланылмаған жер телімдері мемлекет мұқтаждығына қайтарылды

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ғалымжан Өтенбаев қала әкімдігінің @akimat_shymkent инстаграм парақшасында тікелей эфирде атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Басқарма басшысы жерді мақсатты пайдалану, заңсыздыққа жол бермеу, пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлерін мемлекетке қайтару жұмыстарының барысын баяндап, тұрғындар сауалына жауап берді. Жалпы әлеуметтік желіде тұрғындар тарапынан 20-ға жуық сұрақтар келіп түсті. Шымкент қаласында игерілмей жатқан 1546 жер учаскесі анықталған. Сонымен ...

Читать далее »

Шымкентте 200 мың түп қарағаш егу жоспарлануда

Биыл жыл басынан бері Шымкентте «Жасыл белдеуді» дамыту бойынша жалпы ауданы 195 гектар жерге 97 500 көшет отырғызу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңға отырғызылған көшеттердің саны 60 590 бірлікті құрайды. Күзгі отырғызу кезеңінде жалпы ауданы 162 гектар аумақта сексеуіл тұқымын егу және 100 гектар аумақта 200 мың қарағаш егу жоспарлануда. Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мәліметінше, қала бойынша 38 жер ...

Читать далее »

Қала активімен өткен жиында жаңа тұжырымдама жобасы таныстырылды

Шымкент қаласының әкімдігінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановтың қатысуымен қала активімен кездесу өтті. Жиынды Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ашып, жүргізді. Қала әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан әкімдері, қалалық құқық қорғау органдарының жетекшілері, тағы басқа ресми өкілдер қатысқан жиында қоғамның мемлекеттік институттарға сенімін нығайту, заң үстемдігін орнықтыру, тұрғындар арасында құқықтық мәдениетті жетілдіру міндеттері сараланды. Қазақстан Республикасы ...

Читать далее »

YPO Forum Shymkent: Шымкентте ірі инвесторлар бас қосты

Биыл Шымкент қаласының экономикасына 400 миллиард теңге инвестиция тартылады. Оның ішінде шетелдік және жеке инвесторлардың үлесі 60 пайызды құрайды. Бұл туралы YPO FORUM Shymkent «Жаңа жағдайдағы бизнес» форумында сөз сөйлеген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. — Бүгінгі форум Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында өтіп отыр. Осы орайда, Шымкент қаласының Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріне тоқталып өткен жөн. Бизнесті мемлекеттік ...

Читать далее »

Қала аумағында 6 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды

Шымкентте ауыл шарушылығы кооперативтерін дамыту мақсатында шаруашылықтар мен жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіріп, кооперативтер құру жұмыстары ұйымдастырылуда. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңға дейін қала аумағында жалпы құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтер саны — 52 болса, олардың құрамына 27 заңды тұлғалар мен шаруашылықтар, 507 жеке қосалқы үй шаруашылықтары қосылған. Өткен жылы мал шаруашылығы саласында «Turan Agroproduct» АӨК және «Silk ...

Читать далее »

500-ден астам сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді

Шымкентте жыл басынан бері 575 мүмкіндігі шектеулі азамат сурдотехникалық құралдарға «әлеуметтік портал» арқылы онлайн тапсырыс берген. Мүгедектерді сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдарға тапсырыс берген күннен бастап 14 күн ішінде тегін жеткізіледі. Сурдотехникалық құралдар Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ...

Читать далее »

Сібір жарасына қатысты ақпарат шындыққа жанаспайды

Әлеуметтік желіде сібір жарасы ауруына қатысты тарап кеткен ақпаратқа орай Шымкент қалалық аумақтық инспекция басшысының орынбасары Ерлан Аманбеков және қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының өкілі Манарбек Ержігітов мәлімдеме жасады. Инспекция өкілі әлеуметтік желідегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. – Бұл оқиға өткен қыркүйек айында болған. М. Панбаев Бәйдібек ауданы Амантай-Талап ауылынан аяғы сынған жылқысын алдырып Ақсукент ауылында сойып, 17 жілікке ...

Читать далее »

«Волонтер» толықметражды кинофильмінің тұсаукесері өтті

Шымкенттегі жастар ресурстық орталығында «Волонтер» толықметражды кинофильмінің тұсаукесер көрсетілімі өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай режиссер Серік Таласовтың жаңа туындысы көрерменге ұсынылды. Салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері, фильмнің режиссері Серік Таласов және актерлік құрам, волонтерлік ұйымдардың өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының волонтерлік топтарының белсенді жастары ...

Читать далее »

Шымкент еліміздің креативті хабына айналады

Үшінші мегаполисте еліміздегі мобилографтар бас қосты. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан сарайында Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен «Креативті индустрия» бағыты аясында республикалық «Shymkent Mobilography Fest» фестивалі өтті. Іс-шара аясында өткен пленарлық кездесуге қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов және Қыран Талапбек, Өркен Кенжебек, Сырымбек Тау, Ақбота Ануарбек, Әділет Рахметолла сынды медиа саласы мен түрлі бағытта өз бастамаларын дамытып жүрген ...

Читать далее »

Шеткі шағынаудандарда вакциналау ісі қарқын алды

Қаладағы «Ақжар» және «Ақтас» шағынауданында вакцина егу жұмыстары қарқын алды. Ақтастағы №61 мектепте қазір 300-ден аса оқушы білім алады. Білім ұясындағы оқушыларға профилактикалық жұмыстарды дер кезінде жүргізу үшін мұнда егу бекетінің жұмысы ұйымдастырылған. №11 емхана мамандары бүгін медициналық кабинетте алғаш рет оқушыларға Pfizer препаратын салды. «Перзентімнің қауіпсіздігі үшін мен бүгін мектепке арнайы келіп, балама вакцина салдырдым. Вакцинациялау кезінде ұлымның қасында ...

Читать далее »

Аялдамалар мен аяқ жолдар қардан тазалануда 

Еңбекші ауданы аумағындағы көшелер мен ішкі орам жолдарда орналасқан 293 аялдама мен 154 шақырымға жуық аяқ жолдар қардан тазалануда. Бұл жұмыстарды мердігер мекемелер «ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Югдорсервис» ЖШС, «Байтерек ЛБ» ЖШС және «НұрТауСервис» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Оған 4 дана қар тазалайтын арнайы техника мен жұмысшылар жұмылдырылды. Аялдамалар мен аяқ жолдарға тайғаққа қарсы инертті заттар себілуде. Автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерге ...

Читать далее »

Экспорт жөніндегі өңірлік кеңестің отырысы өтті

17-19 қараша күндері Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Шымкент өнімдері-2021» көрмесі өтуде. Іс-шара аясында Шымкент қаласындағы экспорттаушы ұйымдардың өңірлік кеңесінің отырысы болды. Жиынға қала әкімінің орынбасары А.Сәттібаев, өңірлік кеңестің мүшелері, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы Шымкент және Түркістан өңірлік өкілдері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиал директорының орынбасары қатысты. Кеңестің негізгі мақсаты қаланың экспортын дамыту және ондағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып ...

Читать далее »

Шымкентте «Жұлдызды 30 күн» жобасы басталды

Үшінші мегаполисте ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар айлығы басталды. Бұл туралы бүгін қала әкімдігінің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мәлімдеді. – Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жылдың басынан басталды. Әр ай белгілі бір салаға арналды. Енді бүгіннен бастап «Жұлдызды 30 күн» жобасы басталып, 17 желтоқсанға дейін жалғасады. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы ...

Читать далее »

«Shymkent önimderi — 2021» көрмесіне 100-ге жуық компания қатысуда

Шымкенттегі «Көрме» орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қала әкімдігіұйымдастырған «Shymkent önımderı — 2021» атты жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі басталды. Үш күн бойы жалғасатын көрменің мақсаты — жергілікті тауар өндірушілерді тұтынушыларға кеңінен таныстырып, олардың ісін ілгерілетуге көмектесу.Бұл шараға өңдеу өнеркәсібі бағытында жұмыс істеп, дайын өнім шығарып жатқан 100-ге жуық шымкенттік компания қатысуда. Олардың арасында құрылыс материалдарын, жиһаз, медициналық құрал-жабдықтар ...

Читать далее »

Қалада 7 елді мекен сапалы электрмен қамтылады

Биыл Шымкентте елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды іске асырыла бастады. Мәселен, қаладағы 81 елді мекеннің 65-і сапалы электрмен қамтылса,16-сы жарықты жекеменшік жүйе арқылы пайдаланады. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының дерегінше, биыл электрмен қамту үшін 11,4 млрд. теңгеге 4 қосалқы станция мен 16 елді мекенде ішкі жүйелерінің құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін Ақжар, Жалын, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік және Тәуелсіздікке ...

Читать далее »

Қар тазалау жұмыстары қарқынды жүруде

Шымкентте жолдарды қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Еңбекші ауданы аумағындағы орталық 76 көше мен ішкі орам көшелерді тазалау жұмыстары 10 бағытқа бөлінді. Әр бағыт бойынша тиісті арнайы техникалар мен жұмысшылар кестеге сәйкес қардан тазалау жұмыстарын жүргізуде. Биыл қыс мезгілінде көшелерді тазарту үшін 30 бірлік техника, 4 бірлік тиегіш (погрузчик) техникасы, 11 трактор, 10 бірлік самосвал техникасы, жұмысшыларды тасымалдау үшін 4 ...

Читать далее »

Шымкенттің бас дәрігері қызына вакцина салдырды

Бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың қызы ковидке қарсы вакцина салдырды. Қызымен емханаға келген қаланың бас дәрігері жазбаша сауалнамаға жауап берді. 15 жасар Мерейге емхана мамандары Pfizer вакцинасын салды. Оныншы сынып оқушысы ата-анасымен кеңесе келе екпе салдыруға шешім қабылдағанын айтады. «Ата-анаммен келісіп, вакцина салдырдым. Осы екпе арқылы өзімді қауіпті вирустан қорғағым келеді» – дейді Мерей. «Балаңызға вакцина салдырасыз ...

Читать далее »

«Ақылды күнбағыс» кешенін пайдаланушылар саны артты

Қала тұрғындарына интернет желісін қолжетімді ету жергілікті әкімдіктердің басты міндеттерінің бірі. Қалалық цифрландыру басқармасының дерегінше, осы мақсатта 2020 жылы қаладағы 10 қоғамдық орынға 30 «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық кешені орнатылды. Атап айтқанда, Орталық саябақта – 3, Тәуелсіздік саябағы -6, Металлургтер саябағы – 3, Қошқар ата – 2, Жеңіс саябағы – 3, Дендро саябағы – 3, Абай саябағы – 6, «Ескі қала» ...

Читать далее »