Тазалық – қолайлы қаланың басты шарты

Өмір сүруге қолайлы қала қалыптастырудың басты шарты – тазалық. Тұрғындар қоқыс қалдықтарын бейберекет шашпауы үшін ең алдымен қоқыс жәшіктерінің санын көбейтіп, қолжетімді ету керек.

Осы мақсатта Әл-Фараби ауданы аумағындағы 8 көшеге 100 дана орындық қоқыс жәшіктерімен қоса қойылуда. Демалуға арналған орындықтар адам көп шоғырланатын Іляев, Қонаев, Республика, Тәуке хан, Түркістан, Қазыбек би, Байтұрсынов және Момышұлы көшелерінің бойына орнатылып жатыр. 20 көшеге жалпы саны 906 қоқыс тастауға арналған жәшіктер қойылады. Бүгінде жұмыстардың 85 пайызы орындалды. Жыл соңына дейін толығымен аяқталады.

Аудан әкімі Р. Мыңбаев орындықтар мен қоқыс жәшіктерінің қажеттілігі жоғары деген орындарға қойылуын тікелей өзі бақылауға алды. Жауапты «Компания Энерго-А» мердігер мекемесінің мамандарымен кездесіп, жұмысты сапалы етіп жасауды тапсырды.

Барша қала тұрғындарын қоқысты арнайы жәшіктерге тастап, қаламызды таза ұстауға шақырамыз!