Авторские архивы: editor

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫ 500 ОРЫНДЫҚТЫ МЕКТЕП ПЕН 250 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚШАҒА ТОЛЫҚТЫ

Республика күніне орай Түркістан қаласында 500 орындық мектеп пен 250 орынға арналған мектеп-балабақша пайдалануға берілді. Соңғы үлгідегі заманауи жабдықтармен қамтылған Айтұлы Тілеу батыр атындағы дарын мектебінде оқушылардың сапалы білім алуына бар жағдай жасалған. Әлеуметтік маңыздағы ғимараттардың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Израильдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Эдвин Натан Ябо Глусман құттықтау сөз сөйлеп, мектеп ...

Читать далее »

ҮШ АУДАНДА АУЛАЛАРДЫ ЖАҢБЫР СУЫНАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысында 26 қазан күні сағат 01:00-ден 6:00-ге дейін үздіксіз жауын-шашын жауды. Толассыз жауған нөсер салдарынан облыстағы 3 ауданда (Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш) жеке тұрғын үйлерге су кірген. Атап айтқанда, жалпы 21 ауланы су басып, 13 уақ мал суға кеткен. Сонымен қатар, су басу кезінде аулада қараусыз қалған нәресте қайтыс болған. Қазығұрт ауылында 09:30 шамасында, 2020 жылғы туған бала өз үйінің ...

Читать далее »

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНА ҚҰТТЫҚТАУЛАР КЕЛІП ТҮСТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Республика күніне орай шет мемлекеттердің президенттерінен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр. Ресей Президенті Владимир Путин Мемлекет басшысын және Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтап, бейбітшілік және бақ-береке тіледі. – Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және басқа да салаларда таңғаларлық нәтижелерге қол жеткізді, халықаралық істерде маңызды рөл ойнайды. Мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік және одақтастық ...

Читать далее »

РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА КӨК ТУ ЖЕЛБІРЕДІ

25 қазан – Республика күніне орай Түркістанда Мемлекеттік Туды ресми көтеру рәсімі өтті. «Рәміздер алаңында» ұйымдастырылған патриоттық іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары, жалынды жастар қатысты. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды да арнайы қатысып, көк Тудың мәртебесін көтеретін бастамаға үлес қосты. Алдымен Әнұран шырқалып, ол отаншылдық бағыттағы әндерге ұласты. Облыс өнерпаздары рухты оятатын әндерді шырқап, мерекенің ажарын аша түсті. Осылайша, түркістандықтар Қазақстан ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Құрметті қауым! Қадірлі түркістандықтар! Баршаңызды Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мерекенің мәні айрықша. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен бірінші құрылтайда Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Тарихтан белгілі, 1990 жылы қазан айының 25-і күні «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Бұл – еліміздің Тәуелсіздік жолындағы нақты қадамы еді. Азаттықты аңсаған халқымыздың арманын орындауда ...

Читать далее »

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Ақорда» резиденциясының алдында Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлайды. Рәсімде Құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшысына рапорт берді. Кейін Президенттің бұйрығымен еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұран орындалды. Биыл ұлттық мереке ретінде қайта жаңғырған Республика күнін ел көлемінде атап өту осындай салтанатты шарамен басталды. Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өңірлерде ...

Читать далее »

КЕЛЕСТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Шеру басында Мемлекеттік туымыз көкке көтеріліп әнұран шырқалды. Іс шараны Amanat партиясы Келес аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ахмет Абраманұлы ашып беріп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті. — 1990жылы қазан айының 25 күні Жоғары Кеңесінің шешімімен декларация қабылданды. Сол сәттен бастап еліміз өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Ендігі кезекте осы мерекені кең көлемде атап өту бізге берілген үлкен мүмкіндік. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА САБЫР РАҚЫМОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА БАСТАЛДЫ

Түркістандағы «Olympic center» спорт кешенінде Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Сабыр Рақымовты еске алуға арналған және даңқты қолбасшының туғанына 120 жыл толуына орай еркін және әйелдер күресінен жастар арасындағы XXVI халықаралық жарыс басталды. Күрес додасына көршілес Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен қатар Қазақстан Республикасының барлық облыстары және қалаларынан балуандар қатысуда. Еркін күрестен жастар арасындағы халықаралық жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан облысының дене шынықтыру ...

Читать далее »

400 ТОННАҒА ЖУЫҚ ТҮРКІСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ӨНІМІ АЛМАТЫДА ЖӘРМЕҢКЕГЕ ҚОЙЫЛДЫ

Республика күніне орай Алматы қаласында Түркістан облысының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілуде. Жәрмеңкеге жалпы құны 180 млн.теңгенің 400 тоннаға жуық өнім әкелінді. Шараға Түркістан облысының барлық аудан, қалалары қатысып жатыр. Өнімнің 50-ден аса түрлері (ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жармалар, майлар және т.б.) әкелінді. Атап айтқанда, 55 тонна ет өнімі, 200 тоннаға жуық көкөніс, жеміс — жидек, 25 тонна сүт өнімдері, ...

Читать далее »

«ТҰРАН-ЖАСТАР» КОМАНДАСЫ – ҚОЛА ИЕМДЕНДІ

Футболдан екінші лига командалары арасында ҚР чемпионаты аяқталды. Дүбірлі сында Түркістан облысының «Тұран-Жастар» командасы үшінші орын үшін болған сында «Жас Сұңқар» клубын пенальтиден 5:3 есебімен жеңді. Екінші лига командалары арасындағы ҚР біріншілігінің үшінші орыны үшін өткен матчтан соң турнирдің үздік ойыншысы мен үздік сұрмергенін марапаттау рәсімі өтті. «Тұран-Жастар» командасының шабуылшысы Бақдәулет Зұлфықаров 19 матчта 25 гол салып, үздік мерген атанған ...

Читать далее »

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АНТ БЕРДІ

Республика күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері салтанатты түрде Ант берді. Ант беру рәсіміне Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғымбеков қатысып, мемлекеттік қызметшілерге сәттілік тіледі. – 25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған азаматтардың Ант беру рәсімдері өткізілуде. Сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Ол – ел сенімін ақтау, мемлекетке ...

Читать далее »

ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫ ТҮРКІСТАНДА КІРПІШ ЗАУЫТЫН САЛМАҚ

Қытайлық «Jemchug Power» компаниясы Түркістан облысынына 10 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құюға дайын. Шетел инвестициялары тәулігіне 400 мыңға жуық кірпіш шығаратын зауыттың құрылысы жобасын ұсынды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қытайлық алпауыт компания өкілдерімен кездесіп, маңызды мәселенің мән — жайын талқылады. Өз кезегінде, облыс басшысы аталған жобаны «Түркістан» Арнайы экономикалық аймақтың аумағында және Ордабасы ауданындағы «Қазақ-Түрік» Индустриалды аймақта жүзеге ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Республика күніне орай Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитовтың қатысуымен Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствалық наградаларын табыстау рәсімі өтті. Облыс әкімінің орынбасары ақ желеңді абзал жандарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов өз кезегінде медицина саласын жақсарту мақсатында еңбек етіп жүрген денсаулық сақтау саласының ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ТОҚАЕВТЫ ҚОЛДАУҒА 500-ДЕН АСТАМ БЕЛСЕНДІ ТҰЛҒАЛАР КОАЛИЦИЯ ШТАБЫНА ҚОСЫЛДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне Кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі Түркістан облыстық қоғамдық штабы ашылды. Оның құрамына облысқа танымал тұлғалар, зиялы қауым өкілдері мен белсенді жастар еніп отыр. Бұл туралы халықтық коалиция штабының төрағасы болып бекітілген «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев баспасөз брифингінде мәлімдеді. Бейсен Дәулетұлының айтуынша, облыстық қоғамдық штаб бір ай бойы үгіт-насихат науқанында ҚР Президенттігіне Кандидат ...

Читать далее »

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ТҮРКІСТАНДА «ЖАСА, ЖАЙНА ҚАЗАҚСТАН!» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Түркістанда 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай «Жаса, жайна Қазақстан!» салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылды. «Қыран елім – Қазақстан» хореографиялық — сазды театрландырылған қойылыммен ашылған мерекелік кеште ұлттық мерекенің мән-мазмұны жан-жақты айшықталды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды көпшілікті Республика күнімен құттықтап, тәуелсіздіктің баға жетпес құндылық екенін айтты. – Баршаңызды Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мерекенің мәні айрықша. Мемлекет басшысы ...

Читать далее »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 300 ТҮП ШЫРША АҒАШЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Республика күні қарсаңында Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт бастаған аудан тұрғындары мен зиялылары және ерікті жастары «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойындағы жаңадан бой көтеріп жатқан «Ұлы дала қырандары» аллеясында бас қосып, 300 дана қылқан жапырақты ағаштардың көшеттерін отырғызды. Кейінгі жастарға үлгі боларлықтай іске ұйытқы болған жандарға аудан ақсақалдары ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді. Айта кетейік, бүгінгі таңда «Батыс Еуропа ...

Читать далее »

БАШҚҰРСТАНДЫҚ ПРОФЕССОР ТҮРКІСТАНДА КӨЗ КЛИНИКАСЫН АШПАҚ

Түркістанға арнайы сапармен келген Уфа қаласында орналасқан «OPTIMED» лазерлік көруді қалпына келтіру орталығының профессоры Булат Азнабаев облыстың инвестициялық әлеуетімен танысты. Жоғары дәрежелі офтальмохирург-дәрігерге облыстық инвестиция және экспорт басқармасы басшысының орынбасары Қанат Шонбасов пен «Turkistan invest» агентігінің өкілдері облыс орталығындағы арнайы экономикалық және индустриалдық аймақ территориясын көрсетті. Кездесу барысында сала мамандары инвесторларға берілетін жеңілдіктермен таныстырды. Көз дәрігері Булат Маратұлының айтуынша, бүгінде ...

Читать далее »

ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА ӘКІМДІК ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Жабағылы ауылында ұлттық мереке – Республика күніне орай жаңа әкімдік ғимараты пайдалануға берілді. Айтулы шараға аудан әкімі Нұрлан Байғұт арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа ғимараттарымен құттықтады. Үш мыңнан астам тұрғыны бар Жабағылы ауылдық округіне үш елді мекен қарайды. Сонау егемендік алған жылы әкімдік құрылымдары құрыла бастаған шақта округ әкімдігі ескі үйдің ғимаратында орналасқан болатын. Сол ...

Читать далее »

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ДАРХАН САТЫБАЛДЫНЫҢ ЖІТІ БАҚЫЛАУЫНДА

Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасының жүзеге асуы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында. Ұлттық жобаның негізгі шарттары мақұлданғанын айтқан облыс әкімі салаға жауапты басшыларға құрылысы 2023 жылы басталатын мектептер бойынша мәселелерді жедел шешуді тапсырды. Сондай-ақ ол мектептерді сапалы жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіп, оқу процесін цифрландыруға қажетті шараларды шұғыл жүзеге асыруға назар аударды. Жалпыұлттық ...

Читать далее »

ҚАЗЫҒҰРТТА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕКТЕП ПЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Республика күні қарсаңында Орал Нарбаев атындағы 150 орындық бастауыш мектебі мен «Ай-Фарма» медициналық орталығы пайдалануға берілді. Әлеуметтік маңыздағы ғимараттардың салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Арман Абдуллаев құттықтау сөз сөйлеп, лентасын қиды. Екі нысан да кәсіпкерлердің жеке инвестициясы арқылы бой көтерген. Мерейлі мерекеге орай аудан орталығында білім ордалары мен мәдениет қызметкерлері тарапынан арнайы көрмелер қойылып, спорттық сайыстар ...

Читать далее »