ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖАРАП ТҰР!

Қыркүйек айында бокстан Арыс қаласында өткен Бейсен Онтаевты еске алуға арналған Халықаралық турнирде түркістандық өрендер олжалы оралған.
2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы сайыста Нұрасыл Мырзан мен Мұхамедәлі Пазылхан чемпион атанса, Нұрасыл Даниярұлы 2-ШІ орынды иеленді.
Бапкерлері — Марат Сәрсенбаев, Ағабек Алтыбаев.
Сонымен қатар, Сайрам ауданында бокстан өткен Ақсу жекпе-жек спорт клубының ашық біріншілігіне қатысқан Түркістан қалалық №1 БЖСМ-нің спортшылары оза шапты.
Тарқатып айтсақ, 2009-2010, 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы жарыста облыс орталығының спортшылары бес алтын,  2 екі күміс, бір қола медаль иеленген.