Авторские архивы: editor

ПРОШЛА АКЦИЯ «АЙБЫНДЫ ЖАСТАР — ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ»

В Байдибекском районе прошло мероприятие «Айбынды жастар — жаңа Қазақстанның тірегі». В нем принял участие заместитель акима района Берик Турлыбеков, он пожелал гражданам, направляемым в армию, достойно выполнять свой долг перед Отечеством, а в качестве памятного подарка вручил книгу писателя Багдата Калаубая. Заместитель начальника департамента по делам обороны Туркестанской области подполковник Жандос Кулдербаев, который принял участие в данном мероприятии, тоже ...

Читать далее »

АЙБЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНЫМЫЗДЫҢ ТІРЕГІ

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында «Айбынды жастар – жаңа Қазақстанның тірегі» атты акция іс-шарасы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков қатысып, әскер қатарына жіберілетін азаматтарға Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып келулеріне тілегін білдіріп, естелік ретінде жазушы Бағдат Қалаубайдың кітабын тарту етті. Аталған іс-шараға арнайы қатысқан Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Жандос Күлдербаев іс-шараның маңыздылығына тоқталып, сарбаздарға ...

Читать далее »

«БІР АЛҚАПТАН 2-3 ӨНІМ АЛУ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Түркістан облысында «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Сарыағаш ауданында да бұл бағытта жүйелі жұмыс бар. Аудан әкімі М.Отаршиев Ынтымақ елді мекенінде орналасқан «Абдуназар» шаруа қожалығына қарасты жылыжай жұмысымен танысты. Шаруа қожалығының төрағасы Ш.Раймназаров өзінің иелігіндегі үй іргелік жер учаскесіне 0,22 га жылыжай тұрғызып, бүгінде мол табыс тауып отыр. Бірнеше жылдан бері ауыл шаруашылығымен айналысып жүрген ...

Читать далее »

КЕЛЕС АУДАНЫНДА 90 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

Жоспарлы жұмыстар 2025 жылға дейін, әр жылдың көктем, күз айларында жүзеге асыру көзделген. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүзеге асыру үшін Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев тиісті мекеме басшылары мен ауыл әкімдеріне тапсырма жүктеді. Ең алдымен көшеттердің түрі, климаттық жағдайға төзімділігін және суландыру жүйесімен қамту шараларын нақтылауды тапсырған аудан басшысы егілген көшеттерді күтіп баптайтын бағбан мәселесін де нақты шешу керектігін атап ...

Читать далее »

ТӘУЕЛСІЗ «BAQYLA» ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ САЙЛАУДЫҢ ӘДІЛ ӨТУІН ҚАДАҒАЛАЙДЫ

Елімізде өтетін кезектен тыс Президент сайлауына байланысты Түркістан және Кентау қалаларында тәуелсіз «BAQYLA» қоғамдық қозғалысы жұмысын бастады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қоғамдық қозғалыстың Түркістан қаласы бойынша жетекшісі Олжас Мамыр мәлім етті. – Сайлау процесіне белсенді қатысатын топтың бірі – бақылаушылар. Алматы қаласында 17 қазан күні белгілі саясаттанушылар мен қоғам белсенділерінің қатысуымен тәуелсіз бақылаушылардың «BAQYLA» қоғамдық қозғалысы ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысында 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымы штаттық режимде өтіп жатыр. 17 аудан, қаланың 14-інде жылу маусымы басталды, ал Мақтарал, Жетісай, Ордабасы аудандарында 1 қарашада басталады. Осы саладағы мәселелер облыс әкімінің апталық аппарат отырысында талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің бәрі талапқа сай жылумен қамтылуы керек екенін жеткізді. Бірқатар мәселеге тоқталып, кемшілікке жол берген басшыларға жұмысты ...

Читать далее »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «БАСПАНА САПАСЫ СҰРАНЫСҚА САЙ БОЛУЫ ТИІС»

Биыл Түркістан қаласында жалпы көлемі 200 мың ш.м. асатын 3 392 пәтерлі 53 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. «Әкімшілік-іскерлік орталығындағы» көпқабатты тұрғын үйлердің жай-күйі мен құрылыс жұмыстары туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды. Тұрғын үй құрылысындағы атқарылып жатқан жұмыстарды Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков баяндады. Мәлімдеуінше, 10 айдың ішінде жаңадан салынған 42 көпқабатты үй пайдалануға берілді. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ

Түркістан облыcтық клиникалық ауруханасының нейрохирургиялық бөлімшесінде мастер-класс ұйымдастырылды. Ол мастер-класс астаналық профессор, нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Серік Дүйсенбінің қатысуымен өтті. Бірінші науқаста оң жақтағы тригеминальды невралгия болды. Оған оң жақтағы тригеминальды жүйке тамырының микроваскулярлық декомпрессиясы отасы жасалды. Екінші науқаста церебральды оң жақ гемисфераның менингиомасы диагнозы болған. Ол науқасқа оң жақтағы церебральды менингиоманы микрохирургиялық алып тастау отасы жасалды. Үшінші науқаста сол жақта ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен, Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілі Ермек Кенжеханұлы тағайындалды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аппараттық кеңесте жаңа орынбасарын таныстырды. Ермек Кенжеханұлы бұл қызметте Ұлан Тәжібаевтың орнына келді, ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған. Кенжеханұлы Ермек 1988 жылы Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2019 ...

Читать далее »

САУРАН АУДАНЫНДА ЕКІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГКЕ ГАЗ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысында ауылдарды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Сауран ауданы, Шаға және Жаңа Иқан ауылдық округтеріне табиғи газ берілді. Табиғи газға қосылу шарасына Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Олжабайқызы, аудан әкімі Ғани Рысбеков, ауыл ақсақалдары және «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Түркістан газ шаруашылығының басшысы Ақиқат Абдуллаев қатысып, халықты «көгілдір отынның» келуімен құттықтап, ізгі тілектерін айтты. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ «МАҚТААРАЛ» ФУТБОЛ КЛУБЫ ҚАТАРЫНАН БЕСІНШІ РЕТ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының жиырма бесінші туры өтті. Түркістан облысының «Мақтаарал» командасы «Тұранмен» шеберлік байқасты. Бұл ойын аса маңызды еді. Себебі жеңген команда премьер-лигада қалуға мүмкіндік алатын. Тартысты матчта «Мақтаарал» командасы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл – мырзашөлдіктердің қатарынан бесінші жеңісі еді. Осы арқылы жас команда премьер-лигада қалу мәселесін түбегейлі шешті. Айта кетейік, «Мақтаарал» командасы 2011 жылы құрылған. 2021 жылғы бірінші ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА 2 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҮГІРУДЕН МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Түркістан қаласында Turkistan Marathon 2022 марафоны өтті. Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау барысында өткізілген жарысқа еліміздің түкпір-түкпірі мен алыс-жақын шетелден келген 2 мыңнан астам спорт жанкүйерлері қатысып, бақтарын сынады. Эстафеталық сайыс «Almaty Marathon» ұйымдастырушыларымен Түркістан қаласында тұңғыш рет өткізілді. Марафон – әлем бойынша жылдам дамып келе жатқан спорттық туризмнің бір түрі. Қатысушылар үшін марафонға қа­тысу тек хобби ...

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ — «TURAN BARYSY» АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогы өтті. Жарысқа Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысып, өзара мықтыларын анықтады. Сайыстың ашылу салтанатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысушыларды құттықтады. Дүбірлі сында балуандар екі топқа бөлініп, айналмалы жүйеде күресті. Екі топтан іріктелген Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «TURAN BARYSY» АЗИЯ КУБОГЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогы басталды. Жарысқа Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысып жатыр. Дүбірлі сынның ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Түркістан төріндегі жарыстың маңызына тоқталды. Ұлттық спортты дамытуға министрлік тарарынан қолдау әрдайым жалғаса беретінін жеткізді. Түркістан ...

Читать далее »

САЙРАМДА Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ 1200 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Бүгін Сайрам ауданы жаңа білім ұясымен толықты. Аудан орталығы Ақсукент ауылдық округінде орналасқан жекеменшік мектептің құрылысы биыл мамыр айында басталып, қазан айында аяқталып отыр. Білім ордасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков құттықтау сөз сөйлеп, мектеп ұжымына табысты еңбек тіледі. Мектепке көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Заманауи және типтік үлгідегі 1200 орынға лайықталған ...

Читать далее »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазығұрт ауданы халқының табысын арттыру мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл басынан бері 7 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ауданнын экономикалық белсенді халық санына қарай 551 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, 829-і ашылды. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасын табатын болады. Бұл туралы аудан тұрғындарының алдында ...

Читать далее »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТӨЛЕБИДЕ БІРНЕШЕ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ»

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданына барып, тұрғындармен кездесті. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныс-тілектерін тыңдады. Өңір басшысы өңірді, ауданды дамыту жұмыстары жөнінде де баяндап берді. – Бүгін Төлеби ауданына өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді талқылау үшін арнайы келіп тұрмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер бойынша тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы жүктеген жауапкершілікті сезініп, жұмыс істеуге міндеттіміз. Елімізде ...

Читать далее »

САРЫАҒАШТАҒЫ КӘСІПОРЫН ЖЫЛЫНА 5 МЫҢ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАДЫ

Түркістан облысында шағын кәсіпкерлікке басымдық беріліп, қолдау күшейтіліп келеді. Сондай кәсіпорындардың бірі – Сарыағаш ауданында орналасқан. Аудан әкімі Мұхит Отаршиев Қабланбек ауылдық округі, Cіргелі елді мекенінде орналасқан жеке кәсіпкер А.Утешевтің иелігіндегі жиһаз цехына арнайы барып, кәсіпорынның бүгінгі таңдағы жұмыс барысымен танысып шықты. – Ауданда кәсіпкерлік нысандарының саны күн санап артуы – бұл саланың қарқынды дамып келе жатқандығының айғағы. Бастаған ісіңізге ...

Читать далее »

ТӨЛЕБИДЕ ЖАҢА КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Төлеби ауданында «КазахБитум» ЖШС-нің мұнай өнімдерін өңдеу зауытындағы үздіксіз полимерді модификациялау цехы ашылды. Киелітас ауылдық округі аумағында орналасқан зауыт жылына 200 мың тоннадан астам өнім өндіруге қауқарлы. Жоба құны – 550 млн. теңге. Цехта жол жөндеу жұмыстарына қолданылатын ерекше қоспа өндіріледі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы жұмыс сапарымен Төлеби ауданында болып, жаңа өндіріс орнының ашылу рәсіміне қатысты. – Ел ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДЫҚ БЕЙБАРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ «ЕҢ ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫ» АТАНДЫ

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков түркістандық жас футболшы Бейбарыс Сұлтанбекұлын қабылдады. Футболдан Грецияның Афина қаласында өткен халықаралық турнирде Бейбарыс «Тұран» командасының сабында ойнап, «ең үздік шабуылшы» атағының алған болатын. Франция, Сербия, Албания, Украина сынды мемлекеттер қатысқан бәйгеде команда капитаны Бейбарыс Сұлтанбекұлы 14 гол соғып, алтыншы орынға жайғасты. Оған дейін жас спортшы футболдан Қазақстан чемпионатында күміс жүлде, республикалық турнирлерде жеңімпаз ...

Читать далее »