ҮШ АУДАНДА АУЛАЛАРДЫ ЖАҢБЫР СУЫНАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысында 26 қазан күні сағат 01:00-ден 6:00-ге дейін үздіксіз жауын-шашын жауды. Толассыз жауған нөсер салдарынан облыстағы 3 ауданда (Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш) жеке тұрғын үйлерге су кірген. Атап айтқанда, жалпы 21 ауланы су басып, 13 уақ мал суға кеткен.
Сонымен қатар, су басу кезінде аулада қараусыз қалған нәресте қайтыс болған. Қазығұрт ауылында 09:30 шамасында, 2020 жылғы туған бала өз үйінің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып, үйдің аумағындағы жаңбыр суы толған шұңқырға құлап батып кеткен.
Қазіргі таңда жағдай Түркістан облысы әкімдігі мен ТЖ департаментінің бақылауында. Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары мен Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен су айдау жұмыстары жүргізілуде.