Авторские архивы: admin

Ақтауда қандаланы улау кезінде алты жасар бала қайтыс болды

Айыпталушы жазасын қауіпсіздігі барынша төмен түзеу мекемесінде өтейтін болды. Осыдан бір жыл бұрын уытты заттан уланған үш сәби облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, 6 жастағы бала жансақтау бөлімінде көз жұмған еді. Қалғанын дәрігерлер тексерген соң үйіне жіберді. Қайғылы оқиғаға төменгі қабатта тұратын көрші әйелдің өз пәтеріне жәндіктерге қарсы дәрі себуі себеп болған. Ол базардан сатып алған «Квикфос» препаратын бөлмелерге шашып, сыртқа ...

Читать далее »

Шымкентте коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті

Қытайдың Ухань қаласынан шыққан коронавирус дертінің алдын алу үшін Шымкенттегі әуежай толығымен бақылауға алынды деп хабарлайды Xnews «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Шаһар аумағына коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау және төтенше жағдайлар департаменттері, сондай-ақ санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге жауапты өзге де ұйымдармен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді. Іс-шара кезінде анықтау, тасымалдау, тексеру және ...

Читать далее »

Жамбыл облысында малға қасқыр шабуына байланысты арнайы топ құрылды

Жамбыл облысы Қызыләуіт ауылындағы малына қасқыр шапқан шаруаның шығыны өтелмеуі мүмкін, деп хабарлайды Xnews «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, өтемақы тек түліктен жұқпалы індет анықталса немесе сақтандырылған жағдайда ғана берілетін көрінеді. Еске сала кетейік, кеше Талас ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде малға қасқыр шауып, 200 бастан астам қой мен ешкісін қырып кеткендігі жөнінде хабарлаған болатынбыз. Салдарынан шаруа қыруар шығынға ...

Читать далее »

Жамбыл облысында қасқырлар бір түнде қожалықтың 200-ден астам қой-ешкісін қырып кетті

Ағадал малынан айырылған шаруа түз тағысымен күресуге қауқар жоқ дейді. Өйткені жыртқышты атуға тыйым салынған, деп хабарлайды Xnews «Хабар 24» телеарнасы. Оқиға Талас ауданының Қызыләуіт ауылы маңында болған. Малдың иелері таланған қойлардың жартысын сойып үлгеріп, арам қатқандарын өртеп жіберіпті. Келген шығын әлі есептеліп жатыр. Қазір төңіректегі ауыл тұрғындары шығынға батқан шаруаға «жылу» жинауды бастап кеткен. Бұдан бөлек, Павлодар облысының орталығынан ...

Читать далее »

Өзбекстанның Қазақстаннан басты үш артықшылығы

Бауырлас елдің артықшылығы туралы «Dalanews.kz» сайтында шыққан мақаланы сілтеме жасап оқырмандарымызға ұсынып отырмыз. 2020 жылдың алғашқы күндерінде Өзбекстанға жасаған сапарымыз өте жақсы әсер қалдырды. Тәшкенттен «Афросияб» жүрдек поезымен Самарқанға жол бүкіл мемлекеттің артықшылықтарын алдымызға жайып салды. Соңғы жиырма жылдай уақыт Қазақстан Өзбекстанмен бәселекестікте жүргендей сезілетін. Тіпті «Орта Азияның көшбасшысы» саналып, аймақтық лидер атануға ұмтылғаны есімізде. Үй салуға арзан жұмыс күші ...

Читать далее »

Екі жарым сағатқа созылған отырыс: Тоқаев үкіметте қандай мәлімдемелер жасады?

Қазақстан президенті төрағалық еткен үкіметтің кезекті кеңейтілген отырысы екі жарым сағатқа созылды,-деп хабарлайды Xnews sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет үйінде осымен екінші рет министрлер мен әкімдердің басын қосып отыр. Үкіметтің кеңейтілген отырысы таңғы сағат 10:25-те басталып, түскі 13:07-де бір-ақ аяқталды. Екі жарым сағатқа созылған жиында президент үкіметтің жұмысын да сынады, маңызды мәлімдемелер де жасады. Солардың бірсыпырасын ...

Читать далее »

Шымкентте жәрдемақы талап еткен аналардың әрекеті қызу талқыға түсті (видео)

Көңілді уақыт өткізген аналардың жайылған мерекелік дастарханында алкогольді сусынның ыдысы да табылады. Желіде әлеуметтік жәрдемақы үшін жоспар құрған әйелдер тобын бейнелейтін ролик таралды, деп хабарлайды Xnews ақпараттық агенттігі Elitar.kz порталына сілтеме жасап. Онда жағдайларының нашар әрі баспанасыз, балаларын асыра алмай жүргендіктерін айтып әкімшіліктен ақша талап еткен аналардың қалай көңіл көтеретіндіктері, өзіндік жоспарлары бейнеленіпті. Аталған роликте берілген аудиожазбаларда көпбалалы аналардың бірі: ...

Читать далее »

«Сыра королінің» сарайлары мен үйлері аукционға шығарылды

Шымкентте сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтің «Фосфорник» мәдениет үйі мен басқа да жылжымалы мүлік «қалдықтары» сатылымға қойылды деп хабарлайды Xnews.kz Қолда бар мәліметтерге қарағанда, барлық төрт жылжымайтын мүлік нысаны бір пакетпен сатуға шығарылған, олардың жалпы бастапқы бағасы – 1 миллиард 204 миллион 708 мың 423,00 теңге. Аукцион 2020 жылдың 6 ақпанына жоспарланған және бағаны көтеру әдісімен өткізіледі. Сонымен бірге саудаға шығарылған ...

Читать далее »

Түркістан қаласында 7 700 гектар аумаққа жасыл белдеу құрылады

Түркістан облысында 3 млн. 131 мың гектар орманды дала жер бар. Оның ішінде орманмен көмкерілген алқабы 2019 жылы 11 мың гектарға ұлғайып, 1 млн 615 мың гектарға жетті. Орман қоры жерлерінің шекараларын анықтау, мемлекеттік актілерді сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді деп хабарлайды xnews «Отырар» телеарнасының сайтына сілтеме жасап. 2019 жылы мемлекеттік орман қоры жерлеріне 13 600 га мәдени көшеттер мен сексеуілдің тұқымы ...

Читать далее »

Шымкентте көлік жүргізушісі полицейді үш шақырымға сүйреп кеткен

Шымкентте мас күйде көлік жүргізген азамат полиция қызметкерін қағып, оны 3 шақырымға дейін көлігінің капотында тасыған деп хабарлайды Xnews.kz «Polisia.kz«-ке сілтеме жасап. Шымкент қаласының Тұрар Рысқұлов көшесінде «Mitsubishi Galant» пен «Audi-80» автокөліктері соқтығысты. Полиция қызметкері оқиға орнында «Mitsubishi Galant» автокөлігінің жүргізушісінен құжаттарын көрсетуін талап еткен. Алайда, ол талапты орындаудан бас тартып, оқиға орнынан ізін жасырмақ болған. Жүргізуші көліктің алдын бөгеп тұрған ...

Читать далее »

Қалада орналасқан халық тығыздығы бойынша Шымкент үшінші орында

Бұл туралы Шымкент қалалық статистика департаментінің басшысы Ерназар Құлтаев қалалық әкімдіктің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді. Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер бойынша 2019 жылғы 1 желтоқсанға қаладағы тұрғын саны 1033,5 мың адамды құрады және 2018 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда 22,3 мың адамға (2,2%) өсті. 25,8 мың сәби туып, 2018 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 4,8%-ға өсті. Тұрмыс деңгейі бойынша, 2019 жылғы III тоқсанда қаладағы ...

Читать далее »

Шымкент қаласының әкімі құрылыс нысандарының сапасын тексерді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әкімшілік іскерлік орталығы мен «Шымкент Сити» шағынауданында салынып жатқан әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аралау барысында қала басшысы құрылыстың сапасы мен қасбетіне баса назар аударуды жеткізді. shymkent.gov.kz Сондай-ақ, әкім жаңа тұрғын үй секторлары толығымен инженерлік-коммуникация инфрақұрылымы жүйесімен қамтуды, қауіпсіздік шараларын күшейтуді, қалада салынып жатқан құрылыс ...

Читать далее »

Шымкентте ТМД елдерінің мәдени астанасына дайындық барысы пысықталды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен ТМД елдерінің мәдени астанасы іс-шараларын өткізу және дайындық жұмыстары бойынша мәжіліс болып өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәдени астана мәртебесін жоғары деңгейде атап өту үшін қала әкімдігімен негізгі 6 бағытты қамтитын тапсырма- жоспар бекітіліп, бүгінде олармен тиісті жұмыстар басталып кетті. Мәдени астана жылы ТМД елдері мен ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетінін ...

Читать далее »

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен алғашқы аппарат мәжілісі өтті

Мәжілістің күн тәртібінде бірқатар мәселе көтеріліп, нақты тапсырмалар жүктеді деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Атап айтар болсақ, индикаторлар бойынша жұмыстарды күшейту және ТМД елдерінің мәдени астанасы жылын жоғары деңгейде өткізу. Сонымен қатар, Мұрат Дүйсенбекұлы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша ауқымды жұмыс атқаруды алға тартты. Сондай-ақ, шаһар басшысы әр сала жетекшілеріне жұмысты сапалы әрі уақтылы атқаруды тапсырды.

Читать далее »

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын тойлау ресми түрде басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың ұлы ойшылы, ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған салтанатты шараға қатысты деп хабарлайды Xnews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. aqorda.kz Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық өңірінде және шетелдерде жыл бойына өтетін мерекелік шараларды ресми түрде бастап берді.  «Қазақ халқы – Абайдың халқы» атты мерекелік ...

Читать далее »

Шымкент шаһарының жаңа басшысы туралы не белгілі

Жаңа тағайындауға байланысты «Инженерден — әкімге дейін. Шымкенттің жаңа басшысы туралы не белгілі» атты Tengrinews сайтында шыққан мақаланы сілтеме жасап ұсынамыз. Мұрат Әйтенов 1981 жылы сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауылында дүниеге келген. 2004 жылы армия генералы С. М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және технологиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Одан бөлек Қарағанды экономика университеті мен М. ...

Читать далее »

Шымкентке жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен және қалалық мәслихаттың келісімімен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды , деп хабарлайды Xnews Ақордаға сілтеме жасап. Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов 1981 жылы 30 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында дүниеге келді. 2004 жылы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған. ...

Читать далее »

Түркістанда УЕФА талаптарына сай стадион салынуда

Бүгінде Түркістанда УЕФА-ның халықаралық талаптарына сай орталық стадионның құрылысы қызу басталуда,- деп хабарлайды Otyrar.kz. Облысымызда мәдени-спорттық іс-шаралар өтетін спорт нысанын «Самрұқ Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры салып, биыл мамыр айында аяқтауды жоспарлап отыр. Облысымызда дүниежүзі бойынша кең тараған спорт түрі-футболды дамыту мақсатында УЕФА-ның халықаралық талаптарына сай 7000 адамға лайықталған алып стадион құрылысы жүргізілуде. Мұнда 2 спорт залы, әлемдік аренаға жауап беретін ...

Читать далее »

Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандыққа қатысты үкім шықты

Кореяда сот 7 жасар баланы көлікпен қағып кеткен қазақстандық азаматқа үкім шығарды, — деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Сот оны екі жарым жылға бас бостандығынан айырды. Баланың ата-анасы сотталушыға кешірім жасаған жоқ. Олардың айтуынша, ем-домға 60 миллионнан астам вон жұмсаған, бұл шамамен 50 мың доллар. Сондай-ақ баласына күтім жасау үшін әкесі мен анасы жұмысын тастауға мәжбүр ...

Читать далее »

Жемқорлық фактісі туралы хабарлағандарға 1,5 млн теңге берілді

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарасты Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Ринат Қабиев айтты. «Жемқорлық фактілері туралы хабарлаған белсенді азаматтық ұстанымы бар ел тұрғындарын ынталандыру қарастырылған. Айталық, 2019 жылы сотта қаралған қылмыстық істер бойынша 9 азаматқа 126 250 теңгеден 176 750 теңгеге дейін, жалпы 1,5 млн теңгеге жуық сыйақы берілді», – деді ол. Сонымен қатар агенттік ...

Читать далее »