Авторские архивы: admin

Қазақстандықтар 2020 жылы қанша күн демалады

Қазақстандықтарды 2020 жылы көп демалыс күтіп тұр. Тек жаңа жылдық мерекеге орай ел тұрғындары төрт күн қатарынан демалады деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 2020 жыл қазақстандықтарға 23 демалыс күн сыйламақ. Тек жаңа жылдық мерекенің өзінде ел тұрғындары 1 қаңтардан 4 қаңтарға дейін демала алады. Бірақ, оларға жексенбі күнге түсетін 5 қаңтар күні жұмысқа шығуға тура келеді. Артынша 6 ...

Читать далее »

Қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин өмірден өтті

Қайғылы хабар. Қазақстан Республикасы мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, «Қазақстанның тәуелсіздік декларациясына» қол қойған тарихи тұлға Серікболсын Әбділдин өмірден өтті. Серікболсын Әбділдин 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Тарбағатай ауданы Қызылжұлдыз ауылында туған. 1960 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітіріп, еңбек жолын агроном болып бастаған. 1963–1966 жылдары аспирант, аға ғылыми қызметкер, 1967–1982 жылдары — Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының ...

Читать далее »

1 қаңтардан бастап көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамай төленетін мемлекеттік жәрдемақы енгізілді, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі өкілдерінің айтуынша, жәрдемақы отбасының бала санына қарай беріледі. Айта кетейік, ведомство атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы жүйесін жетілдіру мақсатында жаңа заң жобасын әзірлеген. Келер жылдан бастап күшіне енетін заң жобасына бірнеше шарттар қосылды. Солардың бірі ...

Читать далее »

Тоқаев қазақстандықтарды алғаш рет Жаңа жылмен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын жаңа 2020 жылымен құттықтады деп хабарлайды pyx.kz Ақордаға сілтеме жасап. Қымбатты отандастар! Аз ғана уақыттан кейін Жаңа 2020 жыл табалдырығымыздан аттайды. Бұл – баршамызға жайдары көңіл-күй мен зор үміт әкелетін айрықша сәт. Тарихымыздың төрінде екі жылдың тоғысқан сәтінде айтылатын ақ тілектің орны бөлек. Әрбір азамат, әрбір шаңырақ Жаңа жылдан жақсылық күтеді. Бұл – табиғи дүние. Біздің бүгінгі басты бағытымыз –Жаңғыру жолы. ...

Читать далее »

Алматы әуежайында ұшақ құлады

Әзірге белгілі ақпарат бойынша, Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтан бағытында ұшуы тиіс болған «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы әуеге көтерілер кезде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz. Алматы әуежайының диспетчерлік қызметінің операторынан түскен ақпарат бойынша, «Алматы — Нұр-Сұлтан» бағытында әуеге көтерілген «Бек Эйр» әуе компаниясының кемесі радардан жоғалып кетті. Жолаушылар саны – 95. Экипаж саны – 5. Ұшақ түрі: «Фоккер-100». Алматы әуежайындағы көліктегі полиция бөлімінің ...

Читать далее »

Түркістан облысында жан түршігерлік жол апаты болды

Түркістанға жол тартқан лық толы автобус жантүршігерлік апатқа ұшырады , — деп хабарлайды «КТК» телеарнасы. Түркістан облысында жан түршігерлік жол апаты болды. Шымкенттен Түркістанға жол тартқан жолаушыға лық толы шағын автобус трактордың артынан қатты соққан. Соның салдарынан екі адам көз жұмса, тағы алтауы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Әсіресе 25 жастағы келіншектің хәлі мүшкіл. Жол апаты таңғы алты жарым шамасында Шымкент-Самара ...

Читать далее »

Тәуелсіздік жылдарында Шымкент халқының саны 3 есеге артқан

Шымкентте «16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мерекесіне орай қала әкімінің қатысуымен Түркістан сарайында салтанатты жиын өтті, — деп хабарлайды Рух тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. «Ел бақытын тербеткен — Тəуелсіздік» мерекелік жиынды Шымкент қаласының əкімі Ерлан Айтаханов ашып, құттықтау сөз сөйледі. «Тəуелсіздік күні — Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Біз бабалар аңсаған бейбіт және тәуелсіз елде өмір ...

Читать далее »

Түркістан облысында ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі кең көлемде атап өтілді

ҚР Тәуелсіздігіне 28 жыл толуына орай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «Рәміздер алаңында» мемлекеттік Туды салтанатты ұлықтау рәсімін өткізді деп хабарлайды Рух тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты шараға ұласқан мерекелік кеште сарбаздардың сап түзеуімен Мемлекеттік Ту орнатылып, Әнұран орындалды. Кешті өңірдегі зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер, барлық саланың мамандары, еңбек азаматтары тамашалады. Алғы сөз алған облыс ...

Читать далее »

Дональд Трамп Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

АҚШ Президенті Дональд Трамп жеделхатында елінің және жеке өз атынан Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 28 жылдығымен құттықтаған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Pyx.kz Ақордаға сілтеме жасап. Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп жеделхатында елінің және жеке өз атынан Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 28 жылдығымен ...

Читать далее »

«Волонтер жылы» студенттердің шәкіртақысы 25% өседі

Келер жылы студенттердің шәкіртақысы 25 процентке өседі, деп хабарлайды «Хабар 24» Жастар жылын қорытындылаған жиында Мемлекет басшысы осылай деді. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі буын өкілдерін қолжетімді баспанамен қамтуға пәрмен берді. Енді Үкімет жастар саясаты туралы кешенді бағдарлама әзірлеп, заң жүзінде бекітетін болады. Кешен іші қым-қуыт. Адамдар сапырылысып жатыр. Әне-міне дегенше Президент те келеді. Жауаптылардың жанталасып жатқаны сондықтан. Белсенді жастар ...

Читать далее »

Қазақстанның оңтүстігінен мұнай табылды

Түркістанның жанынан жаңа мұнай көзі ашылуы мүмкін. Түрлі-түсті металл іздеуге шыққан геологтар өңірде қазылған 39 ұңғымадан мұнай белгілерін анықтаған. Мамандар енді ондағы мұнай көлемін анықтауға кіріспекші деп хабарлайды КТК телеарнасы. Табиғи байлық белгілері Шақпақ елді-мекенінің жанынан табылды. Негізі геологтар қорғасын, мырыш сынды металл іздемекші болған. 300 метр тереңдікте қазылған ұңғымалардан мұнай тектес сұйық зат шығыпты. Мамандардың айтуынша, Шу-Сарысу бассейні бұрыннан-ақ ...

Читать далее »

«Астана» қатарынан алтыншы рет ел чемпионы атанды

«Астана» қатарынан алты дүркін ел чемпионы атанды. Елорда командасы премьер-лиганың аяқталуына бір тур қалғанда «Қайраттан» қара үзіп кетті. Роман Григорчук шәкірттері Қостанайда «Тобылдың» осал тұсын тапса, Алматылықтар Павлодарда «Ертіске» қарсы тұра алмады. «Астана» сапынан шешуші голды 38-минутта Юрий Логвиненко соқты. Қорғаушы әуелеп келген долпты баспен қақпаға дәл бағыттады. «Тобыл» қола жүлдеден дәмелі еді. Сондықтан алаң иелері де атақты қарсыласын аяқтан ...

Читать далее »

2022 жылдан бастап Қазақстанның барлық өңірінде жастарға жалдамалы пәтер салынбақ

— 2022 жылдан еліміздің басқа да өңірлерінің жұмысшы жастарына жалдамалы пәтер салынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты «2019 жылы 3 000 пәтер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 5 жыл мерзімге жалға берілетін болады. Болжанған жалдау ақысы 15 мың теңгеден аспайды. Ал, тұрғын үй алаңы кемінде 40 ...

Читать далее »

Оңтүстік Кореяда «Шырайлы Шымкент» дәмханасы ашылды

Дәмхананы корей жігітіне күйеуге тиген қазақстандық келіншек ашты, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл атауды оған кәсіпкерлік нысанның иесі, Қазақстан азаматы берген. Владислав Цой, тілші: – «Шырайлы Шымкент» дәмханасы Ёнсанда орналасқан, егер корей тілінде жазу көп демесеңіз, құдды бір Қазақстандағы үшінші мегаполисте жүргендей сезінесіз. Ёнсан да Шымкент секілді мемлекеттің оңтүстігінде орналасқан, ауа райы да ұқсайды, қазір сынап бағанасы +20 градусты көрсетіп ...

Читать далее »

Түлкібас ауданында «Жастар аллеясының» ашылу салтанаты өтті

– Түркістан облысы, Түлкібас ауданында «Жастар аллеясы» пайдалануға берілді. Жастар жылына орай салынған нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен облыстағы ардагер, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты

Читать далее »

Қазақстанда 30 мыңға жуық дарынды бала бар — Бердібек Сапарбаев

ҚазАқпарат –Дарынды жастарды ұлықтайтын Ақтөбедегі марафонға бес облыстың үздіктері жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Марафонға қатысушылар ретінде бизнес, мәдениет, спорт немесе медицина саласында белгілі бір жетістіктерге жеткен жас буын өкілдері тартылады. Олар өздерінің мамандық таңдауы, өмір жолы, қалыптасуы мен дамуы туралы әңгімеледі.

Читать далее »

Қазақстандықтар электрондық ақша жүйелері арқылы 443,5 млрд теңге аударған

— 2019 жылдың тоғыз айында Қазақстанда 400 млрд теңгеден астам сома электрондық ақша аудару жүйелері арқылы өтті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2019 жылғы тоғыз айда электрондық ақша жүйелерінің эмитенттері 436,4 млрд теңге сомаға электрондық ақша шығарды, бұл өткен жылғы деректерден 13,5% асады. «Қазақстанның электрондық ақша жүйелері арқылы 443,5 млрд теңге сомаға 117 млн транзакция ...

Читать далее »

Отырарлық диқандар «Алтын күз» мерекесін тойлады

– Түркістан облысы Отырар ауданында «Алтын күз-2019» мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелік шараға қатысқан аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов ауыл шаруашылық техникалары мен асыл тұқымды ірі қара және ұсақ малдар қойылған көрмені тамашалап, мереке аясында ұйымдастырылған жәрмеңкені аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жергілікті өнімдерге басымдық берген жәрмеңкеде көпшілікпен бірге аудан басшысы да сауда жасап, жергілікті бақша өнімдерін сатып алды. ...

Читать далее »

«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Үшінші кезеңге өтінім қабылдау аяқталды

— «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының үшінші кезеңіне өтінімдерді қабылдау аяқталды Жоба биылғы жылы жасы 39-дан аспаған жастарға арналып отыр. Жеңімпаздар 5 қараша күні онлайн-ауыс беру арқылы анықталады. «100 жаңа есімнің» мақсаты – жетістікке жеткен тұлғалардың табыс сырын бұқараға жеткізіп, жастарды сондай қадамдарға шабыттандыру. Мәселен, жобаның бірінші кезеңіндегі жеңімпаз Рахат-Би Әбдісағин жеңімпаз атанғаннан кейінгі екі жылдың жемісті болғанын айтады. «Қазақтың ...

Читать далее »

«Канело» Ковалевті нокаутпен жеңді

– Мексикалық боксшы Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО) ресейлік Сергей Ковалевті (34-3-1, 29 КО) ауыр нокаутқа жіберіп, төртінші салмақ санатында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. Боксшылар жартылай ауыр салмақ санатында WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белдігіне таласқан жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) MGM Grand аренасында болды. «Канело» 11-раундта Ковалевті ауыр нокаутқа түсіріп, WBO белдігін тартып алды. ...

Читать далее »