Авторские архивы: admin

Түркістандықтар тұрғылықты жерлерінде тазалық жұмыстарын жүргізді

Түркістан қаласында «Жасыл аймақ» апталығында аулаларды абаттандыру, көшет отырғызып, көгалды аймақ көлемін ұлғайту мақсатында жұмыстар атқарылуда. Осы ретте қаладағы Сауран секторының тұрғындары республикалық акцияда сенбілікке шығып, көгалды аумақтарына күтім жасады. Аға буын өкілдері игі істің басынан табылып, кейінгі ұрпаққа үлгі көрсетті. Айта кетсек, бүгінде облыс орталығында республикалық акцияға үлес қосуға ниетті мекемелер өз аулаларында көпжылдық және біржылдық гүл көшеттерін егуді ...

Читать далее »

Төлебиде мешіт қызметкерлері де акцияға үлес қосты

«Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Төлеби ауданындағы «Нұр» мешітінің қызметкерлері экологиялық акцияға үлес қосты. Олар мешіт ауласында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қураған ағаштарды бұтап, түптерін әктеді. Сондай-ақ, мешіт аумағын күл-қоқыстан тазартты. Игі шара ауданның бас имамы Үсен Сауырбаевтың бастамасымен қолға алынған. Бүгінде апталық аясында аудандағы барлық ауылдар мен елді мекендерде тал-гүл көшеттері егіліп жатыр. ...

Читать далее »

Мақтааралда 10 мың түп гүл көшеті егілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде 10 мың түп гүл көшеттері егілді. «Мырзакент қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» саябағы мен «Жастар» гүлзарына, С.Жаштаев пен С.Қожанов көшелеріне түрлі гүл көшеттерін екті. Оның арасында раушан, сальвия және питуния сынды гүл түрлері бар. Көшеттер Сарыағаш және Қазығұрт аудандарынан әкелінуде. Сондай-ақ, аудан орталығындағы кәсіпкерлік ...

Читать далее »

Антына адал ақ халатты – абзал жан

Жоғарғы санатты дәрігер инфекционист Имангалеева Эльвира Қанатқалиқызы 2006 жылдан Шымкент қаласындағы ЖИТС орталығында балалар инфекционисі қызметін атқарып келеді. Дәрігерге АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің профилактикасын жүргізу міндеті жүктелген. Балалардың болашағы бей-жәй қалдырмаған дәрігер, бүгінде біліктілігімен АИТВ жұқтырған жүкті аналарды жіті бақылап, емдеудің арқасында сау балалардың дүниеге келуіне ықпал етуде. ЖИТС орталығында есепте тұратын әйелдер арасында жыл сайын 15-30 жүктілік тіркеліп тұрады, ...

Читать далее »

В Шымкенте прооперирован новорожденный с атрезией пищевода

В шымкентском городском перинатальном центре за счет ОСМС новорожденному с атрезией пищевода проведена сложнейшая операция. Ребенок из-за врожденных пороков не мог питаться молоком матери. Квалифицированный врачебный состав принял решение оказать в экстренном порядке неонатальную хирургическую помощь малышу одного дня от роду, жизни которого угрожала опасность. Операция прошла успешно, новорожденный с мамой переведены в общую палату. В ближайшее время они будут ...

Читать далее »

Түркістанда әлеуметтік сала қызметкерлері экоакцияға үлес қосты

Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» экоакциясының «Жасыл аймақ» апталығы жалғасып жатыр. Облыс орталығындағы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұжымы да игі іске қолдау білдіріп, өңірдің жасыл желекке орануына өзіндік үлестерін қосты. Мамандар шара барысында орталықтың ауласын абаттандырып, ағаш түптерін қопсытты. Сондай-ақ, жайлы орта қалыптастыру мақсатында көпжылдық гүл көшеттерін екті. Орталық мамандары осындай акциялардың жүйелі түрде ұйымдастырылатынын айтып, қала тазалығы мәдениетін қалыптастыруда, табиғатты ...

Читать далее »

Отырарда саябақтарда сенбілік өтіп жатыр

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Отырар ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған шараларға тұрғындар белсене атсалысып жатыр. Бүгінде Отырар ауыл округіне қарасты Мөлке Шойман ауылындағы саябақтың айналасын қоқыстан тазарту, жолдың жиектеріндегі қоршауларды сырлау, төңіректі арамшөптерден тазарту, ағаштарды ақтау, топырақ түбін қопсыту жұмыстары атқарылды. Алдағы уақытта «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» ...

Читать далее »

Келесте абаттандыру жұмыстары атқарылуда

Келес ауданында экоакция аясында «Жасыл аймақ» апталығында сенбілік ұйымдастырылды. Шара барысында аудан орталығының ішкі көшелеріне абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаш түптері әктелді. Сондай-ақ, ауданда акция аясында ағаштарды реттеу, күл-қоқыстан тазарту жұмыстары атқарылды. Тазалық шараларына барлық мекеме қызметкерлері, жастар және жергілікті тұрғындар атсалысты. Айта кетсек, «Жасыл аймақ» апталығы 22-27 сәуір аралығында өтеді. Сонымен қатар, алдағы апталарда 27 сәуірден 4 мамырға дейін — ...

Читать далее »

Түркістан облысының әкімдігі мен Президент іс басқармасы медициналық орталығы арасында меморандумға қол қойылды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚР Президент Іс басқарамасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цоймен кездесіп, өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттыру және денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша бірқатар мәселелерді талқылады. Орталық басшысы жергілікті дәрігерлердің біліктілігіне жоғары баға берді. Кездесу нәтижесінде Түркістан облысының әкімдігі мен Медициналық орталық арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім аймақ тұрғындарына дәрігерлердің кеңестерін, санаторий-курорттық емдеу және ...

Читать далее »

Ордабасы ауданында жалпыаудандық сенбіліктер өтіп жатыр

«Таза Қазақстан» экоакциясы аясындағы «Жасыл аймақ» апталығында Ордабасы ауданына қарасты ауылдарда сенбіліктер ұйымдастырылуда. Шаралар барысында саябақтарда жалпы саны 685 ағаш әктеліп, жол бойындағы ғимараттардың қасбеттері сырланды. Сонымен қатар, орталық көшелердегі аялдамалар реттеліп, көше бойларында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сенбілік барысында 500 түп гүл мен 50 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Орталықта орналасқан 35 көшеде жаяу жүргіншілер жолақтары қайта қалпына келтірілді. Жалпы тазалық ...

Читать далее »

Созақ ауданының барлық елді мекендерінде көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр

Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы жалғасын табуда. Бүгінде Созақ ауданы аумағында санитарлық тазалық пен көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Акция аясында барлық ауылдар мен елді мекендерде гүл мен тал көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ, аялдамаларды қалпына келтіру, күл-қоқыс шығару, тазалау, тұрғын үйлердің ауласындағы қоршауларды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, талдардың түптері әктеліп, жол белгілері ...

Читать далее »

Турецкая компания построит в Шымкенте парогазовую установку

Турецкая компания Aksa Energy подписала меморандум по строительству парогазовой установки мощностью до 500 МВт с акиматом Шымкента, сообщила пресс-служба акимата. «Аким города Шымкент Габит Сыздыкбеков и представители турецкой компании Aksa Energy во главе с Мурадом Юстелом подписали меморандум о реализации проекта по строительству в городе парогазовой установки (ПГУ) мощностью до 500 МВт. Строительство установки начнется в ближайшее время», — говорится ...

Читать далее »

Түркістандық ардагерлер саябаққа 100 дана арша ағашын отырғызды

Республикалық экоакцияға түркістандық ардагерлер мен өзге ұлт өкілдері үлес қосып, облыс орталығындағы «Парасат» саябағына 100 дана боз арша көшеттерін отырғызды. Айта кетсек, арша ағашын ел ішінде «денсаулық ағашы» деп те атайды. Өйткені ол жылына орта есеппен 1 тоннадан аса шаң жұтып, айналасына 1 500 литр оттегі бөліп шығарады. Арша орманының 1 гектары жылына 18 миллион текше метр ауаны көміртегі газынан ...

Читать далее »

Қаржы министрі жұмыс сапарымен Шымкентке келді

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Тақиев Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Министрді қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов қарсы алып, ең алдымен “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағын таныстырды. 2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан толыққанды тоқыма кластерін аралап, алдағы жоспарларын пысықтады. Бұл аймақ тоқыма химия, мұнай-химия салаларын және ішінара машина жасау өндірістерін дамыту үшін қолайлы инвестициялық алаң саналады. Өндірістік пул 65 ...

Читать далее »

Турецкие инвесторы построят парогазовую установку в Шымкенте

Аким города Шымкент Габит Сыздыкбеков и представители турецкой компании «Aksa Energy» во главе с Мурадом Юстел подписали меморандум о реализации проекта по строительству в городе парогазовой установки (ПГУ) мощностью до 500 МВт. Строительство установки начнётся в ближайшее время. Глава мегаполиса отметил, что ввод нового проекта положительно скажется на улучшении экологической ситуации в городе и осуществит дополнительные поступления в бюджет. Следует ...

Читать далее »

Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мурад Юстел бастаған «Aksa Energy» компаниясының өкілдерімен кездесіп, қуаттылығы 500 МВт-қа дейін аралас циклды газ зауытын салу жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды. Қондырғы құрылысы биыл басталады. Мегаполис басшысы жаңа жобаны енгізу қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізіп, қала бюджетіне қосымша кіріс әкелетінін атап өтті. Құны 700 миллион АҚШ долларына жуықтайтын инвестициялық ...

Читать далее »

WD и поднимают цену на SSD и HDD

Цены на SSD растут уже много месяцев подряд, и ранее мы уже видели прогнозы о продолжении роста. Теперь вот появилось внутреннее письмо Seagate, в котором прямо говорится о немедленном повышении цен. TrendForce сообщает, что WD и Seagate официально приказали своим розничным партнерам провести масштабное повышение цен не только на SSD, но и на HDD. Аналитики TrendForce ранее уже сообщали, что ...

Читать далее »

Шардаралық 9 оқушы робототехника бойынша Испаниядағы жарысқа жолдама алды

Жуырда Түркия мемлекетінің Анталья қаласында өткен халықаралық “Robotex Turkiye 2024 ” робототехника сайысы өтті. Айтулы сында Түркістан облысы, Шардара ауданының Мәулен Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының “Shardara team” робототехника командасы Азияның түкпір-түкпірінен келген 34 команданың арасында өткен білім бәйгесінде “Lego Sumo” категориясы бойынша ІІІ орынды қанжығасына байлады. Информатика пәнінің мұғалімі Маржан Саудабаеваның баптайтын команда Испанияда өтетін жарысқа жолдама алды. Түркістан ...

Читать далее »

Арыста «Жасыл аймақ» апталығында ауыл округтерді абаттандыру жұмыстары жүруде

Арыс қаласында республикалық экоакция аясындағы «Жасыл аймақ» апталығында Ақдала, Жиделі және Байырқұм ауылдық округтерінде ағаш көшеттері отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстар барысында Байырқұм ауылдық округінде 200 түптен астам қаратал көшеттері егілді. Бұдан бөлек, жасыл желек қоршаулары ретке келтіріліп, бағаналар сырланды. Сондай-ақ, арық-атыздар тазаланып, күл-қоқыстар тазартылды. Айта кетейік, «Жасыл аймақ» апталығы – ағаш көшеттерін отырғызуға, тал түптерін әктеп, абаттандыруға бағытталған. ...

Читать далее »

Жетісайда театр өнерпаздары «Жасыл аймақ» апталығына үлес қосты

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының ұжымы республикалық экоакция аясындағы «Жасыл аймақ» апталығына өз үлестерін қосты. Шара барысында театр ғимаратының ауласы шөптерден тазартылып, көшеттер отырғызылды. Одан бөлек, көгалдандыру шаралары жүргізілді. Бүгінде облыстағы мәдениет мекемелері мен аудан-қалалардағы бөлімдер тарапынан түрлі тазалық шаралары ұйымдастырылуда. Айта кетсек, «Жасыл аймақ» апталығы 22-27 сәуір аралығында жүргізіледі. Сонымен қатар, алдағы апталарда 27 сәуірден 4 мамырға дейін — ...

Читать далее »