Шымкентте жәрдемақы талап еткен аналардың әрекеті қызу талқыға түсті (видео)

Көңілді уақыт өткізген аналардың жайылған мерекелік дастарханында алкогольді сусынның ыдысы да табылады.

Желіде әлеуметтік жәрдемақы үшін жоспар құрған әйелдер тобын бейнелейтін ролик таралды, деп хабарлайды Xnews ақпараттық агенттігі Elitar.kz порталына сілтеме жасап.

Онда жағдайларының нашар әрі баспанасыз, балаларын асыра алмай жүргендіктерін айтып әкімшіліктен ақша талап еткен аналардың қалай көңіл көтеретіндіктері, өзіндік жоспарлары бейнеленіпті.

Аталған роликте берілген аудиожазбаларда көпбалалы аналардың бірі: «Бірақ реально 80 немесе 100 ана жиналуымыз керек»,- десе, енді бірі «Кеше ойбай шығамыз-шығамыз деп бәрің лыпылдап жатыр едіңдер. Біреуің барған жоқсыңдар ғой. Отырып аласыңдар да, ой анау мынандай, анау мынандай дейсіңдер. Докажит («доказать» — ред.) етіп, істеңдер соның бәрін. Өтірік емес, собесдегі Ғалымжаның да, Еркебұланың да, Дарханың да, 4 аудан әкімшілігінің адамдары, Абай ауданының әкімі, Еңбекші ауданының әкімі бәрі келді. Бүкілі жиналды сол жерге. Бәрі келді қасымызға, лыпылдап жүгіріп жүр. 21 мың теңге түсірмеген 2-3 қатын (сол күйінде берілді — ред.) бар еді, именно солардікін түсіріп беретін болып кетті Ғалымжанның өзі. Апарып собесге, алып келді солардың бәрін тексертіп. «Ладушкиге» алып барып, бүкіл дастарханды жайып жіберіп, қонақ қылып күтті бізді обедте», — деген.

Ал келесі аудиожазбада:

  • «Қыздар, ертең әкімшіліктің адамдары «жүріңдер-жүріңдер, продукты, анау-мынау берем» деп алдап, әкетіп қалады. Айт бірінші, кім квартирада тұрады, квартираның ақшасын төлеп беріп отыратын болсаңыздар кетеміз деп. Ана группада сондай. Олардың жартысының квартирасының ақшасын әкімшілік төлеп жатыр»,- делінген. Ал шындығында солай ма?

Бұл инстаграм желісінде әжептеуір талқыға түсіп, ондағы қолданушылардың пікірін екіге жарыпты. Бір бөлігі мұны дұрыс деп санаса, басым көпшілігі аналардың әрекетін жөнсіз санаған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Туркестанскую область с начала года посетили более 700 тысяч гостей

Туркестанскую область за 9 месяцев 2024 года посетили более 700 тысяч гостей. Об этом сегодня сообщил руководитель Управления туризма Туркестанской ...

Түркістан облысына жыл басынан бері 700 мыңнан астам қонақ келген

Түркістан облысына 2024 жылдың 9 айында 700 мыңнан астам қонақ келген. Бұл жайында бүгін Түркістан облысының туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет ...