Авторские архивы: admin

Биыл Рамазан айы қашан басталады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2020 жылғы діни күндер кестесін бекітті деп абарлайды, Pyx.kz тілшісі ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасап. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған кестеге сәйкес, биыл Рамазан айы 25 сәуірде басталады. Ораза айт мерекесі 24 мамырға, ал Құрбан айт 31 шілде мен 2 тамыз аралығына түсіп отыр. Діни басқарманың мәліметінше, Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалған. ...

Читать далее »

Мысырда қайтыс болған дипломат Түркістан облысында жер қойнына берілді

Түркістан облысында дипломат Еламан Жолдасовтың жерлеу рәсімі өтті деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Каир қаласында қаза тапқан Мысырда Қазақстан елшісі болып қызмет еткен дипломат Еламан Жолдасовтың денесі Қазақстанға жеткізілді. Оны Түркістан облысында жерледі, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қайтыс болған адамның туысы Нәзипа Өсербаеваға сілтеме жасап. Әйелдің айтуынша, Еламанды 31 желтоқсанда Түркістан облысындағы өзінің туған жері Шарбұлақ ауылында жерлеген. ...

Читать далее »

Иран генералы қазасынан кейін мұнай қымбаттады

АҚШ соққысының салдарынан қайтыс болған ирандық генерал Касим Сулейменидің өліменен кейін мұнай бағасы 2% қымбаттады, — деп хабарлайды Рух тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап. Багдадтағы әуежайдан шығып келе жатқан көлік коллонасына соққы жасалғанда ирандық генерал Касим Сулеймани қаза тапқан болатын. Сулеймани Иранның шетелдегі әскери операцияларын ұйымдастыруға жауапты Эль-Кудс әскери бөлімшесін басқарды. Сауда деректеріне қарағанда, Brent маркалы мұнайға наурыздық фьючерстің бағасы ...

Читать далее »

ШҚО-да көлікке баллон байлап, сырғанаған екі жігіт қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында баллонмен сырғанамақ болған үш жасөспірім жол апатына түсіп, салдарынан екеуі мерт болды деп хабарлайды pyx.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның хабарлауынша, жантүршіктірерлік жол апаты 2 қаңтарда Бесқарағай ауданында болған. Үш жасөсіпірім автокөлік баллонымен сырғанамақ болып, оны Nissan Terrano көлігіне байлаған. Олардың бірі рөлге отырып, қалған екеуі сырғанаған. Транспорттық құрал қозғалысты бастаған сәтте баллон қарсы бағытқа ...

Читать далее »

Желіде Bek Air ұшағының құлаған сәті түсірілген видео пайда болды

Алматыда Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағының құлаған сәті түсірілген видео жарияланды, — деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі. Ролик YouTube-тегі Joella Horn арнасында пайда болды. Видео бақылау камераларына түсірілген. Лайнер жер үстінде сырғанап, қоршауды тесіп өтіп, фонарьды бұзады.

Читать далее »

Затобол кентінің атауы Тобыл деп өзгертіліп, қала мәртебесі берілді

Қостанай облысындағы Затобол ауылының атауы Тобыл деп өзгертіліп, аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылды, — деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап, Бұл қаулыға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін: Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын. Затобол ...

Читать далее »

«Қолданылу мерзімі — 10-15 жыл». 200 теңгелік монеталар айналымға шығады

Қазақстан Ұлттық банкі биыл номиналы 200 теңгелік монетаны айналымға шығарады, деп хабарлады «Хабар 24«. Ұлттық банктің маңызды міндеттерінің бірі қолма-қол ақша айналысында жүрген қолма-қол ақшаның сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл банкнотты эстетикалық тұрғыдан қабылдау, оның санитарлық қауіпсіздігі және қорғалу мәселесі. «Төмен номиналдағы банкноттар 1-1,5 жыл ішінде тозады. Салыстыру үшін, жоғары номиналдағы банкноттар және монеталардың қолданылу мерзімі көбірек. Монеталардың қолданылу ...

Читать далее »

Нидерланд мемлекеті «Голландия» атауынан ресми түрде бас тартты

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Голландия» сөзі Нидерланд мемлекетінің атауы ретінде ресми түрде күшін жойды, — деп хабарлайды NOS радиостанциясы. Енді жергілікті билік, жоғары оқу орындары, жеке компаниялар мен басылымдар «Нидерланд» атауын қолдануы керек. Үкімет бұл қадам арқылы мемлекетті есірткі мен жезөкшелікке байланысты ел образынан айырады деп санайды. Сондай-ақ ел билігі бұл шешім туристер ағынын өзгертеді деп болжап отыр. Себебі ...

Читать далее »

Қазақстандықтар 2020 жылы қанша күн демалады

Қазақстандықтарды 2020 жылы көп демалыс күтіп тұр. Тек жаңа жылдық мерекеге орай ел тұрғындары төрт күн қатарынан демалады деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 2020 жыл қазақстандықтарға 23 демалыс күн сыйламақ. Тек жаңа жылдық мерекенің өзінде ел тұрғындары 1 қаңтардан 4 қаңтарға дейін демала алады. Бірақ, оларға жексенбі күнге түсетін 5 қаңтар күні жұмысқа шығуға тура келеді. Артынша 6 ...

Читать далее »

Қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин өмірден өтті

Қайғылы хабар. Қазақстан Республикасы мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, «Қазақстанның тәуелсіздік декларациясына» қол қойған тарихи тұлға Серікболсын Әбділдин өмірден өтті. Серікболсын Әбділдин 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Тарбағатай ауданы Қызылжұлдыз ауылында туған. 1960 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітіріп, еңбек жолын агроном болып бастаған. 1963–1966 жылдары аспирант, аға ғылыми қызметкер, 1967–1982 жылдары — Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының ...

Читать далее »

1 қаңтардан бастап көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамай төленетін мемлекеттік жәрдемақы енгізілді, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі өкілдерінің айтуынша, жәрдемақы отбасының бала санына қарай беріледі. Айта кетейік, ведомство атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы жүйесін жетілдіру мақсатында жаңа заң жобасын әзірлеген. Келер жылдан бастап күшіне енетін заң жобасына бірнеше шарттар қосылды. Солардың бірі ...

Читать далее »

Тоқаев қазақстандықтарды алғаш рет Жаңа жылмен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын жаңа 2020 жылымен құттықтады деп хабарлайды pyx.kz Ақордаға сілтеме жасап. Қымбатты отандастар! Аз ғана уақыттан кейін Жаңа 2020 жыл табалдырығымыздан аттайды. Бұл – баршамызға жайдары көңіл-күй мен зор үміт әкелетін айрықша сәт. Тарихымыздың төрінде екі жылдың тоғысқан сәтінде айтылатын ақ тілектің орны бөлек. Әрбір азамат, әрбір шаңырақ Жаңа жылдан жақсылық күтеді. Бұл – табиғи дүние. Біздің бүгінгі басты бағытымыз –Жаңғыру жолы. ...

Читать далее »

Алматы әуежайында ұшақ құлады

Әзірге белгілі ақпарат бойынша, Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтан бағытында ұшуы тиіс болған «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы әуеге көтерілер кезде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz. Алматы әуежайының диспетчерлік қызметінің операторынан түскен ақпарат бойынша, «Алматы — Нұр-Сұлтан» бағытында әуеге көтерілген «Бек Эйр» әуе компаниясының кемесі радардан жоғалып кетті. Жолаушылар саны – 95. Экипаж саны – 5. Ұшақ түрі: «Фоккер-100». Алматы әуежайындағы көліктегі полиция бөлімінің ...

Читать далее »

Түркістан облысында жан түршігерлік жол апаты болды

Түркістанға жол тартқан лық толы автобус жантүршігерлік апатқа ұшырады , — деп хабарлайды «КТК» телеарнасы. Түркістан облысында жан түршігерлік жол апаты болды. Шымкенттен Түркістанға жол тартқан жолаушыға лық толы шағын автобус трактордың артынан қатты соққан. Соның салдарынан екі адам көз жұмса, тағы алтауы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Әсіресе 25 жастағы келіншектің хәлі мүшкіл. Жол апаты таңғы алты жарым шамасында Шымкент-Самара ...

Читать далее »

Тәуелсіздік жылдарында Шымкент халқының саны 3 есеге артқан

Шымкентте «16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мерекесіне орай қала әкімінің қатысуымен Түркістан сарайында салтанатты жиын өтті, — деп хабарлайды Рух тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. «Ел бақытын тербеткен — Тəуелсіздік» мерекелік жиынды Шымкент қаласының əкімі Ерлан Айтаханов ашып, құттықтау сөз сөйледі. «Тəуелсіздік күні — Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Біз бабалар аңсаған бейбіт және тәуелсіз елде өмір ...

Читать далее »

Түркістан облысында ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі кең көлемде атап өтілді

ҚР Тәуелсіздігіне 28 жыл толуына орай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «Рәміздер алаңында» мемлекеттік Туды салтанатты ұлықтау рәсімін өткізді деп хабарлайды Рух тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты шараға ұласқан мерекелік кеште сарбаздардың сап түзеуімен Мемлекеттік Ту орнатылып, Әнұран орындалды. Кешті өңірдегі зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер, барлық саланың мамандары, еңбек азаматтары тамашалады. Алғы сөз алған облыс ...

Читать далее »

Дональд Трамп Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

АҚШ Президенті Дональд Трамп жеделхатында елінің және жеке өз атынан Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 28 жылдығымен құттықтаған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Pyx.kz Ақордаға сілтеме жасап. Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп жеделхатында елінің және жеке өз атынан Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 28 жылдығымен ...

Читать далее »

«Волонтер жылы» студенттердің шәкіртақысы 25% өседі

Келер жылы студенттердің шәкіртақысы 25 процентке өседі, деп хабарлайды «Хабар 24» Жастар жылын қорытындылаған жиында Мемлекет басшысы осылай деді. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі буын өкілдерін қолжетімді баспанамен қамтуға пәрмен берді. Енді Үкімет жастар саясаты туралы кешенді бағдарлама әзірлеп, заң жүзінде бекітетін болады. Кешен іші қым-қуыт. Адамдар сапырылысып жатыр. Әне-міне дегенше Президент те келеді. Жауаптылардың жанталасып жатқаны сондықтан. Белсенді жастар ...

Читать далее »

Қазақстанның оңтүстігінен мұнай табылды

Түркістанның жанынан жаңа мұнай көзі ашылуы мүмкін. Түрлі-түсті металл іздеуге шыққан геологтар өңірде қазылған 39 ұңғымадан мұнай белгілерін анықтаған. Мамандар енді ондағы мұнай көлемін анықтауға кіріспекші деп хабарлайды КТК телеарнасы. Табиғи байлық белгілері Шақпақ елді-мекенінің жанынан табылды. Негізі геологтар қорғасын, мырыш сынды металл іздемекші болған. 300 метр тереңдікте қазылған ұңғымалардан мұнай тектес сұйық зат шығыпты. Мамандардың айтуынша, Шу-Сарысу бассейні бұрыннан-ақ ...

Читать далее »

«Астана» қатарынан алтыншы рет ел чемпионы атанды

«Астана» қатарынан алты дүркін ел чемпионы атанды. Елорда командасы премьер-лиганың аяқталуына бір тур қалғанда «Қайраттан» қара үзіп кетті. Роман Григорчук шәкірттері Қостанайда «Тобылдың» осал тұсын тапса, Алматылықтар Павлодарда «Ертіске» қарсы тұра алмады. «Астана» сапынан шешуші голды 38-минутта Юрий Логвиненко соқты. Қорғаушы әуелеп келген долпты баспен қақпаға дәл бағыттады. «Тобыл» қола жүлдеден дәмелі еді. Сондықтан алаң иелері де атақты қарсыласын аяқтан ...

Читать далее »