Ақтауда қандаланы улау кезінде алты жасар бала қайтыс болды

Айыпталушы жазасын қауіпсіздігі барынша төмен түзеу мекемесінде өтейтін болды. Осыдан бір жыл бұрын уытты заттан уланған үш сәби облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, 6 жастағы бала жансақтау бөлімінде көз жұмған еді. Қалғанын дәрігерлер тексерген соң үйіне жіберді. Қайғылы оқиғаға төменгі қабатта тұратын көрші әйелдің өз пәтеріне жәндіктерге қарсы дәрі себуі себеп болған. Ол базардан сатып алған «Квикфос» препаратын бөлмелерге шашып, сыртқа шығып кеткен. Үйде қолдануға тыйым салынған таблеткалар туралы ешкімге ескертпеген екен. Бұл әрекеті абайсызда кісі өліміне әкеп соқтырды. Сот үкімі бүгінде заңды күшіне енді.

  • ҚР қылмыстық Кодексінің 304-бабының 2-бөлігі, яғни санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтамағандықтан абайсызда адамның өліміне апарып соқтыруы бойынша кінәлі деп танылған. Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі аппелициялық сот алқасымен Ақтау қалалық сотының үкімі өзгеріссіз қалдырылып, сотталушының өтініші қанағаттандырусыз қалдырылды,-деді судья Аида Бұлақбаева

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Олжас Бектенов провел заседание республиканского штаба по координации противопаводковых мероприятий

Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Республиканского штаба по координации противопаводковых мероприятий и ликвидации последствий паводкового периода.  О гидрометеорологической ситуации в ...

Олжас Бектенов су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысы ...