Затобол кентінің атауы Тобыл деп өзгертіліп, қала мәртебесі берілді

Қостанай облысындағы Затобол ауылының атауы Тобыл деп өзгертіліп, аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылды, — деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап,

Бұл қаулыға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін: Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын. Затобол кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген сайтта.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры Парижде қырғыз және қазақ жырауларын марапаттады

2025 жылғы 17 мамырда ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас штаб-пәтерінде тарихта алғаш рет қазақ және қырғыз жырауларының қатысуымен дәстүрлі импровизациялық поэзия дуэлі ...

Қасым-Жомарт Тоқаевты Владимир Путин Кремльде қарсы алды

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше сый жасады. Ол Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі архивінен алынған Қазақстан Президентінің ...