Түркістан облысы

Мектептегі мұражай өлке тарихынан сыр шертеді

Түлкібас ауданы, И.Рыбалко атындағы жалпы орта мектебінің мұражайында өңір тарихынан сыр шертер жәдігерлер көп. Мұражайдың негізін қалаған Бердібек Ешімбетұлы 1957 жылы аталмыш білім ұясына мұғалім болып қызметке қабылданады. Ол Сталин атындағы педагогикалық училищеде оқып жүргенінде тарихи-археологиялық зерттеу жұмыстарымен айналысқан екен. Мектепке келгеннен кейін де осы ізденісін ары қарай жалғастырады. Оған туған жердің сұлу табиғаты мен тылсым тарихы ерекше әсер етсе ...

Читать далее »

Мектебім, саған мың алғыс!

25 мамыр күні өңіріміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, осыдан 11 жыл бұрын тарыдай боп кіріп, таудай болып шыққан оқушылар үлкен өмірге қадам басты. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды биылғы оқу жылын аяқтаған оқушылар мен мектеп бітіруші түлектердің, аяулы ұстаздардың қуанышымен бөлісіп, ізгі тілегін арнады. «Ардақты ұстаздар! Құрметті оқушылар мен мектеп бітіруші түлектер! Сіздерді тағы бір оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймын! ...

Читать далее »

Түркістан облысындағы білім, мәдениет, туризм және денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі жақсарды

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасады. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының апталық отырысында айтылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды тазалық, абаттандыру жұмыстарын жүйелеуді, тұрғындардың экологиялық белсенділігін көтеруді тапсырды. Облысағы барлық мекеме қызметкерлері өздерінің ғимараты мен ауласын таза ұстауы керек екенін жеткізді. – Барлық аудан, қала, ауыл әкімдіктерінің ғимаратына, ауласына мониторинг ...

Читать далее »

Түркістан облысында оқушыларға 22 жазғы демалыс лагері қызмет көрсетеді

Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында 22 жазғы сауықтыру лагері (7 мемлекеттік, 15 жекеменшік) қызмет көрсетеді деп жоспарлануда,—деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 35482 оқушы бюджет есебінен тегін демалса, 20 мыңға жуық оқушы ата-аналар есебінен ақылы демалады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады. ...

Читать далее »

Түркістанда ерекше жастардың өнер туындыларының көрмесі өтті

Шара облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі мен «Шаңырақ» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қолға алынған. Байқаудың мақсаты — ерекше таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайту және шығармашылыққа баулу,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Жұпар Бейсенова, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Мереке Айдарша, ...

Читать далее »

Түркістандық оқушылар республикалық олимпиададан жүлдемен оралды

Түркістан қаласындағы «Назарбаев инновациялық мектебінің» оқушылары 18-22 мамыр күндері республикалық олимпиадаға қатысып, жүлдегер атанды. Білім-инновация халықаралық қоғамдық қоры мен «Edlight Academy» ЖШС ұйымдастырған білім бәйгесіне 10-11 сынып оқушылары қатысқан. Химия, математика, биология, физика, информатика мен география пәндері бойынша елімізден жалпы саны 1 764 оқушы бақ сынаған. Үздіктерді анықтайтын олимпиадада биология пәні бойынша сынға түскен Ерасыл Тұрлыбек 2-орынды иемденсе, ал химия ...

Читать далее »

Азаматтық қоғам институты өкілдерінің отырысы өтті

Сайрам ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазығұрт, Түлкібас, Сайрам аудандарындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлғалардың екінші отырысы өтті. Аталған шараға Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Н.Сейтжанов, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары М.Алипов, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары және азаматтық қоғам институттарының (ҮЕҰ, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер, қоғамдық кеңестер) өкілдері қатысты. Жиынға төрағалық еткен облыстық қоғамдық даму басқармасы ...

Читать далее »

Ордабасыда шахматтан облыстық турнир өтті

Aудандық орталық аурухананың құрылғанына 60 жыл толуына орай облыстағы медицина мекемелері қызметкерлері арасында шахматтан облыстық турнир өтті. Спорттық шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы Ғалымжан Зиябеков, аудандық орталық аурухана басшысы Болатбек Сағымбеков арнайы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыстың қорытындысы бойынша ер кісілер арасындағы жеңімпаздар: 1 орын — Ордабасы аудандық орталық ауруханасы; 2 ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды «Күлтөбе» қалашығының құрылыс алаңына барды

Күлтөбе қалашығы – Түркістанның бастауы. Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи — мәдени қорық-мұражайының маңызды объектісі — «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құрудың алғашқы кезеңі аяқталды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жобаның жалғасы ретінде келушілерге заманауи сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасауға мүмкіндік беретін нысан салынбақ. Болашақта археологиялық парктің қонақтары ...

Читать далее »

Жаңа технологиялары бар фермерлік жылыжайлар Қазақстанда инвестициялық субсидиялар ала алады

Ол үшін тиісті стандарттарды әзірлеу қажет. Вице-премьер Серік Жұманғарин Түркістан облысының кәсіпкерлері көтерген мәселелерді шешу жолдарын талқылау үшін мемлекеттік органдармен кеңес өткізді. Фермерлер айтқан негізгі мәселелер: басым дақылдарды (мақсары, мақта, жылыжай) субсидиялауға қосымша қаражат бөлу, гектарына 80 кг норматив кезінде нақты енгізу нормасы гектарына 200 кг құрайтын мақта үшін минералды тыңайтқыштарға нормаларды қайта қарау. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін ...

Читать далее »

Түркістанда қолөнершілер қалашығы салынуда

Тарихы тереңнен бастау алатын Түркістан қаласына келетін саяхатшылар саны артып келеді. Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында қолөнершілер қалашығы салынуда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Негізгі мақсат – туристерді тарту және өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс жұмыстарын қадағалау мақсатына құрылыс нысанына барды. Киелі шаһарда қолөнершілердің әлеуеті зор екенін тілге тиек еткен өңір басшысы ...

Читать далее »

Сағадат Нұрмағамбетовтың жүз жылдық мерейтойында жас сарбаздар Отанға адал болуға ант берді

Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығы сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімі батырдың ғасырлық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығында салтанатты түрде әскери ант беру рәсімі өтті. Іс-шараға әскери жоғары білім ордасы мен ...

Читать далее »

Түлкібастық түлектер тағы да бір мұқтаж отбасыға баспана сыйлады

Tүлкібастық түлектер тағы да бір отбасын қуанышқа бөледі. Игі дәстүрді жалғаған Абай атындағы білім ошағы мен Б.Садықов және Ломоносов мектебінің 20 жыл бұрын түлеп ұшқан түлектері бірігіп, мұқтаж отбасыға аудан орталығынан 5 бөлмелі қорасы мен сарайы қарастырылған баспана сыйлады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Игі шараға аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен округ әкімі Қ.Ахметов, ардагер ...

Читать далее »

Кентаулық түлектер мектепке спорт алаңшасын салып берді

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қалаға қарасты Хантағы аулындағы №6 А.С.Пушкин атындағы жалпы орта мектебінде өткен салтанатты жиынға қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала әкімі педагогикалық ұжымды, оқушылар мен олардың ата-аналарын құттықтап, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған барлық кентаулық түлектерге жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ еңбегі еселі бірқатар ұстаздарды «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен ...

Читать далее »

Созақ ауданында 20 жылдық түлектер тұрғын үй тарту

Созақ ауданында 20 жылдық түлектер игі іске ұйытқы болды. Аудан орталығында орналасқан Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінен 2004 жылы түлеп ұшып, қазіргі кезде түрлі салада қызмет етіп жүрген түлектер бір отбасыға тұрғын үй сыйлап, қуанышқа бөледі,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Келешек ұрпаққа берер тағылымы мол шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ...

Читать далее »

Түркістан облысында 32 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді

Түркістан облысында 25 мамыр күні мектеп түлектерінің қатысуымен «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара мектеп қабырғасында өткізілді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев облыс орталығында орналасқан №28 мектеп-лицейіндегі соңғы қоңырау рәсіміне қатысып, жас түлектерге жылы лебізін білдірді. Еліміздің болашағы — сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан әр кезде терең білім алу жолында жалықпай, талмай, ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңыздыі тілеймін, — ...

Читать далее »

Түркістанда 20 жылдық түлектер баспана сыйлады

Түркістан қаласында мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер игі іске мұрындық болды. Бүгін “Бекзат” мөлтек ауданының 1986 жылғы азаматтары жиырма жылдыққа орай баспана сыйлады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған мөлтек ауданның азаматтарына мұндай бастама дәстүрге айналған. Бірнеше жыл қатарынан мұқтаж отбасыларды қуантып, алғысқа бөленіп келеді. Наурыз думан мерекесінде және 25 мамыр күні қарсаңында, ...

Читать далее »

Түркістан облысы әкімінің оқу жылының аяқталуымен құттықтауы

Ардақты ұстаздар! Құрметті оқушылар мен мектеп бітіруші түлектер! Сіздерді тағы бір оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймын! Мектеп – үлкен өмірге қадамды нықтайтын кеме, білім – теңіз. Сіздер білім теңізінде желкендеріңізді керіп, жарқын болашаққа адымдап барасыздар. Біз де оқушы болдық, ұстаз тәлімін алдық. Сондықтан 25 мамырда соғылатын «соңғы қоңыраудың» орны айрықша. Биыл облыста 32306 оқушы 11-сыныпты бітіреді. Оның 1727-сі «Алтын белгі» ...

Читать далее »

Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы күрес айы басталды

Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы жаппай күрес айы басталды. Жиын халықаралық нашақорлық және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған. Шараның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов арнайы қатысты. «Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ!» ұранымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы айлық іс-шарасы басталды. Облыс жастары мен балалар арасында есірткіге қарсы иммунитет және салауатты ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды «Жайлы мектептің» құрылысын пысықтады

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында білім ошақтарының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Сарыағаш ауданында осы бағытта 10 мектеп салу жоспарланған. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында «Телемұнара» шағынауданындағы 900 орындық білім ошағының құрылыс алаңына барды. Мердігерлермен кездесіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Нақты міндеттер жүктеді. – Білім сапасын көтеру, мектеп тапшылығын жою – маңызды іс. Жауапкершілікпен жұмыс істеңіздер. Ешқандай ...

Читать далее »