Сауран: Үшқайық ауылдық округінің кәсіпкерлеріне арнайы жер беріліп, орындары белгіленді — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран: Үшқайық ауылдық округінің кәсіпкерлеріне арнайы жер беріліп, орындары белгіленді

Сауран ауданы көлемінде кәсіпкерлер санының артуына бірден-бір себеп — жылдан-жылға кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолайлы бағдарламалар ұсынылып, қолдаулар көрсетілуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы ретте аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Үшқайық ауылдық округіне арнайы барып, кәсіпкерлермен кездесті.

Бүгінгі таңда ауылдық округінің 28 кәсіпкері белгілі болып, түрлі бағытта жұмыстарын бастауға ниет білдіріп отыр. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында арнайы балық шаруашылығына 28, индустриалдық аймаққа 15, демалыс орындарына 70 гектар жердің орындары белгіленді. Кәсіпкерлер түрлі бағытта шағын және орта бизнесін дамыту үшін алдағы уақытта өз жұмыстарын жалғастыратын болады.

Кездесу барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров кәсіпкерлерге барлық бағыт бойынша қолдау көрсететіндігін жеткізді. Аталмыш индустриалды аймақта кәсіпкерлер өздері тарапынан атқаратын жұмыстарын айтып, жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтымақ. Бұл бастама ауданның көркеюі мен дамуы тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына, жұмыс күшінің артуына сеп болмақ.

Жиында аумақты бөліске алған кәсіпкерлерге индустриалды аймақтың құжаттарын дайындауға көмек көрсетіледі. Қажетті электр жарығы мен су тағы басқа көптеген мәселелер ауылдық округ әкімдігі тарапынан жүзеге асырылады.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...