Сауранда «Халық банк» 100 балаға мектеп сөмкесін табыстады — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауранда «Халық банк» 100 балаға мектеп сөмкесін табыстады

Бүгін Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округіндегі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектебінде жаңа оқу жылының алдында жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Түркістан облыстық «Халық банк» филиалы 100 балаға мектеп сөмкесін үлестірді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған акцияға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, «Халық Банк» Түркістан облыстық филиалының директоры Артур Тасқарин, аудандық білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова қатысып, балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, игі тілектерін білдірді. Акцияның мақсаты — оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз ету, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың қажетті білім алуына көмектесу болып табылады.

“Балалар әлеміндегі игі істер” атты тақырыптағы ісшара балалардың қажеттілігіне көңіл бөлу, олардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау – әрбір ата-ананың парызы деп білеміз. Оқу құралдарын алған балалалар әрқашан қолдау мен қамқорлықты сезінеді әрі бұл олардың өздеріне деген сенімін қалыптастырады.

Қайырымдылық – адам бойындағы ізгі іске бағыттайтын алтын қақпа іспеттес, ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі екені даусыз. Акция балалардың өмір сапасын жақсартуға қосып жатқан үлесінің тағы бір жарқын көрінісі болды.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...