Сауранда Конституция күніне орай, жаппай сенбілік өткізіліп, 32 тонна қоқыс шығарылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауранда Конституция күніне орай, жаппай сенбілік өткізіліп, 32 тонна қоқыс шығарылды

Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Таза Қазақстан» шарасы аясында және Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, 230-дан аса адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенбілікке ауданға қарасты 12 ауылдық округінен азаматтар қатысып, округтің орталық, басты көшелеріне тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы асарлату мақсатымен өткізілетін сенбілік апта сайын әр ауылдық округтерінде тұрақты жалғасын тауып келеді.

Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен ұйымдастырылып жатқан сенбілік жұмыстарына 5 техника жұмылдырылды. Маңызы бар орталық автожолының бойы қоқыстардан тазаланып, шөп ору, ретсіз өскен ағаштарды бұтау мен түптерін әктеу жұмыстары қатар жүргізілді. Нәтижесінде 32 тонна қоқыс шығарылып, тазартылды. Тазалықты басты қағидаға айналдырған саурандықтар күннің аптап ыстығына қарамай сенбілік жұмыстарын тұрақты жалғастырып келеді.

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...