Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимараты жанындағы аллеяда ҚХА-ның 30 жылдығы аясында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Тұрақтылық – татулық тұғыры» атты іс-шара өтті. Достық пен татулықты паш еткен мерекелік шараға өңірдегі этномәдени бірлестіктердің, еңбек және шығармашылық ұжымдарының өкілдері, сондай-ақ облыс тұрғындары мен қонақтары қатысты. Жиынға қатысушылар алдымен іс-шара аясында этнос өкілдері ұйымдастырған қолөнер көрмесін тамашалады. Салтанатты ...
Читать далее »Түркістан облысы
Түркістан облысында өткен «Бірлік жарысы» жүгіру додасына 6 мыңнан аса адам қатысты
«Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы» және «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай Түркістанда «Бірлік жарысы» өтті. Облыс орталығында өткен сайысқа Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қала тұрғындары, этнос өкілдері жалпы 2000-нан астам әуесқой спортшы қатысып, бақтарын сынады. Жарыс «Денсаулық» саябағынан басталып, «Достық» үйіне дейін жалғасып, жалпы қатысушылар 6,2 шақырым қашықтықта жүгірді. Бүгінгі жарыс облыстың барлық өңірлерінде бір ...
Читать далее »Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындарды жеке қабылдады
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді. Қабылдауға келген 12 азаматтың өтініштері мен ұсыныстары жеке-жеке тыңдалып, әрбір мәселеге қатысты нақты түсіндірмелер мен жауаптар берілді. Азаматтар тарапынан заңсыз салынған нысандарды бұзу, жер телімін заңдастыру, тұрғын үй кезегі мен баспанаға қол жеткізу, тифлопедагог мамандарының жетіспеушілігі, жұмысқа орналасу, шығармашылық кеш ұйымдастыру, мемлекеттік мұқтаждыққа алынған мүліктерді реттеу, сондай-ақ ...
Читать далее »Жастар табиғатқа жанашырлық танытты
Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Өнегелі ұрпақ» атты ауқымды іс-шара өтті. Шараға қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 500-ден астам студенті мен жас депутаттар белсене қатысты. Экологиялық бастама аясында қатысушылар Қызылорда тас жолының бойымен өтетін Қарашық өзенінің айналасын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Бұл жұмыстар арқылы жастар табиғатты қорғауға өздерінің азаматтық үлестерін қосты. Игі шараның негізгі мақсаты – ...
Читать далее »Түркістанда заң және тәртіпті жырға қосқан Республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті
Заң мен тәртіп идеологиясын нығайту мақсатында, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ – ұлт болашағы» атты республикалық жас ақындардың жыр мүшәйрасы өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық құндылықтарын насихаттау, шығармашылық белсенділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардан жас ақындар қатысты. Байқауға қатысушылар «Адал ...
Читать далее »Депутаттар өңірдегі спорт нысандарының құрылысымен танысты
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов бастаған облыстық мәслихат депутаттары өңірде салынып жатқан бірқатар спорт нысандарының құрылысымен танысты. Халық қалаулыларына құрылыс басқармасы басшысының орынбасары А.Тұрханов спорт нысандарының жай-күйін таныстырды. Атап айтқанда депутаттар есу каналын, атшабар көпфункциялы спорт нысанын және Б.Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді. Жалпы, «Түркістан қаласында спорт кешендері бар ескек есу каналының құрылысы» жобасын іске асыру 3 кезектен тұрады. ...
Читать далее »Түркістан шаһары Пәкістанның Лахор қаласымен бауырлас қала атанды
Қазақстан мен Пәкістан сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Карачи және Исламабад қалаларында арнайы кездесулер мен келіссөздер жүргізуде. Карачи қаласында Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев, Пәкістан Ислам Республикасының сауда министрі Джам Камал Хан және ҚР Пәкістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Қыстафиннің бірлескен төрағалығымен, 300-ден астам бизнес өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өтті. Іскерлік байланыс орнатып, ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін ұйымдастырылған шарада ...
Читать далее »Түркістанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтілді
Түркістандағы «Ұлы дала елі» орталығында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Аталмыш іс-шараға ірі кәсіпорын басшылары, еңбекті қорғау жөніндегі мамандар, еңбек инспекциясының ардагерлері, сондай-ақ, кәсіподақ өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз ...
Читать далее »Түркістан қаласының дизайн-коды бекітілді
Ресми құжат жарияланған бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты шешім қабылдады. Түркістан қаласының дизайн-коды осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілді. «Дизайн-код — бұл қалалық кеңістік элементтерінің міндетті визуалды құрамдас элементтерін реттейтін талаптар жинағы: ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттері, абаттандыру, маңдайшалар, нұсқағыштар, шағын сәулет нысандары және біртұтас эстетикалық ...
Читать далее »ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап құжат қабылдау басталды. Өтініштер «Admission» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта қабылдануда. Құжат тапсыру 2025 жылдың 25 маусымына дейін жалғаспақ. Бұл жайында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Арайлым Қайратова брифингте мәлімдеді. «Академия 12 білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қабылдайды. Олардың ішінде 9 магистратура, 3 ...
Читать далее »Түркістанда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай конференция өтті
Бүгін Түркістан қаласындағы Достық үйінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мерейтойы аясында «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Қазақстанның оңтүстігінің тарихында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға Өзбекстан, Ресей елдері мен Алматы, Шымкент, Қарағанды, Орал, Түркістан қалаларынан тарих және педагогика ғылымы саласының өкілдері оффлайн және онлайн форматта қатысты. Конференцияда «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа мұра, тарихқа тағзым» атты Түркістан облыстық мемлекеттік ...
Читать далее »Шардарада патриоттық кездесу өтті
Бүгін Шардара қаласында «Ұранды ердің — ұрпағы қайсар» атты шара өтті. Жиында ауған соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері жастармен кездесті. Патриоттық шараға қаладағы №16 колледж студенттері қатысты. Басқосу — облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынған. Кездесуге келген ҰОС ардагеріне теңестірілген, ауған соғысының ардагері Б.Сүйінов патриоттық рухты қалыптастыру жөнінде өз пікірін білдірді. Ардагер 1987 жылы №45585 әскери бөлімінде Ауған Демократиялық ...
Читать далее »Возвращенные активы работают на благо народа
Состоялась торжественная церемония закладки капсулы времени в рамках начала строительства новой музыкальной школы искусств в селе Темирлан Ордабасинского района Туркестанской области. В мероприятии приняли участие аким и прокурор области, представитель Генеральной прокуратуры, местные старейшины и почетные жители села. Строительство данной школы является одним из первых социальных проектов, одобренных Правительством в рамках поручений Главы государства об эффективном использовании возвращенного капитала на ...
Читать далее »Қайтарылған активтер халық игілігі үшін пайдаланылуда
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылында жаңа музыкалық өнер мектебінің құрылысын бастау шеңберінде уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі және прокуроры, Бас прокуратура өкілі, ауылдың ақсақалдары мен құрметті тұрғындары қатысты. Аталған мектептің құрылысы — Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес қайтарылған капиталды халық игілігі үшін тиімді пайдалану аясында Үкіметпен мақұлданған алғашқы әлеуметтік жобалардың бірі. Салтанатты рәсім барысында қатысушылар жергілікті тұрғындарды ...
Читать далее »Түркістан: Этнос өкілдері арасында «Бірлік» спорттық сайыстары өтті
Түркістандағы «Яссы» спорт кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай облыстағы этнос өкілдері арасында «Бірлік» спорттық сайыстары өтті. Достық пен салауатты өмірді насихаттаған спорт додасы Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды. Сайысқа жалпы 11 команда қатысты. Атап айтсақ, Кентау, Арыс қалалары және Сауран, Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Жетісай, ...
Читать далее »Түркістандағы Шығыс моншасы бір шаммен жылытылғаны рас па
Тарихи нысан XVI ғасырдан бастап 1975 жылға дейін халыққа қызмет көрсетіп келді,-деп хабарлайды Қазақпарат. Шығыс моншасы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік-шығысында орналасқан. Зерттеушілердің пікірінше, монша 1580-1590 жылдары салынған. Кесенеге келуші зияратшылар мұнда арнайы дәрет, ғұсыл алып, ішке кіретін болған. Архитектуралық құрылыс ерекшелігі мен ортағасырлық сәулет өнері шеберлерінің озық тәжірибесін көрсететін бұл монша жартылай жер астында орналасқан көп күмбезді құрылыс. Негізі ...
Читать далее »Түркістанда өткен жалпықалалық сенбілікте 100 тоннадан астам қоқыс жиналды
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Түркістан қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына Түркістан қаласына қарасты дербес бөлімдер мен 6 сектордың қызметкерлері, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің өкілдері белсене атсалысты. Жалпы саны 800-ге жуық адам қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, сенбілікке 15 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында алдын ала белгіленген аумақтарда шөптер шабылып, ағаш түптері әктеліп, ...
Читать далее »Түркістандық 10 оқушы Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ ректорының білім грантын жеңіп алды
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті ректорының гранты үшін «EKTU QUIZ» зияткерлік сайысы өтті. Аталған шараның мақсаты – дарынды жастарды анықтап, олардың білім деңгейін көтеру және жұмысшы мамандықтарына қызығушылықты арттыру. Жарысқа Түркістан облысына қарасты 330 мектептен 1650 оқушы қатысып, 17 аудан мен қалада іріктеу кезеңдері өткізілді. Қатысушылар бірнеше ...
Читать далее »Түркістан: Сайрам ауданында жаңа шағынауданының құрылысы басталды
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылында жаңа шағынауданның капсуласын салу рәсімі өтті. Жалпы аумағы 60 гектарға жететін жаңа қалашықта жалпы 2300-ге жуық пәтерлі 47 көпқабатты тұрғын үй салынып, 12 мыңдай ауыл халқы қоныстанады. Құрылыс жоспарымен танысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тарихи сәттің куәгері болған жергілікті тұрғындармен кездесті. – Бүгін біз Сайрам ауданының дамуы жолындағы аса маңызды бастаманың куәсі болып ...
Читать далее »Түркістан: Арыста шіркейге қарсы дезинсекциялық жұмыстар қарқынды жүргізілуде
Арыста көктем басталғалы бері шіркейге қарсы дезинсекциялық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Биыл бұл шаралар наурыз айынан басталып, жоспарға сәйкес шілде айына дейін жалғасатын болады. Арыс қаласына қарасты елді мекендер үш секторға бөлініп, әрқайсысында нақты жоспар негізінде жұмыстар ұйымдастырылған. Атап айтқанда, №7 секторға Байтоғай, Қожатоғай, Шөгірлі, Ақын-Жақып елді мекендері, №8 секторға Байырқұм, Көкжиде, Жиделі, ал №9 секторға Аққала мен Жосалы елді ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
