Түркістан облысы — Страница 49 — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысы

Түркістан: Кентауда 100 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

Биыл 9 мамыр – Ұлы жеңіске 80 жыл. Осы айтулы мереке қарсаңында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров 100 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Бадан Төребавтың үйіне арнайы барып, қарт майдангерді мерекесімен құттықтады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты мен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалін тапсырды. Өз кезегінде соғыс ардагері жас ұрпақтың бейбіт өмірде бақытты ғұмыр кешуін ...

Читать далее »

Түркістан: Төлебиде тыл ардагерлері құрметке бөленді

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тыл даласында еңбек етіп, Ұлы жеңісті жақындатуға үлес қосқан қариялардың үйлеріне арнайы барып құттықтады. Ленгір қаласының тұрғыны 91 жастағы Қадырбай Отарбаев ақсақалды, 96 жастағы Сағат Сыздықова әжеге сый-сияпат ұсынып, мерекелік медаль табыстады. Еліміз қиын-қыстау кезеңде батырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Майданға аттанған 1 миллион 200 мың азаматымыздың жартысы елге оралған жоқ. Тарих еншісінде қалған ...

Читать далее »

Түркістан: Сарыағашта 103 жастағы Ұлы Отан соғысы ардагеріне құрмет көрсетілді

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков пен Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Ұлы Отан соғысының ардагері, 103 жастағы қария Эрмохан Ишхоновтың үйіне арнайы барып, айтулы мерекемен құттықтады. «Ұлы Жеңістің 80 жылдығына» арналған мерекелік медалін және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің арнайы құттықтау хаты мен сый-сияпатын табыстады. Ардагер құрмет көрсетуге келген қонақтарды қуана ...

Читать далее »

Түркістан: Сауранда тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудан прокуроры Алмаз Асылбеков, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев және «Amanat» партиясының аудандық филиал төрағасы Сағынбек Асылбеков, сондай-ақ зиялы қауым өкілдерімен бірге тыл ардагерлері Раймов Шараф пен ғасыр жасаған ақ жаулықты ана, тыл еңбеккері Калтаева Күлшаның шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтауын жеткізді. Қос ардагерге гүл шоқтары мен мерекелік ...

Читать далее »

Түркістан: ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетті. 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Қазығұрт және Сайрам аудандарында тұратын ардагерлердің үйіне арнайы барды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізіп, 80 жылдық мерейтойға орай арнайы медальдарды табыстады. Игілікті бастамаға аудан әкімдері Азизхан Исмаилов пен Арман Сәбитов, әскери комиссариат өкілдері, оқушылар үлес қосты. Бейсенбай Дәулетұлы әуелі 102 жастағы ...

Читать далее »

Түркістан: Қазығұртта Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Қазығұрт ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты салтанатты шара өтті. Аталған шараға Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов, аудандық мекеме басшылары, соғыс және тыл ардагерлері, ардақты ақсақалдар, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім, мәдениет, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен жастары қатысты. Шара «Даңқты батыр бабалар» аллеясында орналасқан Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімінен ...

Читать далее »

Түркістан: Түлкібаста мектеп қабырғасында Ұлы Отан соғысы ардагерінің музейі ашылды

Түлкібас ауданының тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрлыбай Қасымбековтің құрметіне орай, туып-өскен ауылы Абайыл елді мекеніндегі ардагердің есімі берілген Қасымбеков мектебінің ішінен «Ғибратты ғұмыр» музейі ашылды. Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай, аудан әкімі Асқар Естібаев, ауданның зиялы қауым өкілдері, Қасымбековтар әулеті және Астана, Алматы қаласынан келген қонақтар қатысты. Жиынның ашылу салтанатында ...

Читать далее »

Түркістан: Арыстықтар тыл ардагерлерін жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Жеңістің 80 жылдығына орай Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев тыл ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы барып, Мемлекет басшысының атынан мерекелік медальдар мен сый-сияпаттар табыс етті. Арыс қаласында бүгінде 118 тыл ардагері тұрады. Олар – ел басына күн туған қиын-қыстау заманда маңдай терін сарп етіп, еңбекпен жеңісті жақындатқан жандар. Мерейлі датаға орай ұйымдастырылған құрмет көрсету іс-шарасына қала басшысымен бірге Арыс ауданының прокуроры Алмас ...

Читать далее »

Арнайы жасақ қызметкеріне 2 бөлмелі пәтер табысталды

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бүгін Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықаралық деңгейде ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижеге қол жеткізген полиция қызметкері — Айнұр Қабылқызын қабылдап, 2 бөлмелі пәтер кілтін табыстады. Дубай қаласында өткен халықаралық «SWAT Challenge» чемпионатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрамындағы «Томирис» командасының сапында өнер көрсеткен Түркістан облысы Полиция департаментінің арнайы жасақ инспекторы Айнұр Қабылқызы үздік нәтижеге ...

Читать далее »

Түркістан: Созақта сұрапыл соғыстың қарт майдангеріне құрмет көрсетілді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Созақ ауданына арнайы барып, сұрапыл соғыстың соңғы майдангері, ғасыр жасаған қария Мырзахмет Жылысбаевты Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауы хаты мен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін тапсырды. – Тарихтағы ең алапат майданда бейбітшілік орнатуға біздің батырларымыз ерекше үлес қосты. Солардың арасында сіз де барсыз. Біздің ержүрек ...

Читать далее »

ҚХА-ның 30 жылдығы: Түркістан облысында этнос өкілдері арасында «Ақыл-ой» зияткерлік сайысы өтті

Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен этнос өкілдері арасында «Ақыл-ой» зияткерлік сайысы өтті. Этнос өкілдерінің достығын, берекелі бірлігін нығайтуды көздеген зияткерлік сайысқа аудан, қалалардан жалпы 10 команда қатысты. Атап айтсақ, Сауран, Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сарыағаш аудандарынан және Кентау, Түркістан қалаларынан келген командалар бақ сынады. Этнос өкілдері спорттың 3 ...

Читать далее »

Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Биыл елімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кеңінен аталып өтілуде. Мереке қарсаңында облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов соғыс жылдары тылда еңбек еткен Отырар ауданының тұрғыны Шынар Батанова мен Ордабасы ауданының тұрғыны Күнтай Сағындықова апаларымыздың үйлеріне барып, құттықтады. Мәслихат төрағасымен бірге тыл ардагерлерін құттықтауға облыстық мәслихат депутаттары М.Манапов пен Ғ.Райымбеков, Отырар ауданы әкімі Қ.Жолдыбай, Ордабасы ауданы әкімі А.Оралбаев барды. Мәслихат төрағасы апаларымызға соғысқа ...

Читать далее »

Түркістаннан шыққан Ұлы Отан соғысының батырлары: Анарбай Мырзахметов

Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округіне қарасты Сынтас ауылында Ұлы Отан соғысында ерліктің үлгісін көрсеткен абыз ақсақал тұрады. Ол 1926 жылы Жаңатұрмыс колхозында дүниеге келген. 1944 жылы 18 жасқа толғанда әскер қатарына шақыртылып, Семей қаласында әскери дайындықтан өтіп, Белорусь майданына жөнелтілген. Батыр жауынгер 1-пулеметшілер құрамында, атақты маршал Г.Жуков басқарған әскердің сапында шайқасқан. Ол — Анарбай Мырзахметов. Майдангер алғашқы ұрысын Польша жерінде ...

Читать далее »

Түркістан әкімі тыл ардагерлерін ұлы жеңіс күнімен құттықтады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Ұлы Жеңіс күніне орай тыл ардагерлері Елтай Бимаханбетұлы, Иреспек Хаджиддинов және Карима Нурмухамедованы арнайы құттықтады. Ардагерлерге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жеңіс күніне орай жолдаған құттықтау хатын және «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін салтанатты түрде табыс етті. Кездесу барысында қала әкімі бейбіт өмір мен келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін аянбай еңбек ...

Читать далее »

Түркістан облысында биыл 5 мыңға жуық пәтер ел игілігіне беріледі

Түркістан облысында 2025 жылы 172 нысанның құрылысын іске асыруға жалпы бюджеттен 131,9 млрд теңге қаржы қаралған. Аталған жобалардың 127-сі 2024 жылдан өтпелі болса, 45-і жаңа нысандар. Жыл соңына дейін 103 нысанның құрылысын аяқтап, ел игілігіне беру көзделіп отыр. Бұл жайында Түркістан облысы құрылыс басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалқұл брифингте мәлімдеді. «Өңірде салынып жатқан нысандардың басым бөлігі білім саласына тиесі. Нақтырақ айтсақ, ...

Читать далее »

Түркістан облысында ашық жағажайлар саны артады

Түркістан облысында шомылу маусымы басталмағанына қарамастан 2025 жылдың басынан түрлі жағдайларда 16 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Оның 6-ы жас балалар. Бұл туралы өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Оразгелді Дүйсен мәлімдеді. «Жалпы облысымыздағы ең басты мәселелердің бірі — арнайы шомылу орындарының аздығы. 2024 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қосымша 14 шомылатын арнайы жағажайлар жұмыс істеді. Бұл облыстың 2 ...

Читать далее »

Түркістан: Ордабасы ауданында қоғамдық көліктер жаңартылды

Түркістан облысында тұрғындарды толғандырған жолаушылар тасымалына қатысты мәселелер оң шешімін тауып келеді. Ордабасы ауданы көлемінде 11 әлеуметтік маңызы бар бағыттар жергілікті бюджеттен субсидияланып, қоғамдық көліктермен қамтамасыз етілген болатын. Әйтсе де, жолаушыларға қызмет көрсетуші мердігер мекеменің көліктерінің ескілігінен мәселе туындап, аудан әкімі Азат Оралбаев көліктердің сапасыздығын сынға алып, сала жауаптыларына кемшіліктерді ретке келтіруді тапсырған. Осы мақсатта аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, ...

Читать далее »

Түркістан: Шалғайдағы елді мекен табиғи газбен қамтылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында ауылдық елді мекендерді дамыту, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бойынша берілген тапсырмасына сәйкес Сарыағаш ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгін ауданға қарасты Жылға ауылдық округіндегі Шеңгелді елді мекені табиғи газға қосылды. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Шеңгелді елді мекеніне арнайы барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Халықты қуанышты сәтпен құттықтап, шалғай ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді. Ауыл ...

Читать далее »

Туркестан: Начато строительство 10 крупных заводов по производству хлопка

Объем продукции сельского хозяйства Туркестанской области с начала текущего года составил 116,4 млрд тенге. При этом в сельском хозяйстве начато развитие 3 кластерных направлений. В том числе в рамках хлопко-текстильного кластера планируется реализация 5 проектов на общую сумму 197 млрд тенге. Предполагается, что на нем будет создано 7 тыс. рабочих мест. В рамках проекта начато строительство 10 крупных заводов на ...

Читать далее »

Түркістан: Мақта өндірісінде 10 ірі зауыттың құрылысы басталды

Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығының өнім көлемі биыл жыл басынан 116,4 млрд теңгені құрады. Осы ретте ауыл шаруашылығында 3 кластерлік бағытты дамыту қолға алынған. Оның ішінде мақта-тоқыма кластері аясында жалпы құны 197 млрд теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылмақ. Онда 7 мың жұмыс орны ашылады деп көзделуде. Жоба шеңберінде мақта өңдеудің толық циклін қамтитын, құны 147 млрд теңгені құрайтын 10 ірі ...

Читать далее »
Яндекс.Погода