Түркістан облысында 760 мыңнан астам зейнетақы және жәрдемақы алушы бар — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында 760 мыңнан астам зейнетақы және жәрдемақы алушы бар

Түркістан облысында 760 286 зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушы бар. Оның ішінде 205 610 азамат жасына байланысты зейнетақы алушы болса, 188 746-ы базалық зейнетақы алушы және 365 930 азамат жәрдемақы алады. Бұл туралы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшының орынбасары Марат Архаров брифингте мәлімдеді.

– Департамент тарапынан 2025 жылдың 11 айында әлеуметтік қорғау саласы бойынша 168 018 мемлекеттік қызмет көрсетілді. «Е-макет» жүйесі арқылы барлық тағайындалған әлеуметтік төлемдер саны — 305 566. Оның 136 879-ы жаңадан тағайындалғандар, ал 168 687-і қайта қаралып бекітілгендер. Түркістан облысы бойынша 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы және жәрдемақыларды арттыру жұмыстары толық жүргізіліп, төлемге жолданды. Жасына байланысты зейнетақы – 10%-ға көбейді, ал базалық зейнетақы төлемі күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшеріне байланысты көбейді — деді спикер.

Сонымен қатар, Марат Аманғалиұлы 2025 жылдың 11 айында облыс бойынша мүгедектігі бар адамдардың саны 102 526-ға жеткендігін айтты. Бұл республика бойынша жалпы мүгедектер санының 13,7%-ын құрайды. Мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 15 524-і (15,1%) — балалар болса, қалғаны 87 002-і (84,8%) — 18 жастан жоғары ересектер. 2025 жылдың 11 айында 6 398 адам алғашқы рет мүгедек болып танылған.
Департамент тарапынан халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу жұмыстары да жалғасып келеді. Бұл бағыт бойынша бүгінгі таңға дейін 104 тексеру жүргізілген. Тексеру қорытындысымен жалпы 55 нысанға 10 млн 223,2 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, оның 9 млн 751,4 мың теңгесі өндірілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...