Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы тоқтаған емес. 7 жылда құрылыс көлемі 3,8 есе өсіп, 536,2 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 140 млрд. теңгені құраған еді. Оның ішінде, жергілікті халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Осы уақыт аралығында пайдалануға тапсырылған тұрғын үй алаңы 3 есе артып, 1153 мың шаршы метрге жетті. Ал 2018 жылы 388 мың шаршы метр пайдалануға ...
Читать далее »Түркістан облысы
Түркістан облысына тартылған инвестиция көлемі 7 жылда 4,2 есеге артты
Түркістан облысы — инвестицияға тартымды аймақ. Өңірімізде қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, шетелдік ірі инвесторлармен белсенді ынтымақтастық орнатылуда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жыл басынан Түркістан облысының экономикасына тартылған инвестиция көлемі 7 жылда 4,2 есеге артып, 1335,0 млрд.теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 314,1 млрд. теңгені құраған болатын. Ал жыл басынан бері аймаққа 387,8 млрд. теңге инвестиция тартылды. Оның ...
Читать далее »Түркістан облысына 7 жыл: Өңірдегі индустриалды аймақтар мен өндірістік парктердің жұмысы жандана түсті
Түркістан облысында өңір экономикасын дамытудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі тетігі саналатын өнеркәсіп саласына басымдық берліген. Осы мақсатта шет мемлекеттерден инвестиция тарту, тәжірибе алмасу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін арнайы өнеркәсіптік алаңдар құрылған,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс көлемінде инфрақұрылым желілерімен қамтылған 2443,2 гектарды құрайтын 19 индустриалды аймақ және 580 гектар аумақта орналасқан ...
Читать далее »Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 7 жылда 2,6 есе өсті
Биыл Түркістан облысының құрылғанына 7 жыл толды. Облыс орталығы – Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы қабылданған заң өңірдің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне жаңа серпін берді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Экономиканың басты көрсеткіші — жалпы өңірлік өнім көлемі 7 жылда 2,6 есе өсіп, 4,5 трлн.теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 1,7 трлн.теңгені құраған болатын. Өнеркәсіп өнім көлемі 2018 жылдан ...
Читать далее »Түркістан облысының құрылғанына 7 жыл толды
2018 жылдың 19 маусымында ҚР Президентінің Түркістан облысын құру туралы Жарлығына қол қойылып, Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді. Осы тарихи Жарлықтың шыққанына, яғни, Түркістан облысының құрылғанына биыл жеті жыл толып отыр. Осы қысқа уақытта өңірде ауқымды жұмыстар атқарылды. Тарихи шаһарда жүздеген құрылыс нысандары бой көтеріп, Түркі әлемінің мәдени және туристік астанасы ретінде ажарлана түсті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің ...
Читать далее »Түркістанда «Дәстүрін дәріптеген Әз — Түркістан» өнер фестивалі өтті
Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында дәстүрлі өнерді насихаттауға арналған «Дәстүрін дәріптеген Әз — Түркістан» атты әнші, жыршы-термешілер мен күйшілердің өнер фестивалі өтті. Шара Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы» Заңының аясында және Түркістан облысының құрылғанына 7 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Фестивальдің басты мақсаты – Түркістан қаласының тарихи, мәдени, рухани келбетін таныту, өңірден ...
Читать далее »Түркістан облысында заманауи капсулалы үйлер салу ісі дамиды
Түркістан облысында туризм мен тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жаңа бірегей инвестициялық жоба іске асырыла бастады. Облыс әкімдігі мен Қытай Халық Республикасының ірі өндірістік компанияларының бірі – «Shandong Kamoya Smart Culture and Tourism Technology Co., Ltd.» арасында өзара тиімді серіктестік орнады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған өңір делегациясы ҚХР-дағы Линьи қаласына сапар жасап, «Shandong Kamoya» зауытының жұмысымен, өндірістік қуатымен ...
Читать далее »Төлебиде биыл жылына 90 мың дана жұмыс киімін дайындайтын тігін фабрикасы іске қосылады
Төлеби ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 2025 жылдың 5 айында 53,1 млрд теңгеге жетті. Оның 57,2 пайызы — өнеркәсіп, 21,9 пайызы — ауыл шаруашылығы, 18,7 пайызы — сауда және 2,2 пайызы — құрылыс саласына тиеселі. Бұл туралы брифингте Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов мәлімдеді. «Биыл қаңтар-мамыр айларында негізгі капиталға 13,1 млрд теңге инвестиция тартылып, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,5 ...
Читать далее »Олжас Бектенов Qingdao Wanlin Food басшысы Ли Яньтаомен АӨК өнімдерін терең өңдейтін зауыт құрылысын талқылады
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық Qingdao Wanlin Food Co., Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Яньтаомен кездесу өткізді. Онда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бірлескен инвестициялық жобаларды, оның ішінде құрғақ (кептірілген) көкөністер өндіретін зауыт салу бойынша жобаларды іске асыруға көңіл бөлінді. Кездесу барысында Qingdao Wanlin Food компаниясының Түркістан облысында индустриалды парк салу жөніндегі жоспарлары қаралды. ...
Читать далее »«Жетісай» индустриалды аймағында 2 мыңға жуық жұмыс орнымен 11 жоба іске қосылады
Жетісай ауданында өңір кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасау мақсатында Асықата кентінен 59 гектар жер аумағына «Жетісай» индустриалды аймағы құрылған болатын. Қазіргі таңда индустриалды аймақты инфрақұрылыммен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Аталған аумақта биыл жалпы құны 33 млрд теңгеге 11 жобаны қолға алу жоспарланған. Нәтижесінде 1 870 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бүгінгі таңда жоспарға сәйкес, 4 жоба мақұлданып, инвесторлар құрылыс ...
Читать далее »Жетісайда биыл заманауи теннис орталығы ашылады
Жетісай ауданында жеке кәсіпкердің инвестициялық қаржысы есебінен ірі медициналық орталық бой көтерді. Асықата кентінде бой көтеріп жатқан «Samruk Medical clinic» — ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, азаматтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған мекеме. Онда жергілікті халыққа соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, сапалы медициналық қызмет алуларына барлық жағдайлар жасалған. Сапалы медициналық қызмет көрсететін орталықтың бүгінгі тынысымен танысу үшін Түркістан облысының БАҚ ...
Читать далее »Түркістан: Тұрғын үй кезегіндегі өзгерістер
2025 жылдың 24 мамырынан бастап мемлекеттік тұрғын үй кезегін реттеу құзыреті «Отбасы банк АҚ» компаниясына берілді. Енді тұрғын үй кезегін ұлттық даму институты ретінде «Отбасы банк» басқарады. 24 мамырдан бастап 18 жастан асқан кез келген азамат үй кезегіне өтініш бере алады. Бұған дейін кезекке тұру үшін тек алты арнайы санат қарастырылған болатын, ал енді бұл шектеулер алынып тасталады. Жаңа талаптарға ...
Читать далее »Ордабасы: Бөген ауылындағы іргелі шаруашылық
“Орда-басы Agro” — ауыл экономикасын көтеруге, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға үлесін қосып отырған іргелі шаруашылық. Ауданымызға қарасты Бөген ауылында орналасқан «Орда-басы Agro» шаруа қожалығы 2017 жылы құрылған. Бұл қожалықтың негізін жергілікті азамат, еңбекқор кәсіпкер Әбілда Әлібеков қалаған. Қазіргі таңда шаруашылықтың басқару тізгінін оның інісі Ерғали Әлібеков ұстап, ағасының бастаған ісін абыроймен жалғастырып келеді. Шаруашылықтың негізгі бағыты — егін шаруашылығы. Қазіргі ...
Читать далее »В Туркестане принимаются меры по устранению коррупционных барьеров на таможенных постах
Департамент Агентства по противодействию коррупции провел выездные встречи на таможенных постах «Атамекен», «Казыгурт», «Капланбек» и «Конысбаев», в которой приняли участие представители внешнеэкономической деятельности, правоохранительных, местных исполнительных и уполномоченных государственных органов. Основное внимание было уделено устранению административных барьеров, минимизации коррупционных рисков, увеличению транзитного потенциала на границе и решению проблем скопления автотранспорта, в том числе на модернизируемых постах. Одной из важных антикоррупционных ...
Читать далее »Биыл Түркістанда жаңа 5 спорт кешені пайдалануға беріледі
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағындағы маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, ондағы құрылыс және абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Аралау барысында М.Мақатаев көшесінде орналасқан жаңа спорт кешенінің құрылыс барысын арнайы барып көрді. Қазіргі таңда нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Түркістан қаласы әкімдігінің Құрылыс бөлімінің тапсырысы негізінде бой көтеріп жатқан спорт кешенінің авторлық қадағалауын – «Сәулет-2050» ЖШС, ал техникалық қадағалауын ...
Читать далее »Түркістан Облысында қуаттылығы жылына 2 млн тоннаны құрайтын мұнай өңдеу зауыты салынуда
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданының мұнай өңдеу зауытында болып, жұмысымен танысты. Ауданда өндірісті дамытуға күш салынған. Өңір басшысы осы бағыттағы жұмыстарға басымдық беруді тапсырды. Ордабасы ауданында «Standard Petroleum & Co» ЖШС-нің мұнай өңдеу зауытының бірінші кезеңін жыл соңында іске қосу жоспарланған. Өндіріс орнында 300 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылмақ. Қуаттылығы жылына 2,0 млн. тоннаны құрайтын ірі жобаның инвестиция ...
Читать далее »Түркістан-Циндао бағыты: Ауыл шаруашылығындағы жаңа мүмкіндіктер мен инвестициялық серпін
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында 20-ға жуық жаңа инвестициялық жоба бойынша маңызды келіссөздер өтті. Сапар аясында өңір делегациясы Шаньдун провинциясының Циндао қаласында ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, логистика және туризм бағыттары бойынша Қытайдың жетекші компанияларымен нақты жобаларды талқылап, ірі өндіріс орындарында болды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапардың басты мақсаты – Мемлекет ...
Читать далее »Түркістан: Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби аудандарында салынып жатқан нысандардың құрылысы зерделенді
Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапарымен Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби аудандарына барып, бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысын қадағалады. Аппарат басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты нақты тапсырмалар берді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іссапар барысында Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектептердің құрылысын бақылады. ...
Читать далее »Түркістан: Қуаңшылықтан туындайтын мәселелердің алдын алу жолдары пысықталды
«Қуаңшылықтан туындаған өзекті мәселелердің шешімі болуы керек». Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірдегі жағдайды зерделеу барысында осылай деді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әкімдік әрекетсіз отырған жоқ. Қазіргі таңда мал азығының қорын қалыптастыру бойынша өзге облыстармен арнайы меморандум түзу шарттары қарастырылып, келіссөздер жүргізілуде. Өңірдегі диірмендер 215 мың тоннаға жуық кебек өндіреді. «Бұл шаруашылықтардың қажеттілігін толық өтемейді», дейді мамандар. ...
Читать далее »Түркістанда әкелер күніне орай облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген төралқа мәжілісі өтті
Түркістанда Әкелер күніне орай облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген төралқа мәжілісі өтті. «Достық» үйінде өткен маңызды басқосуға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының өкілдері, жастар қатысты. Басқосуда облыс әкімінің орынбасары қоғамда ерекше мәні бар мерекемен құттықтап, облыстық ардагерлер кеңесінде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айтып, бұл бастамалардың ел бірлігін ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
