Түркістан: Жол-көлік оқиғасы азайған — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Жол-көлік оқиғасы азайған

2026 жыл 2 айындағы жол-көлік оқиғалары туралы баспасөз хабарламасы.

2026 жылдың 2 айында Түркістан облысы бойынша 154 (2025 жылдың 2 айында — 190) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 18,9%-ға төмендеген.

Жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккендер саны 21,1%-ға (289-дан 228-ге дейін) төмендеген, оның ішінде жарақат алғандар саны 22%-ға (255-тен 199-ға дейін) төмендеген, ал қаза тапқандар саны 14,7%-ға (34-тен 29-ға дейін) төмендеді.

Кәмелетке толмағандар арасында жарақат алғандар саны 43 (62) 30,6%-ға төмендеген, ал қаза тапқандар саны 4 (3) өсім 33,3%-ды көрсетеді.

Ең көп жол-көлік оқиғалары тіркелген аудандар: Жетісай – 20, Сайрам – 17, Түркістан қаласы – 16, Сарыағаш – 13, Түлкібас – 12, Созақ – 11, Арыс – 10, Ордабасы – 9, Сауран – 9, Келес – 8, Кентау қаласы – 5,Төлеби – 5, Шардара – 5, Бәйдібек – 4, Отырар – 4, Қазығұрт – 3, Мақтаарал – 3.

Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында және елді мекендер аумағында орын алуда.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де Жол қозғалысы қағидаларын сақтамау болып табылады (ЖҚҚ немесе жол белгілерінде белгіленген жылдамдықты арттыру; жаяу жүргіншілерге немесе өзге де жол қозғалысына қатысушыларға басымдық бермеу; маневр жасау қағидаларын сақтамау; қарсы қозғалыс кезінде жол беру немесе басып озу қағидаларын бұзу және басқа да жағдайлар).

Түркістан облысының құрметті тұрғындары, сондай-ақ қонақтары мен туристері, жол қозғалысы қағидаларының талаптарын қатаң сақтап, барынша мұқият болуларыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар, ел аумағындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратпен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «https//gis.kgp.kz» порталындағы «Авариялар картасы» бөлімінде танысуға болатынын еске саламыз.

Комитеттің Түркістан облысы бойынша департаменті

#Заң_мен_Тәртіп
#Закон_и_Порядок

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...