«Жас мемлекеттік қызметші» мектебінің оқу курсы аяқталды — Xnews — ақпарат агенттігі

«Жас мемлекеттік қызметші» мектебінің оқу курсы аяқталды

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында «Жас мемлекеттік қызметші» мектебінің тыңдаушыларына арналған оқу курсы өз мәресіне жетті. Оқу курсының қорытындысында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Аталған курс жас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыруға, басқарушылық қабілеттерін дамытуға және мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарын терең меңгеруіне бағытталды. Оқу барысында тыңдаушылар мемлекеттік басқару жүйесі, стратегиялық жоспарлау, көшбасшылық, коммуникация және қызметтік этика мәселелері бойынша білімдерін жетілдірді.

Бағдарлама аясында түрлі дәрістер, тәжірибелік сабақтар мен пікірталастар ұйымдастырылып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.

Оқу курсының қорытындысында тыңдаушыларға сертификаттар табысталып, олардың алдағы мемлекеттік қызмет жолында табысқа жетуіне тілектестік білдірілді.

Мемлекетті қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті

 

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...