Президент: «Құқықтық мемлекет құру – айбынды бабаларымыздың қастерлі мақсат-мұраты болғанын тарихтан бәріміз жақсы білеміз» — Xnews — ақпарат агенттігі

Президент: «Құқықтық мемлекет құру – айбынды бабаларымыздың қастерлі мақсат-мұраты болғанын тарихтан бәріміз жақсы білеміз»

«Сонымен еліміздің алдында өте биік және күрделі мақсаттар тұр. Біз табанды еңбектің арқасында оның бәрін орындауымыз керек, бұған ешқандай күмән болмауға тиіс.

Көп ұзамай Парламент қарауына Президент, Құрылтай, Халық кеңесі, Астананың мәртебесі және еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы жаңа 5 конституциялық заң ұсынылады. Құрылтай, Халық кеңесі институттары арқылы халық билігінің озық үлгісі қалыптасады.

Біз тарихи тағдырымызда ерекше орын алған Ордабасы құрылтайының 300 жылдығында жаңа Конституциямызға сай Құрылтайды қайта жаңғыртатын болдық. Мұның да символдық мәні бар.

Сонымен қатар 8 конституциялық заңға және 60-тан астам заңға, соның ішінде негізгі кодекстерге түзетулер енгізу қажет болады. Осының бәрі болашағымызға күшті ықпал етері анық.

Қазақ елі сан ғасыр бойы бірегей дала заңымен өмір сүрді. Құқықтық мемлекет құру – айбынды бабаларымыздың қастерлі мақсат-мұраты болғанын тарихтан бәріміз жақсы білеміз».

Яндекс.Погода
x

Check Also

Глава государства принял участие в панельной сессии Анталийского дипломатического форума

Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в панельной сессии «Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» Анталийского дипломатического форума. Модератором мероприятия выступил депутат Парламента ...

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының «Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» панелдік сессиясына қатысты. Іс-шараны Түркия Парламентінің депутаты, бұрынғы сыртқы істер ...