Мемлекет басшысы: «Еңбекқорлық халқымыздың болмысына сіңген қасиет болуға тиіс» — Xnews — ақпарат агенттігі

Мемлекет басшысы: «Еңбекқорлық халқымыздың болмысына сіңген қасиет болуға тиіс»

«Балабақшада, мектепте, университетте, ғылым институтында, медицинада, өндіріс мекемесінде, сауда және қызмет көрсету орындарында, тіпті, мемлекеттік қызмет пен әскери саланың өзін айтпағанда, барлық саладағы басты құндылық – адал еңбек, адал қызмет болуға тиіс.

Осы мақсатпен өткен жылды бүкіл ел болып жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге, оларға құрмет көрсетуге арнадық. Бұл кезекті науқан емес, мемлекеттік идеологияның бір бөлігі, сондықтан осы жұмыспен үнемі айналысуымыз керек.

Жұмыстың жаманы болмайды. Адал жұмыстан ұялудың ешқандай қажеті жоқ. Еңбектің бәрі қадірлі. Бұл даналықты жастардың бәрі жақсы түсінуі керек.

Еңбекқорлық халқымыздың болмысына сіңген қасиет болуға тиіс. Онсыз ешқандай даму да, өркендеу де болмайтыны айдан анық.

Ілгерілеу, яғни, прогресс елімізге арнайы шақыру бойынша құрметті қонақ болып келмейді, құнды сыйлық ретінде берілмейді. Ілгерілеуге қол жеткізу үшін бүкіл қоғам бір ұжым болып табанды, үйлесімді жұмыс істеуі керек.

Сонымен қатар ілгерілеу, өрлеу дегеніміз – жоғары технологиялар немесе ғылым саласындағы жетістіктер ғана емес, бұл – әрбір саладағы жаппай қажырлы еңбектің нәтижесі».

x

Check Also

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...