Түркістан облысы

«Шымкентке 2200» атты уақыт керуені іс-шарасы бастау алды

Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Шымкент 2020 – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылу рәсіміне орай «Шымкентке 2200 жыл» атты уақыт керуені іс-шарасы бастау алды. Салтанатты іс-шараға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан игі бастамаға сәттілік тіледі. Бұл тойдың жөні бөлек. Жиынға келген барлық қатысушылар арман-тілектерін қағазға жазып, оны керуен қоржынына салды. Уақыт керуені қала көшелерін ...

Читать далее »

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Болат Анапияұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановпен бірге Түркістан қаласындағы «Конгресс-Холл» мен «Алатау медиа» және «Сапар»  орталықтарын аралап көріп, жұмыстарымен танысты.  Мұнан соң вице-министр Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік универсиетінің кітапханасын аралап көріп, сонда орналасқан Түркістан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жұмысымен де танысып ...

Читать далее »

Болат Тлепов Шымкент қаласының Азаматтық форумына қатысты

Шымкентте белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыру, өңірлік ҮЕҰ әлеуетін арттыру және үкіметтік емес сектор мен мемлекеттің өзара іс-қимылының жаңа форматтарын құру мақсатында ұйымдастырылған өңірлік Азаматтық форум ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева қатысты. Азаматтық форумды ашқан вице-министр Болат Тлепов азаматтық қоғам институттарын ...

Читать далее »

Түркістан облысында төселген жаңа жолдардың сапасы бақылауда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Сапалы жол – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 10 айлық қорытындысы бойынша мәжіліс өтті. Мақсаты – облыс аумағында бюджет есебінен төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және мемлекет бюджетін тиімді жұмсау. Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары ...

Читать далее »

Сайрамда айына 2 млн. дана бетперде өндіретін цех іске қосылды

Медициналық бетперде өндіру жобасын «S MEDICAL» ЖШС іске асыруда. Өндіріске қажетті станоктар Қытай елінен сатып алынған. Серіктестік директоры Мәжит Мәуленовтың айтуынша, цех айына 2 млн дана бетперде өндіруге қауқарлы. Жоба құны 80,4 млн. теңгені құрайды. 30 адамға жаңа жұмыс орны құрылып, қазіргі таңда тәулігіне 80 мың дана бетперде әзірленуде. «Бұл үлкен жоба аясында бір реттік медициналық-хирургиялық жабдықтарды өндіру жоспарланған. Алайда, ...

Читать далее »

Түркістан облысы COVID-19-ды анықтауда тәулігіне 5 мың. тест өткізуге дайын

Түркістан облысының медициналық ұйымдарында орналасқан зертханалар тәулігіне Covid-19-ды анықтау үшін 5000 тест өткізуге дайын. Облыс бойынша тәулігіне ПТР-тест жүргізетін 10 зертхана жұмыс істеуде. Облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың сөзінше, өңірде пандемия басталғалы күні бүгінге дейін барлығы 240 мыңға жуық тест өткізілген. «Аймақта пандемияның екінші толқынына дайындық жұмыстары күшейтілген. Инфекциялық стационарларда науқастарды қабылдауға 600 төсек-орын әзірленген. Сондай-ақ, 340 орындық ...

Читать далее »

Түркістан облысында блок-бекеттер қойылмайды

Түркістан облысы бойынша қазіргі таңда коронавируспен стационарлық ем қабылдап жатқандар – 1, ал амбулаториялық жағдайда ем қабылдаушылар – 18 адам. Қарым-қатынаста болған 116 адам медициналық бақылауда. Әзірге Түркістан облысындағы эпидемиология ахуал тұрақты, блок-бекеттер қойылмайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санититариялық дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді. Оның айтуынша, Түркістан облысында жеке азаматтардың той-мерекелерді атап өтуі толастар емес. Сондықтан ...

Читать далее »

В Туркестанской области не поставят блокпосты

По Туркестанской области в настоящее время на стационарном лечении с коронавирусом находится 1 человек, а в амбулаторных условиях – 18. Под медицинским наблюдением находятся 116 контактных лиц. Пока эпидемиологическая ситуация в Туркестанской области стабильная, блокпостов не установят. Об этом на брифинге в Региональной службе коммуникаций сообщил главный санитарный врач области Нурбек Нышанов. По его словам, в Туркестанской области отдельные граждане ...

Читать далее »

Шөкеев: үйді өздеріңіз тұратындай етіп салыңыздар!

Облыс Әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері тұтастай ашық түсті мәрмәр тас пен травертинмен қапталуда. Қарқыны үдей түскен құрылыс алаңдарын аралаған аймақ басшысы құрылысшылармен кездесті. Биыл пайдалануға берілетін көпқабатты үйлердің құрылыс барысын бақылап, құрылыс материалдарының сапасы мен жұмыс күшінің жеткіліктілігіне баса мән берген облыс басшысы жауапты жетекшілерге бірқатар тапсырмалар жүктеді. «Сапа – басты талап. Көпқабатты ...

Читать далее »

Түркістан қаласының аймағы ну орманға айналады

Қазірде шаһарда жалпы алаңы 101 га құрайтын 24 саябақ, алаң және аллеялар бар. Оның ішінде 70 га жуық аумаққа жайғасқан 13 нысанның құрылысы бір жылда бітті. Жалпы алаңы 30 гектардан асатын 3 нысанның құрылысы қарқынды жүруде. Солардың бірі – дендросаябақ. Қаладағы құрылыс жұмыстарының барысын бақылаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жасыл алаңдағы жұмыс барысымен танысты. Демалыс аймағындағы құрылысты көтеруге 400 адам ...

Читать далее »

Шымкентте «Ұлт үні» керуені шарасының іріктеу кезеңі өтті

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында саз колледжінде түрлі этнос өкілдері арасында «Ұлт үні» керуені шарасының іріктеу кезеңі өтті. «Ұлт үні» керуенінің мақсаты – татулықты нығайту арқылы Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Шәмші Қалдаяқов сынды қазақтың танымал тұлғаларының шығармаларын насихаттау, қазақ халқының өнерін танытуда этнос жастарына қолдау көрсету болып табылады. Жоба 2 кезеңнен тұрды: түрлі этнос өкілдері арасынан байқауға қатысушы ...

Читать далее »

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс XL конференциясы өтті

Конференцияда «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған 5 жылдық сайлауалды бағдарламасы ұсынылды. Бағдарламада Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ел экономикасын дамыту және пандемия салдарын жеңілдету арқылы қазақстандықтардың әл-ауқатын, тұрмыс – тіршілігін жақсартуға бағытталған тапсырмалары мен қаланың даму бағдарламасы негізінде жасалынып отыр. Сонымен қатар, праймеризде тұрғындардан келіп түскен 685 ұсыныстардың 98 пайызы орындалып, ал, 15 ұсыныс сайлауалды бағдарламаға қосымша ...

Читать далее »

Қаланың өндіріс қуатын арттыратын 14 жоба жыл соңына дейін іске қосылады

Шымкент қаласында дағдарысқа қарсы іс-шара аясында және өндірісті дамыту үшін 37,5 млрд.теңгеге 21 жоба іске асырылып, 802 жұмыс орнын құру жоспарланған болатын. Қазіргі таңда осы бағдарлама шеңберінде 6,3 млрд.теңгеге 7 жоба іске қосылып, 222 жаңа жұмыс орны құрылды. Жыл соңына дейін 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде қалада өндіріс қуатын арттыруға өз үлесін тигізеді. Бұл туралы ҚР ...

Читать далее »

Шымкентте инвестиция көлемі 10 айда 54,7 пайызға артты

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен онлайн форматта Үкімет отырысы өтті. Жиында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады. Қалада пандемияның экономикаға кері әсерін төмендету үшін дағдарысқа қарсы іс-шара жоспары бекітілген. Ағымдағы жылдың 10 айында бірқатар көрсеткіштердің өсіміне қол жеткізілді. Атап айтқанда, ауылшаруашылық өнім көлемі (30,8 млрд.теңге) 2,0 пайызға, инвестиция көлемі (223,2 млрд.теңге) 54,7 пайызға, ...

Читать далее »

Более 5 млрд тенге инвестировано в Ордабасинский район Туркестанской области

В текущем году в Ордабасинском районе Туркестанской области доход от реализации сельскохозяйственной продукции составил 43 млрд. 175 млн. По сравнению с аналогичным периодом прошлого года это больше на 5 млрд. 371 тыс. тенге, сообщает информационное агентство Xnews со ссылкой на пресс-службу акима Туркестанской области. Кроме того, за десять месяцев в сферу сельского хозяйства района было инвестировано более 5 миллиардов тенге. ...

Читать далее »

Ордабасы ауданында 43 млрд. теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген

Түркістан облысы Ордабасы ауданында ауылшаруашылығы саласындағы өнімнің табысы биыл 43 млрд. 175 млн. теңгені құрады, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 млрд. 371 мың теңгеге артты. Оған қоса он ай ішінде ауданның ауыл шаруашылығына 5 миллиард теңгеден астам инвестиция салынған. Бұл өткен жылға қарағанда 1,6 есеге көп. Егістік ...

Читать далее »

Өмірзақ Шөкеев: Бюджет қаржысы – бақылауда

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық аппарат жиналысында бюджет қаражатының игерілу барысы айтылды. Жергілікті бюджеттің тиімді орындалуы мен мемлекеттік активтердің мақсатты жұмсалуы облыс басшысының жіті бақылауында. Осы орайда отырыста бірқатар аудан әкімдері мен басқарма басшылары облыс әкімінің қатаң сынына ұшырады. «Бюджет қаржысын мақсатты игеру — басты назарда. Аталған қаржыларды Үкіметтен бөлдіру үшін қаншама уақыт пен күш жұмсалады. Ал ...

Читать далее »

Түркістан облысында мақтаның 90 пайызы терілді (видео)

Түркістан облысында биыл 125,8 мың га алқапқа мақта дақылы егілді. Қазіргі таңда терім науқанының 90 пайызы орындалып, 298,7 мың тонна шитті мақта жиналды, деп хабарлайды Xnews Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түсімділігі гектарынан 24,3 центнерді құрап отыр. Жалпы жиналған ақ алтынның тең жартысынан астамы 500-ге жуық комбайнның жұмылдырылуымен терілген. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев аймақтағы мақта терімінің ...

Читать далее »