ТҮРКІСТАНДА 200-ДЕН АСТАМ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК АЙМАҒЫ БАР — Xnews — ақпарат агенттігі

ТҮРКІСТАНДА 200-ДЕН АСТАМ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК АЙМАҒЫ БАР

Түркістан қаласындағы саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау және ішкі ирригациялық жүйелердің жай-күйі – басты назарда. Биыл қаланың 12,2 гектар аумағына биыл 15 мыңнан аса ағаш егіліп, 9000 шаршы метр аумаққа көгал төселді. 200 мың түп гүл отырғызылды. 380 гектар аумақта күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Облыс орталығында 400 гектар жерге орналасқан 248 саябақтар мен гүлзар, желілік бақ пен жасыл желекті демалыс аймақтары бар.
Демалыс аумақтары жарықтандырылып, көпжылдық және гүлді ағаштар егілген.
Әр саябақ заманауи, креативті әрі қайталасбас үлгіде салынған. Саттарханов көшесінің бойындағы «Желілік саябақтың» жер көлемі 20 гектардан асады. Мыңнан астам шаммен жарықтандырылған саябақ субұрқақ, орындықтар, 2 мыңнан астам кіші архитектуралық форма қойылған.
Одан бөлек, Әкімшілік іскерлік орталық аумағына «Гүлдер» саябағы мен Сейхун көшесінің аралығына гидрантты жүйемен қамту жобасы әзірленуде. Шаһардағы жалпы ирригациялық арықша көлемі — 22,5 шақырымға созылған. Қазіргі таңда аталған арықтардан секундына 100 литрге дейін су алынуда. Арыс-Түркістан каналынан бастау алатын ирригациялық арықтар қаланың орталығы мен бірнеше секторларды ағын сумен қамтиды.
Шаһардағы көгалды аумақтар гидрантты жүйемен және ирригациялық арықшалар арқылы суарылады. Гидрантты жүйемен суарылатын аумақтарда 6 кезеңдік құрылыс жұмысы жүзеге асырылған. Оның бүгінде төрт нысаны іске қосылып, екі жобаның құрылыс жұмысы әлі жалғасуда.
x

Check Also

Президент Жолдауын жүзеге асыру: екі жылда туризмге салынған инвестиция 2,2 трлн теңгеден асты

Туризмді дамыту және оның ұлттық экономикадағы рөлін нығайту сапалы жаңа кезеңге өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: ...

“Казахстан может догнать Европу“: тренер сборной высказался о стадионах

Новый главный тренер сборной Казахстана по футболу Джон ван ’т Шкип из Нидерландов оценил инфраструктуру в стране, передаёт Tengri Sport ...