Түркістан облысы — Страница 157 — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысы

Мақтааралға 5 жылда 100 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған

Мақтаарал ауданында 2018-2022 жылдар аралығында 102,1 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы көшпелі брифингте аудан басшысы Бақыт Асанов мәлімдеді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласы 5 жыл уақыт аралығында жалпы ішкі өнім көлемі 2 есе өсіп, былтыр 81 млрд. теңгеге жеткен. — Бес жыл уақыт ішінде ауданда ауқымды жұмыстар атқарылып, әлеуметтік-экономикалық даму оң қарқынды көрсетуде. Мәселен, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 76 ...

Читать далее »

Төрткүлдің «Ақ алтыны» шетелге экспортталады

Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевпен бірге Төрткүл ауылдық округіндегі мақта өңдеумен айналысатын «Рамазан Агро» және «Нұр Агро 73» ЖШС-не барып, өндіріс барысымен танысты. Мақта алқабын аралап, өнім өндірушілермен және зауыт басшылығымен салалық өндірістегі мәселелер бойынша пікірлесті. «Рамазан Агро» ЖШС мақтаның «Карло», «Эдесса», «АВ 440», «АВ 010», «Лазер» және «Линза» сияқты туркиялық 6 түрлі сортын егеді. ...

Читать далее »

Түркістан облысында халықаралық көше театрлары фестивалі өтеді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев айтты. Спикердің айтуынша, қыркүйек айының 27-28 күндері Түркістан қаласында облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен Халықаралық көше театрларының фестивалі өтеді. — Түркістан облысының бес жылдығына арналған фестиваль жасөспірімдер мен жастарды азаматтық-патриоттық бағытта тәрбиелеуге баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл шараны Қазақстанда ...

Читать далее »

Мақтааралда биыл тәулігіне 600 тонна мақта өңдейтін зауыт іске қосылады

Бүгін Мақтаарал ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер әуелі Азаттық ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысымен танысты. Аудандағы жалпы 69 елді мекеннің 67-сі орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Жаңажол және Азаттық елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары 2024 жылға өтпелі. Жалпы 2023 жылға аудандық бюджеттен 95 млн. теңге бөлініп, 9 елді мекеннің ауыз су жүйелеріне ағымдағы ...

Читать далее »

Түркістандық өнерпаздар Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті

Түркістандық өнерпаздар Корея еліндегі Вонджу қаласында өткен Халықаралық би фестиваліне қатысты. Іс-шара Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени алмасу жылы аясында өтті. Фестивальге Қазақстан атынан Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Би-Сұлтан» би ансамблі және Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі арнайы шақырту алды. Шығармашылық сапар барысында өнерпаздар «Дала рухы», «Өрлеу», «Ақбаян», “Көзімнің қарасы” қойылымдарына билеп, халықтың қошеметіне бөленді. ...

Читать далее »

Келесте «Жайлы мектеп» жобасы арқылы мектептердің құрылысы басталды

Келес ауданында «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 5 мектеп салынады. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовтың ауданға жасаған сапарында баяндалды. Ол ауданды аралау барысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында құрылысы жүріп жатқан мектептерге барды. Аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев басқарма төрағасына мектептердің құрылысына қатысты бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Сапар барысында алдымен Ақтөбе ауылдық округінің Ғани Мұратбаев елді мекеніндегі 600 орындық ...

Читать далее »

Сарыағашта «Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектептің құрылысы жүріп жатыр

Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 4 жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Тарқата айтсақ, бүгінде Сарыағаш қаласында 300 және 900 орындық мектептердің құрылыс жұмыстары басталды. Одан бөлек, Дербісек ауылдық округіндегі — Дербісек, Қызылжар ауылдық округіндегі — Жаскешу елді мекендерінде 900 орындық мектептердің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Осы орайда аудан әкімі Арман Абдуллаев пен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өкілі М.Айманбетов ...

Читать далее »

Түркістанда түркі әлемінің үздік дизайнерлері бас қосты

Түркістанда «Түркі әлемінің Этносәні» VI Халықаралық фестивалі басталды. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, ТҮРКСОЙ ұйымының бастамасымен, «Qazaq Oner» ұлттық ассоциациясы, «Open Travel Advisory» ЖШС, Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы және «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-нің ұйымдастыруымен өтіп жатқан фестивальге 9 елдің қолөнершілері мен дизайнерлері қатысуда. Этносән апталығы 20 қыркүйек күні Өзбекстанның Ферғана қаласында басталып, Түркістан қаласында жалғасын тапты. Түркі ...

Читать далее »

Түркістан облысындағы жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиналыс өтті

Келес ауданында жасөспірімдер арасында орын алған келіспеушілік бойынша Түркістан облысы ПД бірден оқиға орнына шығып, тиісті қызметтерін атқарды. Сонымен қатар ҚР ІІМ Е.Саденовтің тапсырмасымен мектептің мәжіліс залында ауқымды жиналыс өтті. Оған Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылығы, яғни Тергеу басқармасының бастығы Жандос Құлмахан, Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Асылхан Төреханов қатысты. Оған қоса облыс прокуратурасының өкілі, аудан әкімі, аудан прокуроры, адами ...

Читать далее »

Түркістан облысында қырықтағы батыр ана 11-ші баласын босанды

Биыл 20 қыркүйекте №1 облыстық перинаталдық орталықта 40 жастағы батыр ана дәрігерлердің көмегімен отасыз 11-ші баласын өмірге әкелді. Орталықтағы дәрігерлер, ана мен баланың жағдайы жақсы екенін айтады. Медицина мамандарының мәлімдеуінше, сарыағаштық Айнагүл 11-перзентін де отасыз өзі босанған. 40 жастағы әйелдер арасында мұндай жағдай сирек кездеседі дейді дәрігерлер. Айнагүлдің отбасында 5 ұлы мен 5 қызы күтіп отыр. Үлкені – 21жаста. 11-ші ...

Читать далее »

Түркістанда The Spirit of Turkistan заманауи этникалық концерт өтті

Түркістан төрінде Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен The Spirit of Turkistan атты заманауи этникалық концерт өтті. Концерт Jibek Joly/Silk Way телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді. «Керуен — сарай» кешенінің алыңында дәстүрлі және заманауи этникалық музыка жанрының ең көрнекті өкілдері өнер көрсетеді. Атап айтсақ, Hassak (Қазақстан), DJ Puza (Қазақстан), Tengri (Қазақстан), Kerekes Band (Венгрия), Avesto (Тәжікстан), Beeble (Италия), Kolektif Istanbul (Түркия), Abbos (Өзбекстан) ...

Читать далее »

ХІХ Жазғы Азия ойындарына Түркістан облысынан 27 спортшы қатысады

ХІХ Жазғы Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Осы аралықта 45 елден келген 15 мыңнан астам спортшы 40 спорт түрінен 481 медальді сарапқа салады. Азияның айтулы додасына Түркістан облысынан 27 спортшы қатысып отыр. Олардың қатарында еліміздің талантты боксшысы Сәкен Бибосынов пен Сағындық Тоғамбай, ал дзюдодан Дидар Хамза бар. Сонымен қатар, таеквондодан Нұрлан Мырзабаев пен ...

Читать далее »

ҚР Қаржылық мониториг агенттігінің делегациясы Қырғызстандағы кеңеске қатысты

2023 жылы 11-15 қыркүйек аралығында Қырғызстан Республикасы Шолпан-Ата қаласында ТМД елдерінің кеден қызметінің басшылары кеңесінің 23-отырысы өтті. Аталған отырысқа Түркістан облысы бойынша ЭТТД-нің басшысы Е.Т.Балғабаевтың төрағалығымен ҚР ҚМА-нің делегациясы қатысты. Кеңестерде кеден саласындағы экономикалық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз халықаралық айналымына қарсы күрес, ақпараттық-талдамалық өзара іс-қимыл және интернет желісіндегі құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл, ...

Читать далее »

Шардарада «Тәрбиелі жастар-Қауіпсіз қоғам» атты форум өтті

Шардара ауданында жастарға арналған форум өтті. Сервистік модель аясында өткізілген форумға аудан әкімі Қайрат Жолдыбай, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, аудан прокурорының орынбасары Сабит Нұрақым, аудандық полиция бөлімінің бастығы Шералы Әділханұлы және ауданның белсенді жастары мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Шара барысы әнұранмен бастау алып, түрлі сахналық қойылымдар мен патриоттық әндер шырқалды. Аталған ...

Читать далее »

Түркістанда халықаралық «The Spirit of Turkistan» этникалық музыка фестивалі өтеді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «The Spirit of Turkistan» халықаралық этникалық музыка фестиваль алаңының жетекшісі Аида Ақтанова хабарлады. – Биыл «The Spirit of Tengri» фестивалі 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Бүгінге дейін оған әлемнің 90-нан астам елінің музыканттары қатысты. Бұл шара Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасы ретінде Қазақстандағы ЮНЕСКО ұйымының қамқорлығымен ұйымдастырылды. Бастапқыда тек Алматыда өткізілген болса, ...

Читать далее »

Кентауда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Кентау қаласында 2023 жылы мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы аясында 14,6 шақырымды құрайтын 21 көшеге орташа жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда қаладағы Ш.Құдайбергенов, И.Тайманов, Камалов, Көктерек, Әзірбаев, Геологическое, Құрманғазы-2, Тынышбаев, Мұратбаев-2, 66 квартал, М.Өтемісұлы, Қажымұқан, Ш.Айманов көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал қалған 6,6 шақырымды құрайтын 7 көшенің құрылыс жұмыстары жалғасуда. Аталған жұмыстар қазан айының 20 жұлдызына дейін толық аяқталатын ...

Читать далее »

Арыста «Әжелер алқасының» 10 жылдық мерейтойы аталып өтті

Арыста «Әжелер алқасының» 10 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Салтанатты шара қаламыздағы Ардагерлер орталығы алдындағы саябақта ұлттық құндылығымызды жаңғыртатын көрмеден басталып, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер көрсетілді. Көрмені тамашалауға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Раманқұлов, Арыс қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл және қала ардагерлері қатысты. Көрмеге қалалық «Ардагерлер ...

Читать далее »

Жетісайда жастар форумы өтті

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылық алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы орайда Түркістан облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың тапсырмасы негізінде Жетісай ауданы әкімдігі мен аудандық полиция бөлімінің, аудан прокуратурасы мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Қауіпсіз қоғамдағы жастардың келбеті» атты аудандық жастар форумы ...

Читать далее »

Жолдауда өте көп түйткілді мәселелер қозғалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына өзінің кезекті жолдауын жариялады. Еліміз үшін маңызды оқиғалардың бірін университет ұжымымен бірге тыңдадық. Әсіресе, Президенттің өнеркәсіптік өндірісті, ауылшаруашылығы саласын, энергия және су ресурстарын үнемдеу, цифрландыруды дамыту және экономикалық, әлеуметтік және демографиялық ахуалды реттеуге арналған тапсырмалары өте өзекті. Осы Жолдауда Президент ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор болғанымен, оны тиісті түрде пайдаланбай жатқанымызды атап өтті. ...

Читать далее »

Жолдау Жаңа Қазақстанның басты бағыты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жариялаған Жолдауында су мәселесі бірнеше рет көтереліп, су сапасы мен қолжетімділігі баса айтылды. Су ресурсы – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұрғандығын, жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше ...

Читать далее »
Яндекс.Погода