ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ «109» НӨМІРІНЕ 200 МЫҢНАН АСА ҚОҢЫРАУ ТҮСКЕН — Xnews — ақпарат агенттігі

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ «109» НӨМІРІНЕ 200 МЫҢНАН АСА ҚОҢЫРАУ ТҮСКЕН

Түркістанда 109-Бірыңғай байланыс орталығына түсетін қоңыраулар саны күн сайын артуда.
Түркістан қаласында тұрғындардан келген өтініштерді шешу мақсатында 2020 жылы 109-Бірыңғай байланыс орталығы іске қосылған болатын. Бүгінгі күнге дейін орталық қызметкерлері 200 мыңға жуық қоңырауларды қабылдаған.
Мамандардың айтуынша қазіргі уақытта өтініштердің 80 пайызы бірінші қоңыраудан-ақ шешімін табады.
Байланыс орталығы қызметінің негізгі бағыттары — тұрғындардың өтінішін қабылдау, мәселелерін шешу кезінде коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіру, өтініштерді өңдеу.
Орталыққа келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, әрі қарай мәселені белгіленген мерзімде шешу үшін мемлекеттік органдарға, коммуналдық қызметтерге жолданады. Сонымен қатар,мамандар қоңырау қабылдау кезінде өтініш берушіге қатысты барлық ақпаратты арнайы жүйеге енгізеді.
Операторлардың қызметі күндізгі және түнгі аусыммен жүреді. Сондай-ақ, мамандар арнайы курстан өтеді. Қазіргі уақытта байланыс орталықта 12 оператор тұрақты түрде жұмыс атқаруда.
Бұдан бөлек, 109 бірыңғай байланыс орталығы халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіретін бірқатар кемшіліктерді жоюға үлесін қосуда. Мамандар тұрғындардың өтініштерін «109» қысқа нөмірі арқылы және Instagram (@turkistan109), Telegram (Turkistan 109), WhatsApp (87071093109), Facebook (Turkistan Bailanys Ortalygy) парақшалары және «Amazing Turkistan» қосымшасы арқылы қабылдайды.
Айта кетейік,жыл басынан бері орталыққа 85483 өтінім түскен. Оның 81422 өтінім уақытылы орындалып, 377 өтінім жұмыс барысында.
Тұрғындардан түскен әр өтініштері мен сауалдары қараусыз қалмайды.
x

Check Also

Еңбек құқықтарын қорғау – Конституция кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты маңызды құқықтық ұстанымын білдірді. Атап айтқанда, 2026 жылғы 8 маусымдағы ...

В День знаний в Туркестанской области введены в эксплуатацию 9 новых школ и пристроек

В Туркестанской области в День знаний введены в эксплуатацию новые школы. Одна из них открылась в Казыгуртском районе Туркестанской области. ...