ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ЗАМАНАУИ ЖЕЛІГЕ АУЫСТЫРУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ — Xnews — ақпарат агенттігі

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ЗАМАНАУИ ЖЕЛІГЕ АУЫСТЫРУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ЗАМАНАУИ ЖЕЛІГЕ АУЫСТЫРУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан қаласының негізгі орталық көшелерінде орналасқан электр желілерін кабельдік желіге ауыстыру бойынша 4 нысанның құрылысы жүргізілуде.
Атап айтқанда, бірінші нысан С.Қожанов пен Байбұрт көшелері аралығындағы құрылыс толық аяқталып, 10 кВ-ты 10,3 шақырым және 0,4 кВ-ты 11, 6 шақырым желі жүргізілді. Қазірде абоненттер жарықпен толық қамтылған.
Екінші, Б. Саттарханов даңғылы мен Кенесары көшесі бойынша , 10 кВ-ты 8, 4 шақырым, сонымен бірге, 0,4 кВ-ты 15, 7 шақырым электр желісі құрылысының 90% жұмысы біткен.
Одан бөлек, Әл-Фараби, Ататүрік, С. Ерубаев көшелерінде салынып жатқан 10кВ-ты 8,3 шақырым және 0,4 кВ-ты 61, 7 шақырым заманауи электр желілерінің құрылысы аяқталуға жақын.
Және де Тәуке Хан даңғылы, Қазыбек би, М. Абеновa, Төле би, Н. Төреқұлов, Н. Тынышқұлов көшелері бойында 10 кВ-ты 29, 7 шақырым, сонымен бірге, 0,4 кВ-ты 30, 7 шақырым электр желісінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.
x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...