Түркістан облысы

Келесте 8 сынып оқушысы тұрмыстық қалдықтардан архитектуралық нысандар жасайды

Келес ауданына қарасты №10 «Игілік» жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Қалдар Мейрамбек тұрмыстық қалдықтардан макет құрастырып, түрлі архитектуралық нысандарды жасауды әдетке айналдырған. Ол бала күнінен бастап желімдеу, жапсыру, құрастыру өнеріне қызыққан. Бүгінде түрлі дизайндағы қала сәулетін, тарихи кесенелермен ауыл макеттерін өз қолымен құрастыра алады. — Макет құрастыру, жапсыру, желімдеу техникасымен 6 сыныптан айналыса бастадым. Әр бөлшекті шын көңілмен ...

Читать далее »

Жетісай ауданында жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті

Жетісайда еркін күрестен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті. Аудандық ішкі істер басқармасының бастығы қызметін атқарған полиция полковнигі, Жетісай және Мақтаарал аудандарының құрметті азаматы Әбдіғаппар Серікбаевты еске алуға арналған сайыс Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен «Жастар» спорт клубы ұйымдастырып отыр. ...

Читать далее »

Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық кеңес өтуде

Облыс орталығында Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сондай-ақ, «TURKISTAN INVEST» ЖШС ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның сараптамалық кеңесі өтуде. Екі күнге созылған отырыс сараптамалық кеңес форматында жалғасуда. Сонымен қатар сараптамалық кеңеске Қазақстан және Ресей үкіметінің өкілдері қатысуда. Аталған шарада екіжақты экономикалық, ынтымақтастық, сауда және байланыс туралы келіссөздер жүргізіледі деп күтілуде. Екі ел арасындағы ...

Читать далее »

Түркістандық спортшылар Азия Пара Ойындарында 4 медаль олжалады

Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия Параойындары өтті. Айтулы бәсекеге Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Түркістан облысының 5 спортшысы қатысып, еліміздің қоржынына 3 күміс, 1 қола медаль салды. Бүгін жүлдегерлерді туған елде қарсы алу салтанатты шарасы өтті. Еліміздің ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының 4 бірдей су спортының шеберлері елге оралды. Олардың қатарында параканоэшілер Бибарыс Спатай, Жалғас Тайкенов, Жаңыл Балтабаева және ...

Читать далее »

Төлеби ауданындағы саябақ аумағына 1200 көшет отырғызылды

Елді мекендердегі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, аудан аумағында бір ай бойы сенбілік өткізу жоспарланған. Жоспарға сәйкес, 12 ауылдық округ, 1 қала территориясында тұрғындар мен еріктілердің қатысуымен тазалық шарасы өтті. Аудан әкімі Төлеген Телғараевтың тапсырмасына сәйкес, аудан орталығындағы «Төлеби саябағы» аумағын көркейту, көгаландыру мақсатында 3800 ағаш егу қолға алынды. Абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін 30 секторға бөлінген. ...

Читать далее »

Кентауда Kенесары қасымұлына арналған ескерткіш тақта қойылды

Кентау қаласы Қарнақ ауылындағы орталық алаңға қазақ тарихындағы соңғы хан саналатын Кенесары Қасымұлына арналған ескерткіш тақтайша қойылды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев, қалалық мәслихаттың төрағасы Қабылан Елеусізов қатысып, игі шараның маңыздылығы жайында атап өтті. Салтанатты шараға Кенесары Қасымұлының ұрпақтары Барзу Кенесары, Болат Смалпов келіп, игі шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Тарихқа сүйенсек, Қарнақ қалашығындағы ...

Читать далее »

Түркістанда табиғатты қорғау бағытында ғылыми конференция өтті

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік паркінің 10 жылдығына орай ғылыми жұмыстарының нәтижелері» атты ғылыми конференция өтті. Конференцияға «Сырдария-Түркістан МӨТП» КММ Туризм рекреация және экоағарту бөлімінің меңгерушісі А.Тажиева, «Сырдария-Түркістан МӨТП» КММ Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің меңгерушісі Н.Төре, Өңірлік табиғи парктің еңбек ардагері Е.Төлеміс, Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры Б.Мошқалов және тағы басқа ғалымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. ...

Читать далее »

Түркістанда этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында семинар өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастардың және әлеуметтік желі пайдаланушыларының этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті. Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Керімбек Мырзабаев модераторлық етті. Семинарға облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары мен жастар ұйымдарының өкілдері, облыстық қоғамдық даму басқармасы ...

Читать далее »

Түркістан облысының диқаны жазда егістікті суармай-ақ қауын өсірді

Түркістан облысының шаруалары қауын өсіруде тың тәсілді пайдалана бастады. Яғни, егістікті суармай-ақ, мол өнім жинауға болатынын көрсетті. Оңтүстіктегі 45-50 градус ыстықта бір тамшы су ішпеген қауындар дәмді әрі үлкен болып өскен. Шаруалардың сөзінше, ауыл шаруашылығындағы бұл тәсілді ата-бабаларымыз бұрын да қолданған. – Жылдан-жылға ағын су мәселесі күрделеніп келеді. Сондықтан бұрынғы ата-бабаларымыздың үйреткен тәжірибесін жасап көруге бел будым. Көктемнің алғашқы айларында ...

Читать далее »

Кентауда құс цехы іске қосылды

Елімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында көптеген бағдарлама жүзеге асырылып отыр. Соның бірі «Ауыл аманаты» аясында Кентау қаласы, Қарнақ ауылында «Тажиддин ата» АӨК өз жұмысын бастады. Қала әкімі Жандос Тасов цехқа барып, жұмыс барысымен танысты. Аталған цехта құс еті өндірілмек. – Қазіргі таңда цехқа құстың бройлер росс-308 деп аталатын түрі әкелінді. Енді оны 42 күн баптап, өсіріп, үлкендерін етке айналдырамыз. ...

Читать далее »

Түркістанда әлеуметтік сала бойынша іс-шаралар легі басталды

Бүгін Түркістанда Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған іс-шаралар легі басталды. Сондай-ақ қазан айының екінші жексенбісіне белгіленген «Мүгедектігі бар адамдар күні» де қоса атап өтілуде. Алдымен Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Qamqorlyq» жанұя орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «ІСКЕР АНА» кәсіпкер әйелдер әзірлеген өнімдер жәрмеңкесі өтті. Ерекше жиынға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының ...

Читать далее »

Tүркістандық балуан Асылжан Есенгелді – Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Албания елінің Тирана қаласында еркін күрестен U23 жасқа дейінгі ересектер арасында өткен әлем чемпионаты аяқталды. Тартысты сында 61 келі салмақта Қазақстан ұлттық құрамының талантты балуаны, Түркістан облысының спортшысы Асылжан Есенгелді күміс жүлдегер атанды. Балуанды Түркістан халықаралық әуежайынан спорт жанашырлары мен туған-туыстары, жаттықтырушылары құшақ жая қарсы алды. Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов жүлдегер спортшымен кездесіп, құрмет көрсетті. Басқосуда аппарат ...

Читать далее »

Мақтааралда 9 елдімекенге табиғи газ беру жұмыстары басталды

Мақтаарал ауданы, Иіржар ауылдық округіне қарасты 9 елдімекенге табиғи газ беру жұмыстары басталды. Күні кеше аталған округке қарасты Шапағат елдімекеніне газ беріліп, ауыл тұрғындары бұл хабарды үлкен қуанышпен қабыл алды. Аудан әкімі міндетін атқарушы Бейсенбай Төребеков ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісіп, жыл соңына дейін қалған 8 елдімекенге кезең-кезеңімен газ берілетінін жеткізді. Иіржар ауылдық округіне қарасты Алаш, Наурыз, Азамат, Диқан, С.Рахимов, Шапағат, ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды тұрғындарды қабылдап, өтініштерін тыңдады

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізіп, мәселелерін тыңдады. Кездесуге облыстың түкпір-түкпірінен 10 тұрғын жазылған. Олар түрлі бағыттағы ұсыныстары мен өтініштерін айтты. Өңір басшысы әрбір тұрғынды мұқият тыңдап, мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Тұрғындардың бірқатары еңбек заңдылығының сақталмауына, құқықтарының бұзылғанына байланысты шағымданған. Сонымен бірге жұмысқа орналастыру жөнінде өтініштер тыңдалды. Мәселен, Түркістандағы бір мектеп пен балабақшада ...

Читать далее »

Жолдауға қолдау-2023: Eрекше серпін берді

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты маңызды құжатта осыған дейін жүзеге асқан жұмыстар қорытындыланып, алдағы жаңа мақсат-міндеттер нақтыланды. Жолдау көптің көңілінде жүрген ойларға қозғау салды. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мысалы, 2020 жылдан бері ...

Читать далее »

«Ұлттық қор – балаларға»: жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі ...

Читать далее »

Алаяқтардан жер учаскесін сатып алып, оған автотұрақ салған

Түркістан әкімдігінің қызметкерлері жер телімдеріне қатысты күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР ІІМ Бақытжан Базарбектің депутаттық салуына жауап ретінде хабарлады. Депутат неге ашуланды. Бұған дейін мәжілісмен өз үндеуінде Түркістандағы резонанстық жағдай туралы айтқан болатын. Онда «алаяқтар әкімдікке жер учаскесін жалған сенімхат бойынша сатты. Бірақ соттың шешіміне қарамастан құқық қорғау органдары бұл мәміленің мән-жайын зерттеген жоқ» деді. «Алаяқтар Түркістандағы кәсіпкердің жері мен ...

Читать далее »

Нарушителей прав потребителей будут штрафовать

Предпринимателям, нарушившим права потребителей в Туркестанской области, за 9 месяцев наложено штрафов на сумму более 155 тыс. тенге, потребителям возвращено более 30,8 млн. тенге. Рынок торговли нашей страны требует высокого качества товаров и услуг. Это подтверждают жалобы потребителей. Большую часть из них составляют жалобы на некачественные товары и плохое обслуживание в розничной торговле, сфере бытовых услуг и в сетях интернет-магазинов. ...

Читать далее »

Тұтынушы құқығын бұзғандарға айыппұл салынады

Түркістан облысындағы тұтынушылардың құқықтарын бұзған кәсіпкерлерге 9 айда 155 мың теңгеден аса айыппұл салынып, тұтынушыларға 30,8 млн. теңгеден астам қаражат қайтарылды. Еліміздің сауда нарығы тауарлар мен қызмет көрсетудің жоғары сапасын талап етеді. Мұны тұтынушылардың шағымдары дәлелдейді. Олардың басым бөлігі бөлшек саудадағы, тұрмыстық қызмет көрсетудегі және онлайн сауда желісіндегі сапасы төмен тауарлар мен мардымсыз қызмет көрсету бойынша шағымдар. Тұтынушыларды жосықсыз кәсіпкерлер ...

Читать далее »

«Қайырымдылық керуені» VI Республикалық байқауы басталды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Инара Намазбаева хабарлады. – Елімізде «Қайырымдылық керуені» VI республикалық байқауы басталды. Алтыншы рет өткізіліп отырған байқаудың мақсаты – қайырымдылық жасайтын, көмекке қол ұшын созатын жандарды анықтау және мейірімділік пен гуманизм сынды адамгершілік құндылықтарды нығайту. Байқау жыл сайын Қазақстанның дамуына үлес қосқан батыл, қамқор жандарды, меценаттар ...

Читать далее »