Музей — тарих айнасы — Xnews — ақпарат агенттігі

Музей — тарих айнасы

18 мамыр — халықаралық музей күніне орай «Музей – тарих айнасы» атты іс-шара ұйымдастырылды. Шараға облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысып, сала қызметкерлерін құттықтады.

– Музей мәдениеттің айнасы іспетті. Өйткені кез келген елдің тарихын білу үшін ол елдің музейіне бару жеткілікті. Сондықтан музей қызметкерлері үнемі ізденіс үстінде жүрулері керек. Түрлі көрмелерге қатысып, білім алып, тәжірибе арттыру маңызды. Әріптестер, төл мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға амандық, өздеріңізге шығармашылық ізденіс, кәсіби даму тілеймін, – деген басқарма басшысы бірқатар музей қызметкерлеріне алғыс хат табыстады.

Шара барысында облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып, өңірде этносаралық татулық пен келісімді сақтауға және мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсене қатысқаны үшін орталықтың бір топ қызметкері облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Күні бойы жалғасқан шарада «Облыстық жас туристер стансасы» КММ-нің үйірме жетекшілері мен шәкірттері өнер көрсетті. Сондай-ақ, саурандық өнерпаздармен қатар, Түркістан қалалық Мәдениет үйінің әншілері көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Орталыққа қарасты музей филиалдары да шараға атсалысып, көрме жасақтады.

Айта кетейік, атаулы күнге орай іс-шаралар екі күнге жоспарланған. Музейде «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, сол күні келушілерге тегін қызмет көрсетілді. Сондай-ақ, «Музей түнінде» келушілермен бірге қызықты ойындар ойнатылды. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталып, экскурсоводтар орталық жұмысын таныстырды.

Дереккез: «Ontustik Qazaqstan» газеті 

x

Check Also

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы футбол мектеп-интернаты ашылды

Түркістанда балалар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына және футболдан кәсіби шеберлігін шыңдауына мүмкіндік беретін Бекзат Саттарханов атындағы футбол мектеп-интернаты пайдалануға ...

Түркістанда жаңа 540 орындық мектеп оқушыларға есігін ашты

«Білім күні» мерекесінде түркістандық оқушылар және педагогтар үшін жағымды жаңалықпен басталды. Мереке күні қаладағы Қазыбек би атындағы №14 жалпы білім ...