Түркістанда кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 50%-ға жетті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 50%-ға жетті

Облыс орталығында тұрғындар жайлылығы үшін инфрақұрылым жүйесімен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың көрсеткішіне сүйенер болсақ, қалада орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 32,2 пайызды (13 601 абонент) құраған болатын.

Жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 4 нысанның құрылысы аяқталып, кәріз жүйесімен қамтылған абонент саны- 20 274-ке артты. Бұл қала аумағының- 48,9 пайызын құрайды.

Жалпы, Түркістан қаласында 27 КНС және сарқынды су тазалау ғимараты /КОС/ жұмыс істейді. Ал, сарқынды су желісі — 127,25 шақырым, оның ішінде – магистральдық – 39 шқ, көшедегі желілер – 40 шқ, ішкі орамдағы және ішкі ауладағы желілер – 48,2 шақырымға созылған.

Бүгінде облыс орталығында жоспарланған кәріз жүйесі жобаларының құрылысы жалғасуда.

Атап айтқанда, «Бекзат» мөлтек ауданында 118 көшені қамтамасыз ететін жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын кәріз жүйесінің құрылысы, Иассы шағын ауданының «Ыждыхат» тұрғын үй алабы орамішілік кәріз желілері құрылысы, Тұран тұрғын үй массивін сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы (2-кезек), сондай-ақ, 12 нысанда кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде.

Одан бөлек, қосымша 3 нысан құрылысы республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Олар: Баянауыл шағын ауданындағы кәріз жүйелерінің құрылысы, №14 пен №15 КНС аралығындағы сарқынды су жүйесінің құрылысы, Иассы шағын ауданы, Бірлік тұрғын үй массивін кәріз жүйелерінің құрылысы (2-кезек).

Аталған жобалар толықтай іске асырылғанда шаһар аумағын кәріз жүйесімен қамту 80 пайызға жетеді деп жоспарланған.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...