Түркістан облысы — Страница 104 — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысы

Ел бойынша ең көп мектеп Түркістан облысында

Бұл ақпаратты Түркістан облысы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетов брифингте мәлім етті. Иә, міне жазғы каникул да өте шықты. Санаулы күндерде елімізде жаңа оқу жылы басталып, мектептерде қоңырау сыңғыры қайта естілер күн таяу. Осы ретте жаңа оқу жылына дайындықтың жайы қалай? Мектептерге жөндеу жұмыстары жасалып, оқушыларды қабылдауға даяр ма? Осы және өзге сауалдардың жауабын білмекке облыстың бас мұғалімінің ...

Читать далее »

Ордабасылық ұстаз Pеспубликалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Астана қаласында Республикалық “Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт” жобасы аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы білім академиясы ұйымдастырған “Үздік оқырман” республикалық мұғалімдер байқауы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Жарысқа Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар ауылына қарасты Д.Қонаев атындағы мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әлия Өтебек қатысып, жүлделі І орынды жеңіп алды. Қатысушылар арасынан ...

Читать далее »

«Өнерлі өлке»: Түркістан қаласының мәдениет күндері өз мәресіне жетті

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Түркістан қаласының мәдениет күндері қорытындыланды. «Керуен сарай» туристік кешенінде өткен гала-концертке қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысып, сахна төрінде жұртшылыққа жылы лебізін білдірді. – Биыл Түркістан – түркі мемлекеттерінің туризм астанасы мәртебесін иеленді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түркі өркениетін жаңғыртуды Түркістанды әлемге танытудан бастау керек деп, көне шаһарға ерекше мән беріп келеді. Қаламыз алдағы уақытта ...

Читать далее »

Түркістан: Жекеменшік мектеп басшыларымен өзекті мәселелер талқыланды

Түркістан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен тамыз кеңесі аясындағы жекеменшік білім беру ұйымдарының басшыларына арналған секция жұмысы өтті. Секция жұмысын басқарма басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова ашып берді. Жиынға Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы Жанар Қасымова, Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысының Полиция департаментінің экстремизмге қарсы басқарма басшысы Қуанышбай Төлегенұлы, Облыстық білім беруді ...

Читать далее »

Депутаттардың игі ісі

«Қайырлы істің қайырымы мол» демекші, бүгін облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішовтың бастамасымен мәслихат депутаттары Отырар ауданында тұратын көп балалы Әлімбековтар отбасына 4 бөлмелі үйді сатып алып берді. ​ Үйді арнайы табыстауға облыстық мәслихат депутаттары А.Салимов, Е.Хандиллаев және Отырар ауданының әкімі Қ.Жолдыбай келіп, кілтті табыстады. ​ Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаты А.Салимов сөз сөйлеп, үйлі болу – әр отбасы үшін үлкен мереке ...

Читать далее »

Сауранда өңірдің бас имамы кездесу өткізді

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ержан Төлепов кездесу өткізді. Жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Бахытжан Полатов ашып, жүргізіп отырды. Кездесуге ауданның бас имамы Бауыржан Акауов, дін өкілдері қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ержан Сматұлы бүгінгі таңда Түркістан облысындағы діни ахуал ...

Читать далее »

«Тау самалында» республика жастарының саяси лагері ашылды

Бүгін Түркістан облысы Төлеби ауданындағы «Тау самалы» демалыс аймағында «AMANAT» партиясының жыл сайынғы республикалық жастар саяси лагері өз жұмысын бастады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Партия жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен өтіп жатқан ауқымды шараға республикалық мәртебесі бар 3 қала мен 17 өңірден 300-ден астам делегаттар қосылды. Делегаттар 4 күнге созылатын шарада «Bir ...

Читать далее »

Білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды

Түркістан облыстық мәслихатында өңірдегі білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы жөнінде арнайы отырыс өтті. Жиынды Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов жүргізіп отырды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев, тиісті басқарма басшылары, облыстық мәслихат депутаттары М.Тұрысбеков, А.Салимов, Б.Байғараев, Ғ.Елшібай, Т.Қаржауов, И.Намазбаева, Ғ.Райымбеков, Б.Серманизов, Ж.Сүлейменов, Х.Әшірбеков, БАҚ өкілдері қатысты. Мақсат – білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы мен осы саладағы өзекті ...

Читать далее »

Түркістан облысының Әділет департаменті 6 айда 1000-нан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев мәлімдеді. «Әділет департаменті 2024 жылдың І жарты жылдығында азаматтарға 1 048 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Одан бөлек, облыс көлемінде жалпы 576 заңды тұлғалар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілген. Алты айда департаментке нотариустардың іс-әрекеттеріне қатысты 54 арыз-шағым түсіп, 2 нотариустың қызметі мен 1 адвокаттың лицензиясы тоқтаған. Бұдан бөлек, ...

Читать далее »

Келес ауданында “Мектепке жол” акциясы аясында автодүкен ұйымдастырылды

Келес ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Мектепке жол” республикалық акциясы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Онда мектеп оқу-құралдарын төмендетілген бағамен сату мақсатында автодүкен қызметі ұйымдастырылды. Автодүкеннің мақсаты — кәсіпкерлермен бірлесе отырып шалғайдағы ауылдық елдімекен тұрғындарына төмендетілген бағамен мектепке қажетті құрал-жабдықтарды ұсыну. Мұндай шара өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Автодүкен Келес ауданының шалғайдағы 6 ауылдық ...

Читать далее »

Созақта «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті

Созақ ауданында «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті. Шараға жергілікті кәсіпкерлер кеңсе құралдары мен балалардың мектеп киімдерін қолжетімді бағада ұсынды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаты Мағауия Тұрысбековтің демеушілігімен көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 20 балаға 50 мың теңгеден қаржылай көмек табысталды. Жалпы биыл аудандағы атаулы әлеуметтік көмек ...

Читать далее »

Түркістан облысына ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі іссапармен келді

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Тимур Сұлтанғазиев облысқа жасаған сапары барысында өңірдегі медициналық ұйымдарды аралап, алқа отырысын өткізді. Мәжілісте вице министр ана мен бала денсаулығын қорғау, тыныс алу, ас қорыту ағзалары және нерв жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіштеріне тоқталып,  медициналық көмектің сапасын жақсарту  жайын алға тартты. Сондай-ақ арыз шағымдарға талдау жасалды. Жиында Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Асхан ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды «Жайлы мектеп» мердігерлерінің жұмысын сынға алып, ескерту жасады

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 үш жыл ішінде кемі 50 мың оқушы үшін 63 мектеп салу жоспарланған. Өңірде жыл соңына дейін пайдалануға берілетін 29 мектептің құрылысы жүріп жатыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Абаттандыру және жолдардың құрылыстары да дер кезінде аяқталуы тиіс. Білім нысандарының құрылысында орын алып отырған проблемаларды талқылап, шешім ...

Читать далее »

Түркістан қаласының мәдениет күндері басталды

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан қаласының мәдени күндері басталды. Мерекелік шараға Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысып, тамашалады. Этноауыл аумағында Түркістан қаласының өнерпаздары ұмыт болып бара жатқан көне ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сахналап, ақ кимешек киген әжелер тобы «Ауылдың алты ауызын» шырқады. «Яссы» халықтық этнофольклорлық ансамблі күйден шашу шашып, «Яссы» би ансамблінің концерті көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, ...

Читать далее »

Облыстық кітапханада Президент мақаласы насихатталды

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» тақырыбындағы мақаласын насихаттау мақсатында ғалымдар басқосуы өтті. Жиынға тарих ғылымдарының докторы, профессор Хазретәлі Тұрсын, филология ғылымдарының докторы, профессор – Сейдулла Садықов, тарих ғылымдарының кандидаты – Баян Адырбек, композитор, профессор – Бекжігіт Сердәлі, доцент, Түркістан облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы – Гүлсара ...

Читать далее »

Түркістан халықаралық әуежайы 1 млн 200 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсеткен

Түркістан халықаралық әуежайы 2020 жылдың 1 желтоқсаны іске қосылған күннен бастап қазіргі таңға дейін 1 204 351 жолаушыға қызмет көрсеткен,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Ал, 2024 жылдың 7 айында әуежай арқылы 166 мың жолаушы қатынаған. Оның ішінде халықаралық рейстерде – 45,7 мың жолаушы, ішкі рейстерде – 120,6 мың жолаушы. Қазіргі уақытта Түркістан халықаралық ...

Читать далее »

Түркістанда халықаралық әуе рейсінің саны артады (видео)

Түркістан халықаралық әуежайы ашылған 3 жарым жылдың ішінде 1 млн 200 мың жолаушыға қызмет көрсеткен. Оның 570 мыңы әуежайдан ұшып кетсе, 630 мың жолаушы Түркістанға ұшып келген. Ал биыл жыл басынан бері 180 мың жолаушы әуежай қызметін пайдаланыпты. Оның 50 мыңнан астамы халықаралық бағыттағы рейс жолаушылары. Бүгінгі күні мұнда Кувейт, Абу Даби және Стамбул қалаларына 3 халықаралық рейс қатынайды. Одан ...

Читать далее »

Түркістан облысында оңалту орталықтары салынып жатыр

Түркістан облысында 99 296 мүгедектігі бар адам есепте тұр. Оның ішінде 84 206 адам 18 жастан асқандар, 15 020 адам мүмкіндігі шектеулі балалар. Түркістан облысында әлеуметтік қорғау саласында стационарлық және жартылай стационарлық жағдайлардағы арнаулы әлеуметтік қызметтер түрлерін алуға құқылы 34 370 мүгедектігі бар адам тіркеуге алынған. Солардың 1349 адамы жыл басынан бері аталған қызмет түрлерімен қамтылған,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы ...

Читать далее »

«Өнерлі өлке»: Түркістан қаласының мәдениет күндері басталды

Бүгін «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан қаласының мәдени күндері басталды. Мерекелік шараға Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысып, тамашалады. Этноауыл аумағында Түркістан қаласының өнерпаздары ұмыт болып бара жатқан көне ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сахналап, ақ кимешек киген әжелер тобы «Ауылдың алты ауызын» шырқады. «Яссы» халықтық этнофольклорлық ансамблі күйден шашу шашып, «Яссы» би ансамблінің концерті көпшілік назарына ұсынылды. ...

Читать далее »

Сауранда тұрақты жұмысшы топтың отырысы өтті

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен аудан және оған қарасты ауылдық округтерде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және әлеуметтік нысандар мен көлік инфрақұрылымының бейімделуі жөніндегі тұрақты жұмысшы тобының отырысы өтті. Жиынға тұрақты жұмысшы топ мүшелері, ауылдық округ әкімдері және тиісті бөлімдер қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиналыстың күн тәртібінде «АMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» ...

Читать далее »
Яндекс.Погода